Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы


,14 - тақырыптар: Диапазондық жаттығуларды меңгеру. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс



бет13/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#79390
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
Хор жүргізу кітабы

13,14 - тақырыптар: Диапазондық жаттығуларды меңгеру. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.
Жоспар:

  1. Диапазондық жаттығуларды меңгеру.

  2. Шығарманың қиын фразаларымен жұмыс.

  3. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудегі 3 фаза.

Көп дауысты хор шығармаларын орындату кезінде оларды әрбір дауысты анық естуге, дыбыстарды үлгеріп айтуға және тыныс алуды қадағалауға назар аудару керектігін ескертіп отыру қажет. Көп дауысты шығармалар студенттердің ішкі есту қабілетін дамуына жағдай септігін тигізеді және де сауаттылыққа жауапкершілікке дағдыландырады.
Дирижер шығармалармен толық танысудан бастайды. Ауызша түсіндіргеннен кейін аспапта ойнап көрсетіп және әр партиямен жеке-жеке жұмыс жасау керек. Хорды екі бөлікке бөледі. Әр партияларынан жұмыс істеу сольфетжио мен басталады. Сольфетжиосы автоматты орындау тәсілмен көшкенге дейін шығарманың бастапқы уақытынан бастап, тыныс алу динамика фразеровка, ансамбль, строй тағы сол сияқты элементтерді жасап алу қажет. Сольфеджиомен айтқаннан кейін сөзімен үйрену кезеңімен жалғасады. Шығарманы сөзімен дайындау кезінде жоғары айтылған элементтермен қоса дикция, артекуляция, кульминация тағы сол сияқты элементтер қамтылады. Шығарманың көркемдік бейнесін ашу ең негізгілері болып саналады. Дирижер автордың айтайын деген ойын жеткізуге шығармалардың мазмұнын ашуына көп көңіл бөлуі қажет. Шығармалардың қиын бөліктерімен жұмыс қосымша уақыт немесе жіктелу арқылы жасалады.
Жаңа материалмен жұмыс жасау күрделі, көп сатылы үрдіс болып табылады. Оны 3 кезеңге бөліп қарастырамыз: техникалық, көркемдік және қорытынды кезең. Әрқайсыларының өзіндік мақсат­‑міндеттері, спецификалық ерекшеліктері бар.
1) Бірінші, яғни техникалық кезең өз ішінде үш фазаны біріктіреді. Оның ең алғашқысы шығарманы талдауға негізделеді. Ол дегеніміз берілген шығарманы бірнеше бөлімдерге жіктей отырып, әрбір партиямен жекелей және тұтас хормен жұмыс жасау. Осы жөнінде П.Г.Чесноков мынадай ескерту жасайды: “Бір партиямен ұзақ уақыт бойы жұмыс жасау дұрыс емес, өйткені қалған партиялардағы оқушылардың зейіні аутқып, шашарап кетуі мүмкін. Сондықтан да дирижер бір қысқа үзіндіні бір партиямен жаттаған соң, бірден екінші партиямен қосып, осылайша хордың белсенді іс‑әрекетін қамтамасыз етуі қажет”,‑ дейді.
Шығарманы талдау кезінде оны фортепиано аспабында басынан аяғына дейін, барлық нюанстерді сақтай отырып оқушыларға алдын­‑ала орындап беру қажет‑ деген көзқарас баршылығында қалыптасып кеткен. Бірақ П.Г.Чесноков бұл пікірді қолдамайды, оның айтуынша хордың жаңа шығармаен алдын‑ала танысуы нәтижесінде жаңа материалға деген қызығушылық сезімі жоғалып кетуі мүмкін. Бұны театрдағы жаңа спектаклмен салыстыруға болады, яғни көрермендерді спектаклде қызықтыратыны‑ сюжет жиілісінің біртіндеп өрбуі,осылайша белгілі бір кульминацияға жетуі. Ал сюжетті алдын‑ала біліп барсақ, қызығы да болмас еді. Сондықтан да хор мүшелеріне жаңа шығармамен таныстыру­‑ үлкен қателік деп есептейді П.Г.Чесноков.
Бірінші кезең мозайка принципіне сүйенеді, яғни жеке‑жеке бөлшектерді құрастыра отырып, үлкен бір затты жасау. Ал біздің жағдайда, жеке хор элементтерін біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша бірінші фазаның мақсаты да осы болып табылады.
Екінші фазаның мақсаты‑ стройды қалыптастыру. Сондықтан да хор жетекшісі ең алдымен строй жөнінде жалпы мағлұмат береді, оның хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.
Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:
‑ жоғарылату белгісі;
­ ‑ төмендету белгісі;
­‑ дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;
­‑минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)
Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, алдына іліп қою өте тиімді және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің тиімділігін арттыру үшін шартты белгілерінің мән­‑мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.
Стройға байланысты хор жетекшісі мынадай маңызды жайтты ұғындыру қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату дегеніміз дыбысты күшейту, қатайту емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту деген сөз емес./17/
Сонымен қатар строймен жұмыс жасаудың бастапқы кезінде музыкалық шығарманы пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет. Мақсаты: бірін­‑бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда строймен жұмыс жасау үрдісіне қойылатын басты талап‑ аспапты қолданбау. Өйткені табиғи стройды аспапқа ғана тән темперированный стройымен сәйкестендіріп, салыстыруға, теңестіруге болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда да ол шектеулі дәрежеде қолданылуы қажет. Өйткені аспап хорды жетектеуші емес, керісінше толықтырушы, көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.
Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды көздейді. Бұл кезеңнің алғашқы сатысында нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы мағлұмат берілуі қажет. Содан кейін хор жетекшісі қарастырып жүрген шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән‑мағынасын түсіндіруі тиіс. Осы кезеңде П.Г.Чесноков қарама‑қайшылық принципін қолдануды ұсынады, яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге орындау. Бұндай ауысым бір‑біріне қарама‑қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені пиано мен форте арасындағы жер мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.
Сөйтіп ансамблді құру үрдісі хор жетекшісінен кәсіби білім мен ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы білік‑дағдыларды, әдіс‑тәсілдерді меңгеруін, шығармашылық жұмыстың жүйелі, бірізді, нәтижелі өтуін талап етеді.
Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар студенттер тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі шығармалар студенттер бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.
Сұрақтары:

  1. Диапазон ұғымы нені білдіреді?

  2. Шығарманы техникалық жағынан меңгерудің 3 фазасына түсініктеме бер.

  3. Шығармадағы қиын фразалармен жұмыс істеудің әдістері жайында мағлұмат беріңіз?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Музыка әлемі 2008 №1

  2. Әсембекова Хорға арналған шығармалардың кейбір ерекшеліктері.

  3. Дмитриевский Г.А. Хор және оны басқару. А.1998.

  4. Әбеуова Хор және оны басқару. А. 1997





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет