И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет127/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Педагогикалық іс-әрекеттің
сипатына байланысты оның стильдері

Педагогикалық іс-әрекеттің стильдері туралы неғұрлым толық нақты көріністі А.К. Маркова мен А.Я. Никонова ұсынды [129, 180-190 б.]. Осы авторлардың көрсетуінше, мұғалім еңбегіндегі стильдерді ажыратудың негізіне келесі негіздемелер жатқызылған: стильдің мазмұндық сипаттамалары (мұғалімнің өз еңбегінің процесіне немесе нәтижесіне бағдарлануға басымдылық беруі, мұғалімнің өз еңбегіндегі бағдарланушы және бақылаушы-бағалаушы кезеңдерін күшейтуі); стильдің динамикалық сипаттамалары (икемділік, тұрақтылық, ауысқыштық және т.б.); нәтижелілік (мектеп оқушыларындағы білім мен оқу дағдыларының деңгейі және оқушылардың пәнге қызығушылықтары). Осы негізде авторлар қазіргі заман мұғалімін сипаттаушы даралық стильдердің төрт түрін бөледі.


Эмоционалды–импровизациялық стиль (ЭИС). ЭИС-ті мұғалімді оқыту процесіне басымырақ бағдарлану ажыратады. Мұндай мұғалім жаңа материалды логикалық, қызықты түсіндіреді, алайда түсіндіру процесінде көп жағдайда оның оқушылармен кері байланысы болмайды. ЭИС-ті мұғалім сауалдама жүргізу барысында оқушылардың көп санымен, негізінен ол күшті, өзін қызықтыратын оқушылармен жұмыс істейді, олардан тез қарқынмен жауап алып, формалды емес сұрақтар қояды, бірақ оқушылардың өздерін аз сөйлетеді, олардың өз бетінше жауап құрастыруын тоспайды. ЭИС-ті мұғалімге оқу-тәрбиелеу процесін сәйкес жоспарлауда жеткіліксіздік тән: сабақта өту үшін ол неғұрлым қызықты материалды таңдайды; қызықтылығы аз, бірақ маңызды материалды шәкірттердің өз бетімен талдауларына қалдырады. ЭИС-ті мұғалім іс-әрекетінде оқу материалын бекіту мен қайталау, шәкірттердің білімін бақылау жеткіліксіз орын алады. ЭИС-ті мұғалімді, оқытудың саналуан әдістерінің үлкен арсеналын пайдалану ерекшелендіреді. Ол ұжымдық талқылауды жиі қолданады, шәкірттердің спонтанды пікір айтуларын ынталандырады. ЭИС-ті мұғалімге ішкі түйсіктік тән, ол сабақ үстіндегі өзінің іс-әрекетінің ерекшеліктері мен нәтижелілігіне талдау жасай алмауынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет