№32 Маман имиджі
Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез – құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады:
1-тапсырма:
1. Жеке адам, тұлға, индивид ұғымдарына түсінік беріңіз.
2. Қоғамдағы жеке адамның, тұлғаның қалыптасу заңдылығы.
3. Тұлға бойындағы адами қасиеттерді саралаңыз.
2 тапсырма
Кәне, тақтаға қарап, «Суреттер көрмесі» жаттығуында бейнеленген суреттерде жануарлар мен адамдардың әртүрлі іс-қимылдарымен бет-әлпеттері , тұрыстары берілген. Осы суреттерде қандай ақпараттар бейнеленіп тұр, соны анықтап көрелік.
-Өте жақсы.
«Суреттеркөрмесі» жаттығуы
3- тапсырма
Ендеше, сіздермен «Шеңбер жылдамдығы» деген жаттығуды жүргізейік. Біздер шеңбер жасай отырып, кезекпен-кезек аяқталмаған сөйлемді жалғастырайық.
Егер де мен, ашулы болсам, онда...
Егер де мен таңқалсам, онда...
Егер де мен қорықсам, онда...
Егер де мен қуаныштыболсам, онда...
Ойланайық осы жағдайдаөз эмоция мен сезіміміздікөрсетейік.
Студенттершеңбербойыншаөз эмоция мен сезімдерінанықтап, сөйлемдіжалғастырады.
Егер де мен, ашулыболсам, онда...
Егер де мен таңқалсам, онда...
Егер де мен қорықсам, онда...
Егер де мен қуаныштыболсам, онда...
Өз ойларын ортаға салу, саралау
Пресс- конференция
«Маманның сыртқы түр-бейнесі»
Кері байланыс. «ПОПС» формуласы.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім
4-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
Имидж (ағылш. image – бейне, бейнелеу) – өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп көрсету.
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады.
Имидждің түрлері төмендегідей:
1) Қоршаған орта имиджі (адамның жұмыс кеңсесі, көлігі),
2) Қоғамдық имидж (өзі қолданатын зат тар, мысалы, хаттар, визит карталары, әдет те сыйлайтын сыйлықтары, гүлдері);
3) Вербальды имидж (сөйлеу, жазу мә де ниеті);
4) Кинетикалық имидж (өзіне ғана тән іс-қимылдары),
5) Габитарлы имидж (киімі, тұтынатын заттары, шашының сән үлгісі);
6) Ментальды имидж (дү ние танымдық көзқарастары, этикалық әдептері, әлеуметтік жағдайы);
7) Сыртқы имидж (адам туралы басқалардың ба ғасы, дос-жарандардың, таныс, таныс емес жандардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарының өзі туралы таратқан ақпараттары). Мамандардың айтуынша, имидж адамның ішкі дүниесіне сай келуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |