Проблемалық оқыту технологиясы
Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
Тұжырымының ерекшелігі:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Белгісіз х-ке байланысты:
Х-мақсат
Х-іс-әрекет обьектісі
Х-қызмет әдісі
Х-іс-әрекетті орындау шарты.
Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;
проблемалық мазмұндау;
эвристикалық;
проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;
проблемалық жан-жақты эксперимент;
мәселені проблемалық шешу;
проблемалық ситуация (ойын түрінде)
5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету
Тұжырымының ерекшелігі:
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас;
ізгілік (барлық бала талантты);
зорлықсыз, еркімен оқыту;
әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Мазмұнының ерекшелігі:
материал ірі мөлшерде енгізіледі;
материалды блокпен топтау,
оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.
Әдістерінің ерекшелігі:
теорияны блоктау;
теориялық материалды сыныпта меңгеру;
үйде де өз бетімен жұмыс істеу;
Бірінші қайталау:
конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)
тірек конспектісіе ауызша баяндау
Екінші бақылау:
жалпылау және жүйелеу;
Үшінші бақылау:
өзара бірін-бірі бақылау
практиканы блоктау
практикалық жұмыс(жаттығу)
есеп шығару
нәтиже
Кеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі — донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады. Кезінде оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға кездесті. Себебі, В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесін жаңа жағдайда жұмыс жасауын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және сипаттау жеткіліксіз болды..
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады(16).
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.
Біздің ойымызша, В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі – оқыту ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, В.Ф.Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол кеңестік психологияда тұжырымдалған А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып, оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.
В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т.б. жүзеге асырылады.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Галь-
периннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдары мен белгілері П.Я.Гальпериннің белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына (теория поэтапного формировангия умственных действий) сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі “меңгерудің негізгі бірліктері” түрінде жүзеге асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің оқушылардың өтілген оқу материалын қаншалықты сапалы меңгергендігін бағалау мақсатындағы оқу тапсырмаларын сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды бәсең дауыспен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау — міне, осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.
Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен “байланыстарын” бөліп алуы, әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғыртуы олардың оқуға деген белсеңді іс-әрекетінің дәлелі ретінде көрініп отырады. Сондай-ақ, мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесі оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалауға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінде оқушылар оқу материалының мазмұнын, тірек сигналдарды дауыстап оқығанда біршама қиындықтар туындағанмен, практикалық жұмыс кезінде кейбір сәттер ойдағыдай шықпағанмен, бәрібір, мұнда білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Оқушыға сынып алдында қате жауап беріп, қысылу, өзінің білімсіздігін жұрт алдында көрсету оңай емес.Сондықтан В.Ф.Шаталов өз оқушыларына мұғаліммен бетпе-бет отырғызып, бәсең дауыспен сабақ айтқызған немесе одан да оңайы - оқушыға өз жауабын магнитофонға жазғызған. Білім деңгейі төмен оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабында қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететін оқушыларға қаншама рухани күш береді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі — жариялық принципі. Оқушылардың магнитофонға жазғандарын ашық тындау – соның кішігірім элементі(17).
Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін – жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56—60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз(18).
Оқулықпен жұмыс істеу. Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудырады және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезіңдегі диалогтарды жаттағандағыдай іске асыру керек.
6. Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н.)
Достарыңызбен бөлісу: |