Байланысты: И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org
Оқу міндетінің жалпы сипаттамасы Оқу міндеті кез-келген басқа міндеттер сияқты қазіргі кезде жүйелік білім беру ретінде қарастырылады да, онда екі компонент міндетті болып табылады: бастапқы қалыптағы міндет пәні және міндет пәні күйін талап ететін модель [20, 41б.]. Міндет құрамы «берілген деректер және іздестіру», «белгілі және белгісіз», «шарт және талап» ретінде бір мезгілде бастапқы күй формасында және осы құрам компоненттері арасындағы қатынастардың шешілу нәтижесі ретіндегі (Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин) «қажетті болашақ моделі» формасында көрсетілген. Міндетті осылайша түсіндіру нәтижені болжау мен оның үлгісін елестетуді қамтиды. Міндет қандай да бір құбылыс, объект, процесс жайлы мәліметтердің тек бір бөлігі ғана анықталған, ал қалғаны белгісіз ақпараттың күрделі жүйесі ретінде қарастырылады. Ол тек жекеленген түсініктер, жағдайлар арасында жаңа білімдерді, дәлелдерді, түрлендіруді, үйлестіруді қажет ететін келісімсіздік, қарама-қайшылық болатындай етіп тұжырымданған міндеттер немсе мәліметтерді шешу негізінде ғана табылады.
Оқу міндетінің құрамы Л.М. Фридман, Е.И. Машбиц жұмыстарында жете қарастырылған. Кез-келген міндет сияқты оқу міндетінде мақсат (талап), объектілер бөлінеді, олар міндет шарттары-ның құрамына, олардың функциясына енеді. Кейбір міндеттерде орындау тәсілдері мен құралдары көрсетіледі (олар эксплициаланған немесе көбінесе жасырын формада беріледі).
Л.М. Фридман түсіндермесінде кез-келген міндет құрамына бірдей бөлшектер енеді:
пәндік саласы – сөз болып отырған белгіленіп бекітілген обьектілер тобы;
осы объектілерді байланыстыратын қатынастар;
міндеттер талаптары – міндетті орындау мақсатын көрсету, яғни, орындау барысында нені орнату керек, соны көрсету;
міндет операторы – міндетті орындау үшін оның шарттарына қатысты жасалу керек әрекеттер жиынтығы [222]. Бұл көрсетуде «орындау тәсілі» және «оператор» түсініктер өте жақын, бірақ іс-әрекеттік түсіндермеде бізге «орындау тәсілі» терминін пайдалану ыңғайлырақ.