Табиғатта таралуы Табиғатта таралуы Алынуы Өнеркәсіпте хромды пирометаллургиялық және алюминтермиялық жолмен алады. Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырғанда хром мен темірдің тотықсыздануы жүреді:
FeO Cr2O3 + 4C = 2Cr +Fe +4CO
Таза хромды алу үшін хром оксидін алюминиймен тотықсыздандырады:
Cr2O3 + 2Al = Al2O3 +2Cr
Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t 1910C, қайнау t 2480C тығыздығы 7,14 г см3. Морт сынғыш. Электр және жылу өткішгіштігі төмен. Физикалық қасиеті: Химиялық қасиеті: Жоғарғы температурада хром оттекте, жанып, оксид Cr2O3 түзеді: 4Cr+3O2=2Cr2О3 Хром фтор мен хлормен шабытты әрекеттеседі. Қатты қыздырылған хромнан хлорды өткізгенде қоңыр қызыл түсті хром(ІІІ) хлориді алынады: 2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 Қыздырылған су буымен әрекеттеседі: 2Cr+3H2O = Cr2O3+3H2 Металдық хром қыздырғанда күкіртпен, азотпен, фосформен, көмірмен, кремниймен және бормен әрекеттеседі. Мысалы:
2Cr+N2 = 2CrN хром нитриді(ІІІ) 2Cr+3S = Cr2S3 хром сульфиді(ІІІ) Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш. Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады. Хром қосылыстары Хром (III) оксиді Cr2O3 + 6HCl → 2CrCl3 + 3H2O Cr2O3 + 2KOH → 2KCrO2 + H2O, Cr2O3 + Na2CO3 → 2NaCrO2 + CO2↑ Cr2O3 + 3KNO3 + 2Na2CO3 → 2Na2CrO4 + 3KNO2 + 2CO2↑ Cr2O3 + 2Al → Al2O3 + 2Cr Хром (VI) оксиді 2CrO3 + H2O → H2Cr2O7 CrO3 + 2KOH → K2CrO4 + H2O 4CrO3 + 3S → 2Cr2O3 + 3SO2↑ CrO3 + H2O → H2CrO4 Хромит, хромитті теміртас — тотықтар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: FeCr2O4. Қатты Моос шкаласы бойынша 4,5 — 5,5, тығыздығы 4,5 — 5 грамм/куб сантиметр.
Кубтық сингонияда кристалданады, жіктілігі нашар, түсі қара, сызығы сарғыш қоңыр, магниттік қасиеті бар. Хромит магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болып, кейде өте негізді тау жыныстарының (перидотит, дунит) арасында кездеседі. Оныферрохром, бояу, отқа төзімді кірпіш алуда қолданады.
Хромитті теміртас Хромит Ол магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болады. Хромит көбінесе жалбыраған ұя тәрізді, линза тәрізді және бағана тәрізді формалар түрінде кездеседі. Кейде шашыранды түрде аса негізді жыныстардың арасында кездеседі. Табиғи өзгеру зонасында хромит химиялық берік минерал болып табылады. Хромит минералы феррохром алу үшін қолданылады. Феррохромдан жоғары сапалы хромды және хромникельді болат алады. Металдарды тот баспас үшін оларға хром жалатады. Хромитті химия өнеркәсібінде жоғары сапалы бояу алу үшін, отқа төзімді кірпіш жасау үшін де қолданады. Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т. Хромит кен орындары