И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет157/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. М., 1987.
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.
Леонтьев А.А. Педагогическое общение. М., 1996.
Леонтьев А.А. Психология общения. М., 997.
Петровская Л.А. Компетентность в общении: социально-психологический тренинг. М., 1989.


4 тарау. Педагогикалық өзара әрекеттесудегі,
қарым-қатынастағы және оқу-педагогикалық
іс-әрекеттегі «кедергілер»


§ 1. Қиындатылған қарым-қатынастың
анықтамасы және жалпы сипаттамасы
Қарым-қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы

Педагогикалық психологияның, қарым-қатынас психологиясының күрделі, педагогикалық мәнді проблемасы адамның іс-әрекетте, қарым-қатынаста кездесетін қиындықтары немесе қарым-қатынас «кедергі-лері» проблемасы болып табылады. Алайда, түсіну, (мәтіндерді) айтылған пікірлерге түсініктеме беру қиындықтары және оның диалог және жұртшылықпен қарым-қатынас жағдайында туындауы ежелгі уақыттың риторикасында да қарастырылған, мысалы, жоғарыда келтірілген Цицерон трактатында бұл проблема коммуникативтік-ақпараттық теорияның, әлеуметтік–психологиялық теорияның және біздің жүз жылдықтың ортасынан бастап когнитивті психология контексіндегі арнайы зерттеулер объекті ретінде зерттелді (Д. Катц, Л. Ли, Г. Лассвелл, М. Андерсон, Е.С. Кузьмин, Б.Д. Парыгин, Б.Ф. Ломов, Я.Л. Коломинский, Е.А. Климов және т.б.).


Педагогикалық іс-әрекетте мұғалім (оқытушы) мен оқушы (студент) арасындағы және сынып (топ) ішінде оқушылар (студенттер) арасындағы өзара әрекеттесу процесіндегі қиындықтар оған әсер етуші, себеп тудырушы факторларды анықтау мақсатында елеулі екпінмен зерттелуде. Және де осы қиындықтардың оқу іс-әрекеті үшін мәні де зерттелуде (Н.В. Кузьмина, А.А. Леонтьев, А.К. Маркова, В.А. Кан-Калик, Е.В. Цуканова, В.В. Рыжов, Л.А. Поварницына және т.б.). Қарым-қатынас «қиындықтары», «кедергілері» – бұл субъективті құрылу, субъекттің қандай да бір күрделі, таңқаларлық, стандартты емес, қарама-қайшылықты жағдайды бастан кешіруі екенін атап өтейік. Сондықтан, бір адамда қиындық туғызған жағдайды басқа адам мүлдем байқамауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет