Унисондық дыбысталу – дауыстардың мінсіз біртұтастылыған көздейді, хор партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан алуан штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.
Тесситура – дауыс диапазонына қатысты әуен дыбыстарының биіктік ара‑қатынасы.
Интонациялық тазалық – әуеннің немесе музыкалық шығарманың әр дыбысы биіктігі жағынан таза, нақты және көркем орындалуын қарастырады.
Фраза –шығармадағы белгілі бір ойды білдіретін, аяқталған үзіндіні айтамыз.
Фактура – музыкалық немесе хор шығармаларының құрылысы мен сипатына байланысты бөлінуі және көркемдік бейнелілігі жағынан, техникалық ерекшелігі жағынан өзгешелігін айтамыз.
Партитура –шығарманың толық ноталық үлгісін айтамыз.