І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс



бет8/26
Дата22.11.2023
өлшемі445,5 Kb.
#192815
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-технологияларын-пайдалану-жолдары

Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз “жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілет белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері мыналар:
- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
- үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
- көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны “жаңалық”, “жаңа әдіс”, “өзгеріс”, “әдістеме”, “жаңашылдық”, ал инновациялық үрдісті “жаңа әдістеме енгізу құралы” деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырды. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудис т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді(10). Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.
Жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта окыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарын қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтын, В.П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал(11).
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша “оқытуды ізгілендіру” қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар талапты канағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.
Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория — Л.С. Выготскийдің оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы “актуальды даму” аймағынан “жақын арадағы даму аймағына ауысу” туралы теориясы. Ресей ғылымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді: бірінші деңгей – “міндетті, оқушылық”, екінші –“алгоритмдік”, үшінші – “эвристикалық”, төртінші – “шығармашылық” деңгейлердегі қабылдау деп атайды.


1.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы(дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі (12).
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемелекеттік жалпыға бірдей стандарты түлектердің базалық біліктілігі түрінде көрініс беретін, нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесін айқындайды деп атап көрсетілген. “Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктсрі” білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағытталған оқыту — бұл аяқтаушы нәтижелср (біліктіліктер). Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен жәнс жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі әмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер тізімін аламыз:

  • қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері;

  • әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;

  • талдау жасай алу қабілеттері;

  • проблемаларды шеше алу;

  • құндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;

  • шығармашылық шеберліктерді игеру және өзгелердің шығармашылығын қабылдай білу дағдылары;

  • азаматтық жауапкершілік;

  • қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;

  • рухани, заттық кұндылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;

  • ілімнің кұралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;

  • өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.

Нәтижеге бағытталған білім беру әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі қауымдастықтарды тартуды карастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықтар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардағы дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

  • білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудің бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);

  • білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту;

  • білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы үғымды қалпына келтіру;

  • оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық жөне жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау;

  • барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оған жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;

  • білім беру үрдісіне бүкіл коғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату.

Стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындауы.
Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс. Бүкілхалықтық кеңінен талқылау жұмысы қажст. Сонымсн бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің бұл тұрғыдан шешілуінің мәні — кәсіби қауымның өзара келісуі корытындысында қабылданған болашақ нәтижелердін көп деңгейлі жүйесі бүкіл білім беру процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде қызмет ететіндігіңде. Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы(13).
Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;

  • оқытушы оқу ісін ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға міндетті;

  • ата-ана өз баласының қажетті дәрежеде білім алуына жағдай жасауға міндетті;

  • мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті;

  • мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;

  • қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

  • оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
“Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы” делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылымы(14).
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”, – деп анықтайды.
Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:

  • елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;

мектептің дамуы туралы мемлекттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;

  • қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;

  • педагогикалық озат тәжірибе;

  • мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;

  • мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.

Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:

    • алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;

    • жүйелілігі;

    • тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Оқытудың қазіргі технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты(15).
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет