Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia

Өгдүлмиш жайында 
1526. Елік Айтолды қайғысын [басынан] кешірді. 
Шақырып алып [Айтолды] ұлына тапсырма, кеңес 
бердік. 
1527. Айтты: «Ей, ұлым, көп артық қайғырма.
Қайғы кетсе, ақыр түбі – сүйініш. 
1528. Бұл қайғы жалғыз саған келген жоқ.
Маған да жапа шектірді, бұл – терең қайғы. 
1529. Көңіліңді қажытпа, өзіңді жұбат.
Маған қарайла. Өзіңді қызметке әзірле. 
1530. Атаң өлсе, мен саған атамын.
Аталық етейін, маған ұл бол. 
1531. Жер өпті, көр, Өгдүлмиш айтты: «Елік,


140 
Елден асқан ұзақ өмір жаса. 
1532. Мен өзің өсірген құлыңмын, сенің қызметшіңмін. 
Менің жаным Елікке пида болсын.
1533. Атам жаны Елікке пида болды. 
Тәңірі саған бұл құлды да пида етсін»... 
* * * 
1626. Елік бір күні Өгдүлмишті шақырып алды.
Одан қандай сөз білетінін түгел сұрады. 
1627. Елік айтты: «Ей, ұлым, енді тыңда. 
Шын жүректен сөз айтамын. Сен маған көңіл қой. 
1628. Сен маған айтып бер: қайсы [нәрсе] пайдасыз. 
Пайдалысы қайсысы? Маған санап айт». 
1629. Өгдүлмиш жауап берді, айтты: «Ей, бек,
Білім ордасы, ей, кісілердің игісі! 
1630. Кісіге екі дүниеде пайдалы [нәрсе]
Ізгі іс немесе мінезі түзулік. 
1631. Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік. 
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. 
1632. Ісі ізгі болса, бүкіл халық сүйеді.
Ісі әділ болса, төрге шығады. 
1633. Барлық теңсіздіктен тыюшы – ұят.
Ұятсыздық – адамға теңдесі жоқ ауру. 
1634. Әділдік, ұят және ізгі іс – 
Үшеуі біріксе, сүйініш болды [де]... 
1636. Елік тағы сөйледі: «Бұл сөзіңді түсіндім. 
Кісіге жауыздық, [әкелетін] пайдасызы қайсы?» 
1637. Өгдүлмиш жауап берді, айтты: «Бұл сөзді 
Өзі данышпан Елік жаңғыртып [тағы] тыңдасын. 
1638. Кісіге өте пайдасыз үш нәрсе [бар],
[Әуелі] ізгі есептелетін үшеуін айтып беріп едім. 
1639. Бірі – жауыздық істен қасарысып айырмаса,
Тағы бірі – жалған сөзбен шұғылданса. 
1640. Тағы бірі – сараңдық. Ол [есебін тауып] кісіден


141 
жейді.
Бұлар – үш нәрсе. Үшеуі – білімсіздің ділі. 
1641. Кімнің ісі аса ұятсыз болса, 
Күн шыққанда барлық оңбағандығы ашылады. 
1642. Кімде-кім жалған тілін безесе,
Адамдардың арасында [жаман] аты жайылады, 
[оны] сен біліп қой. 
1643. Данышпан сараң туралы не дейді, тыңда:
«Ей, сорлы, ей, мұңды, ей, түйілген жұдырық. 
1644. Сараңдықтан төмен [саналатын [басқа не бар? 
Дүние жинайды. Жемейді. Дүниесі артында қалады. 
1645. Алтынды жинай білдің. Жұмсай білмедің.
Бұл алтын – бір жауың. Неге бермедің? 
1646. «Ей, жеуді білмейтін кісі Дүниені жинапсың.
Анық жеуші осы [дүние]. Сен [оған] асыңды 
дайындай бер!» 
1647. Елік және айтты: «Түсіндім мұны
Тағы бір сөзім бар, оны да шешіп бер. 
1648. Адам анадан данышпан болып туа ма,
Әлде жасы жетілгеннен кейін үйрене ме?» 
1649. Өгдүлмиш жауап берді: «Бақытты Елік,
Игіліктің аты – білім мен ақыл. 
1650. [Бала] білімсіз туады. Дәстүрді үйренеді.
Білім алса, кейін баршаға қолы жетеді. 
1651. Анадан туғандар білімсіз туады.
Біліп, үйреніп, кейін төрге шығады. 
1652. Ақыл. Оны адам үйрене алмайды.
Адаммен қоса жаратылады. Үйренілмейді. 
1653. Ақылдан басқа барлық өнерді 
Кісі үйренеді. Кейін қолы ұзарады». 
1654. Елік сүйсінді, көрмейсің бе, бұл сөзді есітіп,
Айтты: «Жаным өз тілегенін тапты. 
1655. Бұл ұланның атасын жоғалтып едім,
Ізгі жолды біліп, атасының орнын басты»... 


142 
1662. Күн өткен сайын оны Елік құрметтеді, 
Көрмейсің бе, бүкіл елге атағы-даңқы жайылды... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет