И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Қиындықтардың жас ерекшеліктер саласы



бет160/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Қиындықтардың жас ерекшеліктер саласы
Қарым-қатынас серіктерінің жас ерекшеліктері де қиындықтар туғызуы мүмкін. Баланың мектепке дейін үлкендермен араласқанды қалайтыны белгілі; орта жеткіншек жасқа дейін балалардың жартысы құрбыластарымен араласуға басымдылық береді. Мұндай басымдылық жоғарғы сынып оқушыларында мектеп бітіргенге дейін, бозбала мен бойжеткендердің үштен біріне жуығы қайтадан үлкендермен қарым-қатынасқа қызығушылық таныта бастаған кезге дейін үстем болады. Үлкендермен, педагогпен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар көбінесе, шәкірттің, соның ішінде жеткіншектің өзінің ішкі дүниесі үлкендерге түсініксіз, олар оны әлі бала деп есептейді деп ойлауымен байланысты пайда болуы мүмкін (сондықтан да педагогтың сыныпта «Балалар» немесе «Балалар мен қыздар» деп сөйлеуі жағымсыз және сын көзбен қарау реакциясын тудыруы мүмкін). Қарым-қатынас қиындықтары, педагогтың жұмысбастылығы немесе басқа қызығушылықтарына қарай жастар субмәдениетінің музыка, бейнелеу өнері, би, кинематограф, тіл мен құндылықтар әлемін білмеген кезде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда педагогта оқушылармен қарым-қатынастың ортақ пәні жоқ («Онымен физикадан басқа ештеңе жайлы айта алмайсың» педагогтың қарым-қатынас серігі ретіндегі бағасы осындай). Педагогикалық қарым-қатынастағы әке мен бала проблемасы «мұғалім-оқушы» рөлдік қатынастарынан өте анық байқалады. Педагогтың жастық ерекшеліктерімен байланысты қарым-қатынас қиындықтарын жеңу оның үнемі тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуында, оның қоғам өміріне араласуында, жастар әлеміне қызығушылығында жатыр. «Кім өзі лаулап жанбай, бықсып жатса, басқаны да лаулата алмайды» – деген көне даналық.
Қиындықтар сонымен қатар, оқытушының өз студенттерінен немесе тыңдаушыларынан жас болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда педагоготың ересек болып көрінуге тырысуы оның іскерлік қарым-қатынас мәнерінен айрықша көрсетуінен, дауыс ырғағының қажетсіз қатаңдығынан, стилистикалық формалды тілдік құралдарды таңдауының еріктілігінен көрінеді, бұл қарым-қатынас жағдайының табиғилығын бұзып, оның жайлылығын қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет