Тақырып 10. Қазіргі заманғы мұғалім имиджі.
Мақсаты: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының ролі мен орнын анықтау
Жоспары:
Мұғалім имиджінің құрылымы (жеке, кәсіби, қалайтын компоненттер).
Мұғалімнің имиджі өзің-өзі үнемі жетілдіру жұмысы ретінде. Мұғалімнің габитарлық имиджің құру.
Мұғалімнің имидж түрлері (габитарлық, вербальдық, кинетикалық, іскерлік және аймақтық).
1. Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады:
Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стеротипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттану, жұмыстар атқару, қызметтелу барысында сөзсіз жайлы ұғым, пайда болады.
2. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus – сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті.
Іскер имидж - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты.
Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды.
Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді. Кеңестер одағының соңғы коммунистік әндері қайта өрлеудің (перестройка) белсенді тұлғасы М.С.Горбачевтың жұбайы Р.М.Горбачева крейл келіншектерінің стереотипін күйретті. Бірінші леди Р.М.Горбачева өте білімді, беделді, салауатты, әсем, ой - санасы өте жоғары тұлға болатын өзін жеке тұлға ретінде саяси өмірге ұсынбаған.
Көп қырлы күрделі имидж - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді.
Мекемелелер мен ұйымның имиджі –ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, өндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы көрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) көмектеседі.
Заттық имидж – бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады.
Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз – субьекті – субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет.
Әдебиет тізімі:
https://www.uniface.kz/index.php?id=270&post=article§ion=2
Достарыңызбен бөлісу: |