Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Тә
1 - кесте
Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, педагогикалық технология ұғымының мәнін анықтап алу қажет.
Ғылыми–педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды. Атап айтқанда:
В.А.Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология — алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;
Б.Т.Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология — оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;
В.М.Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология — оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;
М.В.Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология — педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;
В.И.Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;
Н.Е.Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;
А.К.Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;
Достарыңызбен бөлісу: |