И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Сабақтың психологиялық талдауының формасы



бет130/188
Дата27.02.2023
өлшемі2,06 Mb.
#170321
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   188
Байланысты:
Зимнаяя

Сабақтың психологиялық талдауының формасы

Сабақты психологиялық талдаудың негізгі формасының сипаттамасы адам ойлауында негізгі екі ойлау процесінің бірі ретінде анықталған, бастапқы теоретикалық анықтауға сүйенеді. Талдау, С.Л. Рубинштейн бойынша, «бұл затты, құбылысты, жағдайды ойша бөлшектеу және оны құраушы элементтерді, бөлшектерді, сәттерді, жақтарын айқындау; біз талдау арқылы көп жағдайда бізге қабылдаумен берілетін кездейсоқ, маңыздылығы аз байланыстардан құбылыстарды бөліп аламыз» [194, 1 т., 377-378 б.]. Талдау формалары саналуан. Оның неғұрлым толық формасы синтез арқылы талдау болып табылады, мұнда «... синтез талдау тарапынан бөлінген элементтердің азды көпті мәнді байланыстар мен қатынастарын аша отырып, бөлшектенген тұтасты қайта қалпына келтіреді» [194, 1 т., 378 б.].


Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға түседі. Осыған орай, мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді: мұғалім ретінде (жаңа материалды түсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырғанда), зерттеуші ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы ретінде (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында ән айтқанда немесе өлең оқығанда). Оның жаңа байланыстарға түсуіне байланысты, одан үнемі жаңа мазмұндар, яғни пәндік, тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік, мінез-құлықтық. мазмұндар «сарқылып алынады».
Психологиялық талдауға жататын сабақтың психологиялық «компоненттері» ретінде ең алдымен, оқу процесінің екі белсенді субъекті мұғалім және оқушылар, олардың өзара байланысын белгілейтін оқу пәні және барлық жақтарды біріктіруші өзара әрекеттесу процесі (еңбектестік, қарым-қатынас) қарастырылады. Сабақ біртұтас жүйе болғандықтан оның компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді болады. Олар бір-бірімен арақатынаста көрсетілуі мүмкін (синтез) және жекеленуі (талдау) мүмкін. Осылайша, сабақтың психологиялық талдауын синтез арқылы талдау формасында елестетуге болады. Осыған назар аудару маңызды, себебі адам талдап отырған объект орналасқан байланыстар мен қатынастар жүйесін қаншалықты аша бастағанына қарай, ол осы объекттің жаңа, әлі белгісіз белгілерін байқап, ашып және талдай бастайды. Және керісінше, ол осындай байланыстар жүйесін өзі ашпағанша, ол оны шешу үшін қажетті жаңа және керек қасеттерге, тіпті оған ол туралы айса да, оған тура көрсетсе де назар аудармайды. (А.В. Брушлинский).
Сабақ компоненттері арасындағы барлық саналуан өзара байланыстарды бейнелеуші синтез арқылы сабақты талдау формасы, мұғалімнің оқыту мен үйретудің ең күрделі психологиялық сәттерін неғұрлым терең тануына ықпал етеді. Сабақты психологиялық талдау барысында мұғалімнің талдамалық іскерліктері айқындалып, бірге қалыптасады, ол оның педагогикалық іс-әрекетінің гностикалық (зерттеушілік) функцияларын табысты орындау үшін қажет екені атап көрсетілді. Бұл жерде мұғалімнің талдамалық іскерлігінің өзі оның даралық-психологиялық бірқатар ерекшеліктерімен анықталады, солардың ішінде, мысалы, байқағыштық, талдамалық, аяға тәуелсіздік, ақыл сыншылдығы. Сабақ талдауының өзі, кәсіби-педагогикалық шеберлікті жоғарлатудың тиімді құралы бола тұра, мұғалімде осы сапалардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Ол мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түсінудің, оқу процесінде оның қолынан ненің келгенін, ненің келмегенін ұғынудың неғұрлым тиімді құралы, яғни «педагогикалық рефлексия» құралы болып табылады.
Сабақты талдау көбінесе отандық психологиялық мектептің негізін қалаушы принципінің жалпы психологиялық позициясы тұрғысынан жүргізіледі – дамытушы және тәрбиелеуші оқыту принципі. Осыған орай сабақ та осы позициядан түсіндіріледі. Оны бейнелеп көрсету ретінде ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, сабақтың келесі кең түрдегі түсіндірмесін келтірейік.
«1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ал оқушы тұлғасына әсер ету үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «өту» үшін емес, ал осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір интеллектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапаларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Интеллект арқылы сезімдерге (ұстанымдарға) әсер ету және сезімдер арқылы интеллектке (сендіру) әсер етуді байланыстыру керек. Оқыту процесі оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, оның тұтастай психикалық дамуына өзгеріс енгізуі керек. Оқыту тұлға құрылымына өзгеріс енгізбесе дамытушы бола алмайды.
2. Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет шарт өзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түркі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген жағдайларда да сақталып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді. Осы жерден жалқаулық үшін ұрыспай, танымдық белсенділік пен қызығушылықты ынталандыру, талапты орындамағыны үшін жазаламай, шәкірттердің іс-әрекетін мұғалімнің қойған талабы олардың өздерінің ішкі түрткісі болатындай етіп ұйымдастыру деген шешім шығады.
3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың үйлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.
4. Кез-келген сабақтың орталық компонентті – шәкірттердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс - ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалық -синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктредің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылықтық шешу жүзеге асады.
Ойлау мен қиялдаудың продуктивті жұмыс істеуінің қажетті шарты шәкірттердің қабылдау мен есте сақтауын дұрыс ұйымдастыру, белгілі бір ұстаным мен зейінді ұйымдастыру болады.
5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес – сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі және т.б., сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни шәкірттердің даралық–психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» [159, 82-83 б.].
Келтірілген сабақ түсіндірмесі, тек дамыта оқыту принціпін барынша толықтай бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ оның проблемалығын, мотивтендірілгендігін, үйренушілердің даралық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   188




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет