Хореография кафедрасының шығармашылық жолы г. Р. Ділдебаева, п.ғ.қ., аға оқытушы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан



Дата14.02.2018
өлшемі63,73 Kb.
#37636
ХОРЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Г.Р. Ділдебаева, п.ғ.қ., аға оқытушы
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан

e-mail: dilda1983@mail.ru
Хореография күрделі де қиын сала. Сондықтан, кәсіби бишілерді дайындау оңай шаруа емес. Хореографиялық өнерді үйрету үшін оқытушылардан кескіндеме, мүсін, музыка, архитектура, сахналық костюмдер және тағы басқа әртүрлі өнер саласы мен жанрларынан кең көлемде білім алуы талап етіледі. Бидің формасы және стилі күнделікті өзгеріп отыратынын ескерсек, оқытушыларға да күнделікті ізденіс пен оқу қажет. Би дегенде алдына жан салмайтын хореограф-педагогтар қауымын сөз еткенде кафедраның оқытушылар құрамын мақтанышпен айта аламыз. Кафедраны басқарып отырған, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, балетмейстер Балжан Сейдіраманқызы, 2010 жылдың ҚР үздік оқытушысы атаңды, білім үздігі, халықаралық Болашақ степендиясын иеленіп, Мәскеу қаласында тағылымдама өтіп қайтқан. Сонымен қатар, п.ғ.к., аға оқытушы Г.Р.Ділдебаева, педагогика және өнертану ғылымдарының магистрлері Г.Ж.Шагитова, А.З.Абусева, О.В.Крылова, С.А.Мырзаев, Д.Ж.Есетов, Ю.В.Бегишева, А.А.Турдиева сынды оқытушыларды атап кетпеу мүмкін емес.

1985 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстарының теориясы мен тарихы» кафедрасының құрамында Қазақстан бойынша алғаш рет «Хореография» мамандандыруға талапкерлер қабылданды.

1989 жылдың қараша айында мамандық өз алдына кафедра болып шығып институт бөлімінің біріне айналды. Алғашқы меңгерушісі қызметіне кафедраның негізін қалаушы философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері және білім үздігі, 2013 жылдың ҚР үздік оқытушысы Сералы Шабаевич Тлеубаев тағайындалды.

2000-2003 жылдары кафедраның меңгерушісі қызметін п.ғ.к., Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты З.Б. Әжібекова атқарған.

2003 жылдан қазіргі уақытта кафедраның меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Б.С. Тлеубаева атқаруда.

Кафедра 5В040900 - «Хореография» мамандығы бойынша, хореография педагогы біліктілігіне ие болатын бакалавр мамандарды дайындайды.

Біздің түлектер Қазақстанның әр облысында, жақын және алыс шет елдерінде мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Кафедра ұжымының басты міндеті мен бағыты оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының сапалығын арттыру.

Хореография мамандығын бітірген түлектер арнайы мектептерде, колледждерде педагог-хореограф ретінде, хореографиялық ұжымның жетекшісі, балетмейстер ретінде, би театрларында, Мемлекеттік би ансамбльдерінде әртіс ретінде қызмет атқарады.



Шығармашылық жолдары

Облыстық опера және балет театрының ашылуы – қала тарихындағы үлкен оқиға. Театры өзінің алғашқы маусымын Д.Вердидің «Травиата» операсының алғашқы қойылымымен ашты және бұл Ұлы италияндық композиторды еске алу ғана емес, сонымен қатар, оның шығармасына және жалпы операға деген жаңа көзқарастың өзіндік әрекеті.

Верди көптеген көрермендерге операның кейіптеушісі болып табылады. Композитор өзінің шығармасымен XIX ғасырдың италия операсының биік шыңына жетті. Атақты балетмейстер Б.С.Тлеубаеваның қойған билері операда ерекше орынға ие болды. Оған «Хореография» кафедрасының перспективті оқытушылары мен студенттері де ат салысты. Актерлік шеберлік жинаған, талантты бишілер С.Мырзаев және Қ.Бимурзаева орындаған «Сыған» және «Испан» матадорлары операның негізгі би сахнасы болып табылады. Олардың орындауында осы халықтың биіне деген құштарлық пен жігерлік, адал сезім көрініп тұрды. Балетмейстер психологиялық музыкалы драманың дамуын, қаһармандардың күйзелісін және сезімін қимылмен ашық көрсетуге тырысты. Опералық спектакльдегі таза би сахнасында балетмейстер тек қана балет артистерімен шектелмейді, сонымен қатар, опера солистеріне және хор артистеріне аса назар аударуға міндетті. Балетмейстер режиссер-қоюшының опера спектаклінің иілгіштік жағынан кейіптендіруіне көмектесу керек.

Сондай-ақ «Қазақстанда француз мәдениеті апталығы» күніне орай хореография кафедрасында әлемдік деңгейдегі биші хореограф Жан-Клодом Вуайаком және биші Бернаром Вуайакоммен жаңа үлгідегі «хип-хоп» стилінде мастер-класс өткізді. Олармен біздің студенттер ағылшын және француз тілдерінде сөйлесіп, қарым-қатынас жасасты. 



Білім ошағында халық биінен бастап заманауи жанрына дейін би әдістемелері оқытылады. «Өнерлінің өзегі талмас» дегендей кафедра жанынан құралған , халық билерін жете игерген, репертуарларын өзге де классикалық туындылармен толықтырып отырған «Қарақөз» би ансамблінің ОҚМУ ұжымы мен облыс тұрғындары үшін орны бөлек. Талай жылдан бері көрерменнің көзайымына айналып жүрген «Қарақөздің» мың бұралған бишілері көптеген фестивальдердің лауреаттары атанған. Олар Шара Жиенқұлова атындағы республикалық қазақша би байқауының дипломанты, Түркияда Ялова қаласында өткен Түркітілдес елдердің Халықаралық би фестивалінің, республикалық «Жас толқын» студент жастар фестивалінің, республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауының және IV Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаттары. «Қарақөздің» қоржынында одан өзге Шара Жиенқұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған IV Республикалық қазақ биі байқауында иеленген лауреат атағы, 2012 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында би өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Таңшолпан» хореографиялық би байқауында жеңіп алған бірінші орындары, 2013 жылы Республикалық «Бұраң бел» би байқауында жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп 2-ші орын иеленген, 2015 жылы Облыстық «Дельфий ойындары» байқауында және халықаралық «Fiestalonia» би байқауында I орын иеленеді.

«Қаракөз» би ансамблі М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және мәдениет» факултетінің Хореография кафедрасында 1989 жылдан бастап студенттер мен жас оқытушылар құрамынан құрылған. Ансамбльдің репертуарында әлем халықтарының билері, классикалық, қазіргі заман биі және спорттық-бал билері көркемделген.

«Қаракөз» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, әрі бас балетмейстері – Балжан Сейдраманқызы Тілеубаева бірнеше байқауларда балетмейстерлік жұмысы үшін арнайы сыйлықтарға ие болған оның ішіндегі ең күрделі сый, II - Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауында Қазақстан Республикасының халық әртісі, өнертанушы профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы мен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әлемге әйгілі хореография мэтрі Болат Аюханов байқаудың төреағасы ретінде Тлеубаеваның алдында тізе бүгіп «қойылған би композициясының философиясы үшін» деп К.Күмісбеков сазына қойылған «Отырар бейнелері» атты қойылым үшін 1-орын жүлдесін тапсырған кезде, көрермендер ду шапалақ ұрды. Ол біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш. Ансамбль балетмейстерлері – аға оқытушылар Санжар Алтынбекұлы Мырзаев, Гүлмира Рахымжанқызы Ділдебаева, Азиза Азатбековна Турдиевалар үлкен үлес қосуда.


Сондай-ақ, ансамбль қалалық, облыстық, Республикалық концерттік іс-шараларға қатысып Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Туркия және Бенилюкс елдерінде өз өнерлерін паш етті.  «Қаракөз» би ансамблі М. Әуезов атындағы ОҚМУ – дің концерттік бірлестік құрамында 2009 жылы Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің шақыруымен Мәскеу қаласында Қазақстанның «Тәуелсіздік күніне» арналған концерттік бағдарламаға қатысты.

2010 жылы тағы да осы елшіліктің шақыруымен «Наурыз» мерекесін тойлауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыруға Мәскеу қаласында өткен концерттік бағдарламаға қатысты. Концерттер Москва облысы Зеленоград қаласының мәдениет сарайы мен Москва қаласындағы музықалық үйінде өтті.

ОҚО 80 жылдық мерей тойына арналған «Нұрын шашқан – Оңтүстік» салтанатты іс –шарасына белсене қатысқандары үшін облыс әкімінің мақтау қағазымен марапатталды.

«Таңшолпан» хореографиялық би байқауына қатысып, I орынды иеленгендері үшін «Қаракөз» би ансамблі марапатталды.

«Қаракөз» би ансамблінің лауреаттары мен жүлделі жеңімпаздары Халықаралық және республикалық жастар шығармашылық фестивальдар, барлық байқаулар мен мерекелік іс-шаралар мен Түркістан қаласында өткен Дүниежүзілік Құрылтайда өз өнерлерімен университетті жақсы қырынан көрсетті, алдағы уақытта да жақсы жағынан таныла беретіні сөзсіз.       

Биыл белгілі ғалым, білікті басшы Жұмахан Мірхалықов басқаратын оқу орнындағы қазақ би өнерінің дамуына үлес қосып келе жатқан хореография кафедрасының 30 жылдық мерей тойы өтпек. Әр түрлі би жанрының мамандарын даярлайтын ұстаздар мен басшылықтың мерей тойға деген жоспарлары ауқымды.



Әдибеттер

1 «Искусство, рожденное народом»/ Өмір – айна №17 (101) 30.04.2008

2 «Бұраңбелдер отауы» /Рейтинг №6 (306)

19 ақпан 2015 жыл



3 . http://ukgu.kz/ru
Резюме

В статье рассматривается творческий путь кафедры хореографии ЮКГУ имени М.Ауэзова

Summary

The article discusses the career of the department of choreography UKGU name M.Auezov

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет