Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы


,5,6,7-тақырыптар: Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары



бет8/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#79390
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
Хор жүргізу кітабы

4,5,6,7-тақырыптар: Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.
Legato, non legatoлық жаттығулар. Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар. Гармониялық жаттығулар аккордтары.
Жоспар:

    1. Дауыс аппараттарын қыздыру жаттығулары.

    2. Legato, non legatoлық жаттығулар.

3. Стаккаттолық, моркатталық жаттығулар.
4. Гармониялық жаттығулар аккордтары.
Жаттығу-дайындық жұмысының ең бастапқы бөлімі болып саналады. Оларды атқару қызметіне байланысты үш топқа бөліп қарастырамыз:

  1. дауыс шымылдығын қыздыру;

  2. түрлі вокалдық дағдыларды игеру және шеберлкті шыңдау;

  3. жатталатын шығармадағы қиындақтардың алдын алу және қателіктерді түзеу;

Солардың ішіндегі дауыс шымылдығын қыздыру түрі қарапайымнан күрделендіре түсу принципіне негізделеді, яғни жаттығудың оңай түрінен бастап, біртіндеп күрделендіріп, көлемін ұлғайтып, дыбыс күшін өсіріп, түрлі нюанстерді еңгіземіз. Сонымен қатар жаттығулардың көмегімен дауыстың жылдамдығын, жүрдектілігін арттыру арқылы дыбыс қатарларын тегістеп, жоғарғы резанаторларды пайдалану әдісін меңгеруге жағдай жасалынады.
Ал орындалатын шығармаға байланысты жаттығулар әуендік, гармониялық ырғақтық деп ажыратылады. Осы тұрғыда хор жетекшесінің дұрыс бағыт бере отырып, жүйелі жүргізген жаттығулар оқушыларға музыкалық теория мен хор үнділігінің элемент терін меңгеруге, кәсіби дәрежесін өсіруге бірден‑бір ықпалын тигізеді.
К.Никольская‑Береговская “Начальный этап обучения пению в хоре старшеклассников” атты мақаласында тікелей хор сабағында қолданылатын вокалдық жаттығуларға қатысты қойылатын талаптарды жан‑жақты қарастырады:
1) жаттығуларды қарастыратын шығармаға сәйкес таңдау қажет, яғни жаттығулар вокалдық‑ хор міндеттерін көздеуі шарт.Сонымен қатар арнайы хор дағдыларын дамытуға, таза интонациялауға негізделген ( унисонды, терцияны әндету) жаттығуларды міндетті түрде қолдану қажет.
2) жаттығулар оқушылардың вокалдық хор дағдыларын одан әрі жетілдіре алатындай, талап‑ міндеттерді күрделендіре түсетіндей дәрежеде болуы қажет, яғни бірізділік принципіне сәйкес құрылады.
3) жаттығулар оқушылардың мүмкіндігіне, дайындық дәрежесіне сәйкес келуі қажет.
4) жаттығуларды оқушыларға ыңғайлы примарлық (еркін сөйлеудің аумағы) зонада айтқызу қажет. Бірақ оқушылардың диапазонын ұлғайту үшін жаттығу диапазонын біртіндеп кеңейтеміз.
5) жаттығуларды сүйемелдеусіз орындатуға тырысу қажет.
6) жаттығуларды таңдау кезінде “қарама‑ қайшылық” принципін ескеру қажет. Мысалы, қарама‑ қарсы нюанстерді салыстыруға негізделген жаттығулар ( легато мен стаккато) немесе гамманы төменнен жоғары, жоғарыдан төмен әндету.
Вокалдық жаттығуларды таңдаудың өзі екі принципке негізделеді:
1) дауыс аппаратын психологиялық және физиологиялық тұрғыдан жұмыс үрдісіне даярлау, біртіндеп қыздыру;
2) вокалдық хор дағдыларын дамыту, мәдениетті және көркем дыбыстау мәнерін қалыптастыру.
Дауысты жатықтыру кезінде үн диапазондарының орталық тұстарынан бастаған жөн. Жоғары немесе төмен ноталардан аулақ болған абзал. Өйткені төменгі және жоғарғы регистрлер дауысты қажытады, қысым түсіреді. Алғашқы кезеңде өтпелі ноталарды талап етпейтін жаттығулардан, яғни орта регистрден бастау қажет. Мысалы, жоғары және төмен бағытта хроматизмді , яғни жарты тон бойынша жылжуды ұсынуға болады.
Ән айтудың негізін дауысты дыбыстар құрайды. Оларды хорда орындау оқушылар үшін қиындық келтіреді, өйткені хор өнері дауысты дыбыстарды “академиялық” мәнерінде, яғни көмкеру арқылы әдемі, мәдениетті етіп орындауды талап етеді. Сондықтан да хор жетекшісі дауыс қыздыру кезінде дауысты дыбыстарға байланысты арнайы жаттығуларды жасатуы қажет. Жаттығу кезінде дауыстыларды дауыссыздармен біріктіріп, буын түрінде немесе өздерін жалаң айтып дағдыландыруға болады. Әрбір жаттығуға нақтылы мақсат қойылып, ол қандай да болмасын белгілі бір кемшілікті жоюға негізделуі керек, тек сонда ғана олардың пайдасы тиеді.
Вокалды хор дикциясында кейбір езулік дыбыстар “ашық” деп аталады. Оларға “а”, “ә”, “е”, “и”, “і”, “я” жатады. Бұл дыбыстарды әнде жабыңқырап, яғни ерінді шеңберлей жинақылап айтуы тиіс. Ол үшін ашық дыбыстарды еріндік дауысты дыбыстарына жуықтап айту қажет. Осылайша хор шығармасында барлық дауысты дыбыстарды бірыңғай желіні сақтап орындау‑ ерінді көбіне жинақы ұстап, олардың формасын бей‑берекет өзгерте бермеуін қадағалауға байланысты. Бұл әрине, көп жаттығудың нәтижесінде пайда болатын дағды.
Әртүрлі дауысты дыбыстарды бірыңғай вокалдық желіні сақтап айту үшін қолданылатын жаттығудың бірі: ма‑ме‑ми‑мо‑му немесе да‑де‑ди‑до‑ду буындарын бір нота биіктігінде әндету. Мақсаты: вокалдық позицияны қалыптастыра отырып, унисондық дыбысталуды дамыту.
Мұндай жаттығуларды әннен де келтіруге болады, яғни шығарманың бір үзіндісін жаттығу ретінде қолдану. Хор жетекшісі ұзақ ноталарды әндеткенде, сол ноталарға тура келіп тұрған дауысты дыбыстарды аяғына дейін, өзінің негізгі үн сапасын жоймай, басқа дыбысқа өңін айналдырып жібермеуін қадағалаған жөн. Ол үшін сол дауыстыларға тән ерін формасын аяғына дейін сақтау қажет.
Кенеттен жасалынатын нюанстер (subito forte, subito piano) бір үлеске ертерек көрсетіледі. Ал legato‑ны (дыбыстарды өзара байланыстырушы белгі) көрсетуде білезік буындары маңызды рөл атқарады.
Жалпы легато мен стаккато қимылдары технологиясының едәуір айырмашылықтары бар, яғни легатода негізгі ролді ішкі үлестік қозғалыс алады және нүктелері жұмсартылған, ал стакккатода керісінше, ішкі үлестік қимыл қысқартылған, нүктелері өте белсенді, серпінді болып келеді.
Осылайша стаккатоны жүргізу барысында легатоға қарағанда басқаша қол қимылдар қолданылады: бұл штрих өте қысқа дем алғанды, белсендірек, өте өткір нүктені және азғантай қол қозғалысының көлемін талап етеді. Осыдан барып қолдардың позициясы да дирижерлаудың әдеттегі қол қимылының орнынан сәл жоғарырақ болуы мүмкін, ал қол қоспасына аздап түсірілген шынашақ тірек болады. Қол қоспасы білекпен бірге қысқа екпіндер тастауға мүмкіндік бере сәл көтеріледі. Стаккато мен легато штрихтарын орындау барысында “дирижерлық нүктелер” екі жағдай да саусақтың ұшымен немесе бүкіл қол қоспасымен орындалса да, олар сапасы жағынан әр түрлі сипатта беріледі (ал легатода сонымен қатар барлық қолмен беріледі). Бірақ легатоның нүктелері жұмсақ, жабысқақ болады.
Сұрақтар:

  1. Жаттығулар неше топқа бөлінеді?

  2. Штрихқа байланысты жасалатын жаттығуларды ата?

  3. Гармониялық жаттығулардың хорда алатын орны жайлы айтып бер?

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Димитривский Г.А. Хор және оны басқару. А.1988

    2. Әбеуова К. Хор жүргізу. А. 1993

    3. Хроведение В.И.Красношеков. М. 1969





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет