И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Мотивация – оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті



бет81/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Мотивация – оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті
Мотивация, ары қарай көрсетілетіндей, тек оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуының негізгі компоненттерінің бірі ғана емес (Э.Торндайктың «әзірлік заңын», П.Я. Гальпериннің мотивацияны ақыл-ой әрекеттерінің сатылап дамуының алғашқы міндетті сатысы ретінде қарастыруын еске түсірейік), сонымен қоса осы іс-әрекет субъектінің өзінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мотивация оқу іс-әрекетінің құрылымына бірінші міндетті компонент ретінде енеді. Ол іс-әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бірақ осы іс-әрекет субъекті ретіндегі тұлғаның әрқашанда ішкі сипаттамасы болады. Дәл осы мотивацияның оқу іс-әрекетіндегі бірінші дәрежелік маңызды-лығымен оның келесі тарауда арнайы жете қарастырылуы түсіндіріледі.

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеті
Санақ бойынша екінші, бірақ іс-жүзінде оқу іс-әрекеті құрылымының басты компоненті оқу міндеті болып табылады. Ол оқушыға белгілі бір оқу жағдайындағы белгілі бір оқу тапсырмасы ретінде ұсынылады (оның тұжырымы оның шешілуі мен нәтижесі үшін аса маңызды), олардың жиынтығы тұтастай оқу процесі болып табылады.
«Міндет» түсінігі ғылым дамуында үлкен тарихқа ие. Психологиялық тұрғыда отандық ғылымда міндеттер категориясын алғашқылардың бірі болып қарастырған зерттеуші М.Я. Басов (1892-1937). Ол баланың іс-әрекетін талдай отырып, түрлі оқу және өмірлік ситуациялар үшін ортақ нәрсе - міндет болып табылады деп көрсеткен. Бұл ортақ сәт адамның әлі білмейтін нәрсесін және затта жай ғана көре алмайтын нәрсені ашуға деген қажеттілігімен байланысты; ол үшін оған осы затпен белгілі бір әрекет жасау қажет. Өз еңбектерінде ол психологияда міндет түсінігімен қатар, «әрекет», «мақсат» және «тапсырма» терминдерін қатар қолданудың мақсатқа сәйестілігін дәйектеді.
Кейіннен С.Л. Рубинштейн жұмыстарында міндет түсінігі әрекет түсінігімен ара қатынаста және жалпы мақсатты болжау контексінде неғұрлым кең талқылау алды. С.Л. Рубинштейн бойынша «адамның ырықты әрекеті дегеніміз – бұл мақсатты жүзеге асыру. Әрекет жасамас бұрын, мақсатты түсіну керек, яғни соған жету үшін әрекеттенетін мақсатты түсіну. Алайда, мақсат қаншалықты маңызды болғанмен де оны сезініп қана қою жеткіліксіз. Оны жүзеге асыру үшін әрекет атқарылатын шарттармен санасу керек. Мақсат пен шарттың арақатынасы міндетті анықтайды, ол әрекетпен шешілу тиіс. Адамзаттық саналы әрекет – бұл азды көпті мөлшерде міндетті саналы түрде орындау. Бірақ әрекетті атқару үшін міндеттің субъект тарапынан түсінікті болу да жеткіліксіз; ол субъект тарапынан қабылданған болу қажет» [193, 152 б.]. Айта кететін жайт, А.Н. Леонтьев бойынша міндет – бұл белгілі бір жағдайда берілген мақсат.
Міндет түсінігінің жалпы дидактикалық мазмұнын қарастыра отырып В.И. Гинецинский оны былайша анықтайды «...іске асырылып қойған танымдық іс-әрекеттің кейбір үзінділерін сипаттаудың стандартталған сәйкес формасы, ол оқыту жағдайында осы іс-әрекетті қайта өндіру үшін жағдай тудыруға бағдарланған» [53, 173 б.]. Міндет шарттарына, оның талаптарына берілген деректер мен іздестіру жатады, сондай-ақ негізгі шарты «бар дерек арқылы іздестіруды көрсетеді». Сонымен қатар, тапсырмаларды мүлтіксіз және күрделілік критерийлері бойынша тұжырымдаудың маңыздылығы атап өтіледі, бұл жерде соңғысы объективті көрсеткіш болып табылады, ол субъективті көрсеткіш қиындыққа немесе міндетті орындаудың жеңілдігіне теңестіріледі. Дидактикалық тұрғыда В.И. Гинецинский көрсеткен психологиялық міндеттің екі сипаттамасы да маңызды, мұнда біріншісі оқу материалын игеруді анықтау міндеттеріне теңестіріледі, ал екіншісі – танымдық белсенділікті, танымдық жігерлерді ынталандырумен байланысты.
Оқу іс-әрекетінін, субъекттің өзін-өзі дамуына бағытталған әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игерудегі өзгеше іс-әрекеті ретіндегі анықтамасына сүйене отырып, атап өтетін жайт, оқу міндеті – бұл оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі. Д.Б. Эльконин бойынша, оқу міндетінің басқалардан негізгі айырмашылығы оның мақсаты мен нәтижесі субъект әрекеттенетін заттардың емес, керісінше субъектің өзінің өзгеруінде тұр.
Оқу міндеттерінің құрамы, яғни берілген оқу уақыты қиындысында оқушы жұмыс істеуі тиіс сұрақтар (әрине, жауаптар да) мұғалімге, оқытушыға, және де оқушыға, студентке белгілі болу керек. Іс жүзінде бүкіл оқу іс-әрекеті оқу міндеттерінің жүйесі ретінде қойылуы тиіс (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Г.А. Балл). Олар белгілі бір оқу жағдайларында беріледі және де белгілі бір оқу әрекеттерін ұйғарады – заттық, бақылау және көмекші (техникалық) әрекеттер. Көмекші әрекеттерге сызба жасау, айрықша көрсету, көшірме және т.б. жатады. Сонымен қоса, А.К. Маркованың айтуынша оқу міндеттерін игеру оқушының соңғы мақсатты түсінуі мен берілген оқу міндетін тағайындауы ретінде жұмыспен өтеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет