И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Педагогикалық психологияның міндеттері



бет11/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Педагогикалық психологияның міндеттері
Жалпы, педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің, білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап, зерттейді. Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
  • оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен заңдылықтарын ашу;


  • оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында сақталынуы (нығаюы) және әртүрлі жағдайларда пайдалануы;


  • оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың (еңбектестік, оқытудың белсенді формалары және т.б.) формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;


  • оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық белсенділікке әсерін анықтау;


  • педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның жеке-психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;


  • дамыта оқытудың, атап айтқанда, ғылыми, теоретикалық ойлаудың механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;


  • білімді меңгеру заңдылықтары, шарттары мен өлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру;


  • игеру сапасы диагностикасының деңгейінің психологиялық негіздері мен оның білім беру стандарттарына қатыстығын анықтау;


  • білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.





Педагогикалық психологияның құрылымы
Ғылыми білімнің әрбір саласының зерттеу пәні оның құрылымдық ұйымдастырылуын, яғни аталған ғылымға кіретін тарауларды анықтайды. Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады: оқыту психологиясы, тәрбие беру психологиясы, мұғалім психологиясы. Мектепке дейінгі бала мен мекетеп оқушысының психологиясын жас ерекшелік психология қарастырады. Студенттік жас өмірдің ерекше кезеңі ретінде жеке қарастырылады (атап айтқанда, Б.Г. Ананьевтің психологиялық мектебі)
Педагогикалық психологияның зерттеу пәніне біз кеңінен түсінік беруімізге байланысты (оған оқушының оқу қызметі мен педагогтың педагогикалық қызметінің бірлігі ретінде білім беру процесінің өзін, сонымен қатар оқушы тұлғасының позитивті дамуының психологиялық заңдылықтарын анықтау мақсатында олардың әрбіреуіне және олардың субъекттерінің сипаттамасын қоса) осы ғылымның құрылымы келесі себептерге байланысты басқа позициядан ұсынылуы мүмкін.
Біріншіден, бұл позиция ғылыми білімнің дербес саласы болса да, бастапқы белгісі бойынша психологиялық ғылым болып табылатын педагогикалық ғылымның пәнін пәнаралық деп түсінумен анықталады. Осыған сәйкес бұл пәнге тұлға, ұжым, еңбектестік психологиясының көптеген жақтары, жас ерекшелік және әлеуметтік психология, психофизиологияның аспектілері кіреді. Ал осы жақтар білім беру процесі мен оның нәтижесіне қатысты қарастырлғандықтан, олар педагогикалық психологияның пәнін құрайды. Педагогикалық психологияға осылайша түсінік беру қазіргі заманда оның білім беру психологиясы (Psуchologу Education) деп аталатын пәніне тән білім салаларының сан алуандылығымен немесе оқытудың өзі білім беру және үйрету сияқты екіжақты процесс деп түсінілетін оқыту теориясымен түсіндіруге болады.
Екіншіден, педагогикалық психология құрылымын қарастырудың ұсынылған позициясы оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысын біраз басқаша анықтауды қарастырады. Қазіргі заманғы ғылым мен педагогикалық тәжірибеде оқыту деп оқушыларға алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік мәдени тәжірибесін табыс етудің (білім, норма, іс-әрекеттердің жинақтап қорытылған тәсілдері және т.б.) белсенді, мақсатты бағытталған процесі және осы тәжірибені игеруді ұйымдастыру, сонымен қатар бұл тәжірибені әртүрлі жағдайларда қолдануға мүмкіндік пен дайындықты түсінеді. Оқыту осыған сәйкес, өз шарты ретінде осы тәжірибені игеруде үйрету немесе оқыту процесін ұйғарады.
Тәрбие беру (оқыту, оқытумен қатар немесе одан тыс процестер барысында) адамды (қоғамның адам дамуының әрбір берілген тарихи кезеңінде әлеуметтік маңызды, позитивті құндылықтар ретінде қарастырылатын) белгілі құндылықтарға бағыттау, өзін-өзі ұстау принциптерін, баға беру жүйесін, өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоғамға, жалпы әлемге көзқарасын қалыптастыру мақсатында мақсатты бағытталған ықпал деп түсініледі (А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев)1. Тәрбие беру талдамалы және педагогикалық мақсаттарда ол адамгершіліктік, эстетикалық, еңбектік, физикалық және т.б. деп жеке тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, жалпы барлық білім беруші ортаның тұтас ықпалы ретінде қарастырылады [246].
Оқыту мен тәрбие беру процестерінің осылайша түсінілетін өзара байланысы, кемінен төрт түрлі бола алады:

  1. Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын, оқытудан ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны, оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы екі процестің арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын қатынастар. «Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып, біз оқытамыз», - деп С.Л. Рубинштейн атап өткен. Осындай түрде тәрбие беру оқу процесіне кіреді, бұл жағдайда ол тәрбиелеуші оқыту ретінде анықталады. Осы тұрғыдан ол басымдырақ тартып, педагогикалық психологиямен қарастырылады.


  2. Тәрбие беру белгілі бір жүйе мен мекеменің білім беру процесінде және оқытудан тыс, оған қатарласа (үйірмелер, қоғамдық жұмыс, еңбекке тәрбиелеу) жүзеге асырылады. Бұл жерде оқытудың барлық тиімділігі нығайтылуы тиіс, және оқыту өз кезегінде тәрбие беруге ықпал етуі тиіс.


  3. Тәрбие беру білім беру процесінен тыс (бірақ оның ортақ мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес) отбасында, еңбек ұжымы, топта, қауымдастықта жүзеге асырылады, бұл жерлерде оқыту мен үйрету өз бетінше жүруі де мүмкін.


  4. Тәрбие беру өз бетінше, ал кейбір кезде мақсатты бағытталған оқыту мен үйретумен ілесіп басқа да мекемелер мен (білім беруші емес), қауымдастықтарда жүзеге асырылады (клубтар, дискотека, компаниялар және т.б.). Үлкендер мен құрдастарының тәрбие берудің осындай өмірдің қатаң шындығынан туған әсері көбінесе шешуші болып шығады.


Әрине, тәрбие берудің оқыту процесіне қарасты соңғы үш түрі педагогикалық психологиямен ғана емес психология мен педагогиканың арнайы бөлімінде қарастырылуы қажет. Педагогикалық психология үшін тәрбие беру оқыту процесіне оның мазмұны, түрі мен әдістері арқылы үйлесімді өз орынын алуы қажет. Зерттеу пәнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған көзқарастар тұрғысынан педагогикалық психологияның құрылымына:


  1. білім беруші қызметтің психологиясы (оқу және педагогикалық қызметтің бірлестігі ретінде);


  2. оқу қызметінің және оның субъекті – оқушының психологиясы (оқушы, студент);


  3. педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиелеуші әсердің бірлестігі) және оның субъекті (мұғалім, оқытушы) психологиясы;


  4. оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас психологиясы кіреді.


Аталған құрылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның өзінде ол 3 тармақта дәстүрлі болып қалып отыр (оқыту, тәрбие беру, мұғалім). Қазіргі уақытта педагогикалық психология жоғары мектеп психологиясы (жоғары білімнің) (Н.В. Кузьмина, М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, А.В. Петровский, С.Д. Смирнов) және мектепте оқытудың педагогикалық психологиясы болып бөлінуі көп кездеседі, оған дәстүрлі осы саладағы жұмыстар кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет