СТУ 042-ГУ-4-2014
|
Ред.№2 от 16.06.2014 г.
|
Страница из
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени ШАКАРИМА г. СЕМЕЙ
|
Документ СМК 2 уровня
|
УМКД
|
СТУ 042-ГУ-4-2014
|
ПОӘК
«Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы
» пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы
|
Редакция № 2 от
г.16.06.2014 г.
|
050106 «Музыкалық білім» мамандығы бойынша
оқитын 1 курс студенттеріне арналған
Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы
пәндерінен оқу-әдістемелік жинағы
Семей 2014
Алғы сөз
1 Құрастырған Уразова Ж.А., Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы
«26» «08»2014 ж.
2 Талқыланды
2.1 Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасында
Хаттама «29» «08» 2014 жыл, № 1.
Кафедра жетекшiсi ___________ Б.К.Бодауова
2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде
Хаттама «05» «09» 2014 жыл, № 1.
Төрағасы ______________ Т.Ш.Ахметова
3 Бекiтiлдi
Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң мәжiлiсiнде мақұлданды
Хаттама «18» «09» 2014 жыл, № 1.
ОӘК төрағасы _____________ Искакова Г.К.
Кіріспе.------------------------------------------------------------- 4
Глоссарий.--------------------------------------------------------- 6
1- курс 1,2 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары- 8
4- курс 7,8 - семестр практикалық сабақтың тақырыптары-42
Курс аралық емтихан талаптары--------------------------------77
Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстарының тақырыптары.------------------------------------------------------77
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары---------78
8. Қолданылатын әдебиеттер тізімі------------------------------- 79
Пәнге кіріспе.
Хор - ұжымдық сипаттағы орындаушылықтың негізгі түрі. Ол оқушылардың ән айту мәдениетін жетілдіріп, олардың музыкалық жағынан ғана емес, жан‑жақты дамуына жағдай жасап, рухани дүниесіне әсер етіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын өнер түрі деп сипаттайды
“хор” деп – шығармаларды көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым.
Пәннің мақсаты: Студенттердің хорда ән салу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ хормен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, дидактикалық принциптер мен ән айту кезінде адам организімде жүретін психофизиологиялық поцесті байқай отырып, жаттығу. Студенттердің өз бетінше хордағы вокалдық дағдыларды үйрену және музыкалық жағынан жетілу,оларды дирижерлық хор білімі дағдаларын іс-тәжірибеде қолдану.
Пәннің міндеттері:
студенттерде шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде көркем орындау дағдыларын және хор ұжымымен жұмыс істеуге қажетті есту қабілеттерін, вокалдық-хор дағдылырын дамыту;
студенттерді шетел және қазақ сазгерлерінің хор шығармашылығының озық үлгілерімен, сондай-ақ халық әндері мен халық сазгерлерінің шығармашылығымен таныстыру;
1 және 4 курс студенттері үшін хор мен жұмыс істеу іс-тәжірибесін ұйымдастыру;
хормен ойдағыдай іс-тәжірибелік жұмыс жасау үшін студенттер жаттауға арналған шығарманы жан-жақты талдау жасауға машықтандыру;
музыка мен мәтін авторларының өмірбаяны жайлы мәліметтер, шығарманың шыққан кезеңімен, оның мазмұнымен, шығарманың идеялар мен көркемдік ерекшіліктерін білу, танысу;
музыкалық – теориялық жағынан сараптай білу дағдысы, оның барысында форма ладотынальдік жоспар әуенінің сипаты мен метроырғақты құрылым, гармония, айтылу фактурасы, интервалика сияқты музыкалық мәнерлік құралдарын аша білуге дағдылану;
вокалды- хор талдауы: хордың типі мен түрі, партиялар мен олардың диапазоны, тесситурасы, интонациялық, мақымдық- ырғақтық және басқа киындықтар, тыныс алуды анықтау, бөлу, жоғарғы интонациялық дыбыс деңгейін қалыптастыруды үйрену;
вокалды хор дағдылары: ән айту қалпы, тыныс алу, дыбыс шығару тәсілдері, дыбыстың шығу түрлерімен (қатаң және ұяң атака) танысу;
вокалды- хор техникасын меңгеру: дыбысталу түрлері, тыныс алудың түрлері, дикция, артикуляция, фразировка, динамика және нюанстарды меңгеру;
хордың дыбысталу сапасы: ансамбль, дыбысталу қатары (строй), дыбыс бояуы (тембр), дыбысталу күші сияқты әдістерді меңгеру;
хормен орындаудағы стильдік бағыттар: музыкалық стиль, орындаушылық стильдерді ажырата білуге дағдылану;
хормен шығарманы орындау сапасы: шығарманың мәтінімен байланысы, аспаптық сүйемелдің ерекшелігі, ұжымдық сезімінің қалыптасуы, дирижердың алатын орны жайлы мәлімет алу.
Достарыңызбен бөлісу: |