Хv-хvііі ғ.ғ. қазақ халқының өнері Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата14.04.2017
өлшемі41,9 Kb.
#13786
Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

№134орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі

Жаксылыков Мади Азимбаевич

ХV-ХVІІІ ғ.ғ. қазақ халқының өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХҮ-ХҮІІІғғ Қазақ халқының өнерімен, олардың тұрмыс -тіршілігімен, салт- дәстүрімен ерекшеліктерімен таныстыру

Дамытушылық: ұлттық өнерге деген қызығушылықты оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдың қабілетін дамыту

Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақтарға жауап беру, тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта , көркемсурет топтамасы, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу

Сыныпты түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1 тапсырма Жыраулардың суретіне қарап жырларын тақтаға жазу

1. Эпостық аңыздардың қандай маңызы бар деп ойлайсың?

2. ХҮғ қандай ақын жыраулар өмір сүрді?

3. Қазтуған Сүйіншіұлы кім? Қандай жырларын білесіңдер?

4. Доспамбет жырау кім? Қандай жырларын білесіңдер?

5. Жиембет жырау кім? Қандай жырларын білесіңдер?

6. Марғасқа жырау кім? Қандай жырларын білесіңдер?

7. Ақтамберді жырау кім? Қандай жырларын білесіңдер?

8. Тәттіқара ақын кім? Қандай жырларын білесіңдер?

2тапсырма

Тақтаға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, алты ұяшыққа рет сандарымен берілген суреттер жасырылады. Сол тұлғаны табу үшін сұрақтарға жауап беруіміз қажет.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Шалкиіз жыраудың өмір сүрген жылы?

2. Қазақ хандығының құрылуының алғашқы кезіндегі жыраулардың бірі Қызылжар жерінде дүниеге келген жырау?

3. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау бойында дүниеге келген жырау?

4. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға ауған кезінде Асан қаңғының айтқан жыры?

5. Есекқырған аңызы туралы не білесің?

6. Алаң да алаң алаң жұрт жырының авторы?

7. Қамыстың басы майда түсі сайда кімнің жыры қандай ерекшелігі бар?

8. Еңсегей бойлы ер Есім атты жырдың қандай маңызы бар?

«Бұхар жырау» бейнесі ашылды



ІІІ. Жаңа сабақ жоспары

І. Музыка өнері

ІІ. Айтыс

ІІІ. Қазақтың муызкалық аспаптары

ІҮ. Қолөнер және қолданбалы өнер

Ұлы Абай Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең деп ғұмыры өлең жырмен өткендігін білдіреді. Ш.Уалиханов досы Потанин Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді деп жазған. Қазақ халқы ән мен күйге өте бай. Оны қазақ музыкасын зерттеп Затаевичтің «Қазақ халқының бес жүз ән күйі» «Қазақ халқының мың әні» атты кітаптарынан көруге болады.

Айтыстың тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды тәрбиелікке, шешендікке, тапқырлыққа, баулиды. Айтыстың үзінді тыңдату кім екенін қандай мәселе айтқанын талдау.

3 тапсырма

«Аталар мұрасы асыл қазына», деген үш қатарға үш қалташа ілінеді. Қалташаның астында салт дәстүрге байланысты сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсек астынан сурет шығады. Сол суреттің мағынасын айту, қайда пайдаланатынын айту қажет.


І. Сұрақ Мұның қазақтарда екі түрі болады. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымалы түрі де қолданылған. Тұрмыс жағдайына қарай оның сәні де әр түрлі болған. Ұлттық ерекшеліктерімізді білдіретін кейбір бөліктері мемлекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген ол не қайда пайдаланады.

ІІ. Сұрақ Ол далада өседі. Одан үй шаруасына қажет бұйым жасайды. Оны түрлі түсті жүндермен өрнектеуге болады. Ол желдеткіштің де рөлін атқарады. Үйдің ішін бөлуге құрт жаюға пайдаланған. Ол не?


4тапсырма

Қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы шағын эссе жазу.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау

І. Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?

ІІ. Айтыс дегеніміз не?

ІІІ. Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?

ІҮ. Қазақ өнері туралы басқа елдің ғалымдары қалай жазды?

Ү. Үйге тапсырма



Gfhf 26 оқу, «Қазіргі таңағы қолөнершілер туралы мәлімет әкелу»
ҮІ. Бағалау

ҮІІ Қорытынды

Құм астындағы тарихты сілкіп тастап өткеннен сыр шертер уақыт жеткені қашан, міне сол ата бабаның тарихын ашып зерттеп зерделеу жас ұрпақ сенің қолыңда, елің үшін еңбек ет, Іске сәт.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет