Html тіліне кіріспе



Дата12.12.2021
өлшемі51,18 Kb.
#99733
Байланысты:
HTML тіліне кіріспе


HTML тіліне кіріспе.
Гипермәтін және гипермедиа. Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мəтіндер гипермәтін деп аталады. Гипермәтінді оқу барысында оқырман тінтуір (mouse) немесе батырма (клавиш) басу арқылы жедел түрде мәтіндерді ауыстыра алады. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және басқа да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы болып есептеледі. Себебі бұндай форматты интернетте пайдалану оңай əрі ыңғайлы.

Гипермəтін сөзіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді.

«Гипермəтін» және «гипермедиа» терминдерін америкалық əлеуметтанушы, философ, АТ (ақпараттық технология) саласын алғашқы зерттеушілердің бірі Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді және 1965 жылы кең қолданысқа ие болды. Автор 1992 жылы шыққан “Literary Machines” кітабында бұл екі терминге мынадай түсініктеме береді: «Қазіргі таңда «гипермәтін» сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі. Бірақ оның орнына ақылға қонбайтын «интерактивті мультимедиа» сөзін қолданады, бұл жерде төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын бере алмайды».

Сурет 1. Тед Нельсон


Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін «гипермәтін», «гипермедиа» терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушы Hypertext Editing System (аудармасы «Гипермəтін Редакциялаушы Жүйе») жобасын жасайды.

Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы – Aspen Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.

Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.

«Белгілеу» (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі «marking up» сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді. «Белгілеу» сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген. Осылай «белгілеушілер» (markup men) мəтіннің әрбір бөлігіне шрифтердің гарнитурасын, стилін, өлшемін көрсетіп отырған. Ал қазіргі кезде бұл қызметті редакторлар, корректорлар, графикалық дизайнерлер, сондай-ақ авторлардың өздері атқарады. Белгілеу тілін компьютерлік мəтіндерді өңдеуде қолдануды алғаш рет 1967 жылғы Конференцияда Уильям Танниклифф ұсынды. Ол өз жаңалығын «әмбебап кодтау» (ағылшынша «generic coding») деп атады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері қолданылады: типографияда (SGML, TeX, PostScript, PDF), компьютердің қолданушы интерфейстерінде (Microsoft Word, OpenOffice), әлемдік желіде (HTML, XHTML, XML, WML, VML, PGML, SVG, XBRL).

HTML тілі жайлы. Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language - HTML) – веб браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып есептеледі.

Бұрышты жақшалар арқылы ашылып жабылатын тег (мысалы ) деп аталушы HTML элементтерінен құралған HTML тілі веб-бет контентін тудырады. Тегтер сыңарлы жəне сыңарсыз болып бөлінеді.

Сыңарлы тегтерге мыналар жатады: , ,

және т.б. Ал сыңарсыз тегтерге


,
, сияқты тегтер жатады. Сыңарлы тегтерде алғашқы тұрған

тегі бастаушы, ал екінші тұрған

тегі аяқтаушы деп аталады. Сондай-ақ оларды ашылушы және жабылушы деп те атайды. Осы тегтердің көмегімен веб-дизайнерлер мәтін, пікір және контентте кездесетін басқа да мәтінге ұқсас нәрселер жаза алады.

Сурет 2. HTML тілінің тарихи логотипі


Веб браузердің мақсаты – осы HTML тілінде жазылған құжаттарды оқып, веб-беттерде оқуға ыңғайлы, оқырманға көрінетіндей етіп шығарып беру. Браузерлер HTML тегтерін шығармайды, алайда сол тегтерді беттің контентін интерпретациялауда қолданады.

HTML элементтер кез келген веб-сайттардың негізгі құрушы блоктары болып табылады. HTML суреттер мен объектілерді қойып, оларды интерактивті формаларға айналдыра алады.



Тақырып, азатжол, тізім, дəйексөз сияқты мәтіннің құрылымдық семантикасын білдіріп, құрылымдық құжаттар құрады. Веб-беттердің жұмысынан әсер ететін JavaScript сияқты тілдердің скрипттерін қояды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет