И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Өзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы



бет115/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Өзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы
Өзіндік жұмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы төмендегілерді қамту керек:
  • үйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде өз танымдық қажеттіліктерін диагностикалауы;


  • өздерінің интеллектуалдық, тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс уақытын объективті бағалау;


  • өзіндік жұмыстың мақсатын анықтау – жақын немесе алыс мақсатын, яғни ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе, мысалы, оқуды жалғастыру үшін керек деген сұраққа жауап;


  • үйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың өзі үшін дәйектемесін өз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде, мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын, музыкасын, Францияның өнерін және т.б. таңдау болуы мүмкін);


  • нақты жоспарды, өзіндік жұмыстың қысқа және ұзақмерзімді бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ұстазбен жұмыс осындай бағдарлама құруға үлгі болса, өте тамаша болар еді;


  • өзін-өзі бақылау формасы мен уақытын анықтау. Бақылау формасы ретінде оқушы біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат және т.б.), яғни жұмыс нәтижесі өзі үшін, өзгелер үшін тұлғалық мәнді жұмысты таңдап алғаны өте орынды болар еді.


Әрине, осындай өзіндік жұмыспен айналыстаын оқушылар саны аз болуы мүмкін, бірақ оны ұйымдастыру шарттары оған әркімнің де қосылуына мүмкіндік беруі керек. Қорыта келе, оқытылушының өзіндік жұмысы оның оқу іс-әрекетінің өзгеше формасы ретінде мұғалім тарапынан алдын ала осы жұмыс тәсілдеріне, формаларына және мазмұнына оқытуды талап ететінін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бұл мұғалімнің ұйымдастырушы және басқарушы функциясының (икемділіктің түрлі дәрежесімен) маңыздылығын және сонымен бірге оқытылушының өзін оқу іс-әрекетінің нағыз субъекті ретінде саналауының қажеттілігін баса көрсетеді.


***

Оқытылушының өзіндік жұмысы оның өзіндік білім беруі контекстінде қарастырыла отырып, өзіндік реттеу және мақсатты ұйғару критерийлері бойынша оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы болып табылады; ол басқару көзіне, түрткі сипатына және т.б. байланысты сараланып жіктеліне алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
  1. Оқу іс-әрекетінің дербестілігі нені анықтайды (критерийлері)?


  2. Өзіндік жұмысқа қандай талаптар қойылады?


  3. Өзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары ретінде не бола алады?



Әдебиет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет