Сабақ мақсаты: шаянтәрізділердің тіршілік әрекеті, құрылыс ерекшелігі, көптүрлілігі туралы оқушының өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тіршілік ортасына қарай шаянтәрізділердің типіне жататын басқа да класс өкілдерімен салыстыра оқыту арқылы олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру,танымдық қабілеттерін, жаңа білімді игеру, сөйлеу шеберлігін, өз ойын қорытындылай сараптай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: табиғаттағы жануарларды қорғауға, шаянтәрізділердің кәсіптік маңызын түсінуге тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу.
І топ-Таңқышаян
ІІ топ-Асшаян
ІІІ топ-Өзеншаян
Үй тапсырмасын тексеру.
Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы.
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Дене кейбір түрлерінде үш бөліктен –бас, көкірек, құрсақтан, ал кейбір түрлерде (өзеншаян, таңқышаян, асшаянда) екі бөліктен –баскөкірек және құрсақтан тұрады.
Қанайналым жүйесі – ашық жүйелі жүрек және қантамырлардан тұрады.
Зәр шығаруға жасыл бездер қатысады. Олар бас бөлігінде (өзеншаянда) орналасады.
Сезім мүшелері: күрделі көздер-көру, мұртшалар-иіс сезу және сипап сезу, қызметін атқарады.Тепе-теңдік сақтау мүшесі бар.
Басым бөлігі дара жынысты.
Жынысты жолмен көбейеді
ІІІ.Жаңа сабақ.Негізгі ұғымдар.
Үш топ берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты өздері қорғап шығады.
Тип: Буынаяқтылар
Класс: Шаянтәріздестер
Өкілі: өзен шаяны, асшаян, таңқышаян, циклоп, дафния, т.б.
Өзен шаяны –
жер шарының барлық түкпірінде үлкен сұранысқа ие бағалы омыртқасыз жануар. Өзен шаяны немесе, кішкентай омарды еске түсіретін тұщы су шаяны тәрізді болады. Олар желбір арқылы тыныс алады, су тоғандарында кездеседі, негізінен жыртқыштардан қорғаныс болатын, тұщы суы бар жылғалар мен ағындарда кездеседі.
ШАЯНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
.
Қорек тізбегінде маңызды рөл атқарады. Ірілері (таңқышаян, асшаян,омар, өзеншаян) құрттарды, ұлуларды, балықты, өсімдіктерді қорек етеді. Ал ұсақтарын (дафния, циклоп) балықтар жем етеді.Араларында балықтардың паразиттері бар, циклоптар адам құрттарының аралық иесі болып табылады.
Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-ға дейін майы бар жоғары сапалы диеталық және дәмді ет алуға мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген мойындары мысалы балық тағамдарына гарнир ретінде беріледі.
Өзен шаяндары – жер шарының барлық өңірлерінде үлкен сұраныспен пайдаланылатын омыртқасыз бағалы жәндік түріне жатады. Олар таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады.
Өзен шаяндарын өсіру, саудалау өте пайдалы табыс көзі. Себебі, бұл шаяндардан жоғары сапалы диеталық әрі дәмді ет алынады.Ет құрамының 16 пайызы ақуыздардан, 0,5 пайызы майлардан тұрады. Шаяндарды негізінен алғанда сорпалар, салаттар және ас мәзірлеріне қоспалар үшін пайдаланады. Қайнатылған шаянды балықтан жасалған тағамдарға тұздық есебінде ұсынады.
Шаяндардың түрлері. Қазақстанда өзен шаяндарының екі түрі кездеседі: еуропалық және қиыр шығыстық. Аса танымал және кәсіптік мәнге ие түрлеріеуропа шаяндары болып табылады. Соңғыларының өз кезегінде екі түрі кездеседі: кеңашалы және ұзынашалы. Кеңашалы секілді түрді жемісті етіп өсіруге болады, өте кең әрі күшті етті қысқыштарымен ерекшеленеді, оның кең етті көкеттері (иірім) бар, оны аспаздық және консервілеу ісінде «шаян мойыны» деп атайды.
Біздің Қазақстанда өзен шаяндарының екі түрі көбірек кездеседі. Олар еуропалық және қиыршығыстық деп аталады. Осылардың ішінде еуропалық шаяндар өнеркәсіптік мақсатқа жиі пайдаланылады. Еуропалық шаяндардың өзі кең иықты және ұзын кеуделі болып екі түрге бөлінеді. Осылардың ішінде кең иықты шаяндарды табыспен өсіруге болады. Аты да айтып тұрғандай, ол кең иықты, аяқтары етті болып келеді. Денесінде де ет мол кездеседі. Мұндай шаяндарды жас күйінде және консервілеп пайдалануға болады.
Шаяндардың шағуы. Шаяндардың шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.
Алғашқы көмек:шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.
м
Теңіз шаяндары.
Жазда қайнатылған теңіз шаяндарын нағыз табу деп айтса да болады. Шаяндардың тек тірі, жаңа ғана ауланған және өзінің табиғи түсін жоғалтпаған түрлерін ғана пайдаланыңыз.
Біліміңді сына.Өткен сабақпен пен байланыстыра берілген сұрақтар.
І-топқа
Қозғалуға қандай ұлпаның қандай жасушалары қатысады?
(бұлшықет ұлпасы, жүйке ұлпасы – нейрон)
2. Шұбалшаңның қозғалуында қандай мүшелері негізгі рөл атқарады?
(тері астыңдағы сақиналы бұлшықеттер, әрбір буылтығының құрсақ жағында 4 жұптасқан қысқа қылтандары бар)
ІІ-топқа
1. Шұбалшаңдардың топырақтың құрылымын жақсартатыны белгілі. Мұны қалай түсіндірер едіңдер?
(Тығыз топырақты «аузымен асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы жақсарады)
2. Былқылдақденелілер қалай қозғалады? Бұлардың қозғалуында шырыштың қандай рөлі бар?
(Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді)
Өзен шаяны орын ауыстырып қозғалуын қамтамасыз ететін қандай мүшелері бар? Олардың қайсылары дененің қандай бөлімінде орналасқан?
(Баскөкірек бөлімінде сипап сезу, иіс сезу қызметін атқаратын бірі қысқа, екіншісі ұзын екі жұп мұртшалары бар. Одан соң 1 жұбы үстіңгі жақ, 2 жұбы астыңғы жақ, 3 жұбы жақаяқтар деп аталатын түрі өзгерген аяқтардан тұратын ауыз аппараты және 5 жұп жүретін аяқтар орналасқан. Жүретін аяқтардың бірінші жұбы жемін ұстайтын және жауынан қорғанатын қысқышқа айналған. Су түбінде шаян осы жүретін аяқтардың көмегімен басын алға қаратып баяу жылжып қозғалады)
2. Шаян бас жағын алға қаратып жүзе ала ма? Неге? Шаянның жүзу аяқтары неше жұп, дененің қандай бөлімінде орналасады?
(Өзен шаянының құрсақ бөлімінде жүзуге қатынасатын және түрлі басқа қызмет атқаратын 5 жұп кішкентай құрсақ аяқтары бар. Құрсақ бөлімі бунаяқты және жақсы дамыған құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп жүзу қанатын түзеді)