И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу – оқу іс-әрекеті



бет68/187
Дата08.12.2023
өлшемі1,47 Mb.
#195668
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org

Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу – оқу іс-әрекеті

субъекттерін жеке ыңғайдан қарастыру негізі ретінде
Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу психологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Білім берудің және ең алдымен мектептік жүйенің түрлі сатыларындағы типтік субъектті анықтау үшін бастапқы болып табылатын, жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлу деген келістерді қарастырайық.
Л.С. Выготский келістердің, немесе осы проблеманы шешу схемалардың үш тобын анықтады. Бірінші топ шегінде, биогенетикалық ықпалды есепке ала отырып, балалық шақтық кезеңдерге бөлу филогенетикалық даму кезеңдеріне негізделген. Л.С. Выготский осы топқа, сондай-ақ, тәрбиелеу мен білім беру сатыларында негізделген кезеңдерге бөлуді жатқызады. Мұндай схеманың жалпылығы жайлы айта отырып, Л.С. Выготский келесі жағдайды мойындайды: осы сатыларды жас ерекшеліктік өзгерістермен теңестіретін, білім берудің орасан зор практикалық тәжірибе салдарында «балалық шақты педагогикалық принцип бойынша бөлшектеу бізді балалық шақты жекеленген кезеңдерге шынайы бөлшектеуге өте жақындатады» [49, 244 б.]. Келістердің екінші тобы (өте көп) кезеңдерге бөлу негізі ретінде қандай да бір (көбінесе сыртқы) белгінің өзгеруін алады, мысалы тіс жару мен алмасу (дентиция), сексуалды жетілу және т.б. келістердің үшінші тобы базальдыны, дамудағы мәндіні мысалы, дамудың ішкі қарқыны мен ырғағын айқындауға бағытталған.
Отандық психологияның психикалық дамуды психикалық және тұлғалық жаңақұрылымдардың пайда болуымен байланысты процестің ішкі қарама - қайшылығы ретінде түсінуі арнасында (ІІ бөлім, 2 тарау, 2§ қараңыз), Л.С. Выготский, П.П. Блонскийдан кейін, белгілі бір дәуірлерді, сатыларды, фазаларды даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар деп– берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын және негізінен баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі және сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуының және оның іс-әрекетінің жаңа типі, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн» [49, 248 б.].
Екінші критерий ретінде Л.С. Выготский бір кезеңнен екінші кезеңге өту динамикасын есептейді, бұл динамика шұғыл, қиын және баяу, біртіндеп, созылмалы болуы мүмкін. Осыған сәйкес Л.С. Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау кезеңдерін бөледі: нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай – 1 жыл ), 1 жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл – 3 жас), 3 жас дағдарысы, мектепке дейінгі жас (3 жас –7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас дағдарысы. Осы схемада өзіне назар аудартатыны – мектепке дейінгі және мектеп жасы (педагогикалық схема бойынша), пубертатты (бір белгі схемасы бойынша) кезеңдерді бөлу негіздерінің түрліше болуы. Алайда, екі өлшемдерді біріктіру келісінің өзі осы кезеңдерге бөлуді (Д.Б. Эльконин бойынша көпсимптоматикалық сияқты) ең кең таралған және өнімділердің бірі қылады. Мысалы Д.Б. Эльконин Л.С. Выготский схемасын бастапқы ретінде қабылдай отырып, 7 жас дағдарысынан кейінгі кезеңдерді келесі түрде анықтайды: 7 жас дағдарысы, кіші мектеп жасы, 11-12 жас дағдарысы, жеткіншектік балалық шақ (ерте жастық шақ кезеңі де бөлінетінін елей отырып). Бұл схема жалпы тұтастай педагогикалық негізде құрылған.
Жалпы педагогикалық психология үшін және білім беру жүйесінің әр сатысындағы үйренушінің типтік «психологиялық портретін» анықтау үшін Д.Б. Эльконин тұжырымдамасы маңызды: «қиын-қыстау кезеңде сәйкес жаңа құрылымдардың пайда болуын тудыратын нәрсе, өз тарапынан тиянақты кезеңдегі ары қарай дамудың бас желісі болып табылады» [238, 45 б.]. Педагогикалық схема бала дамуындағы өзгерістердің соңынан «ілесе алмауы» мүмкін (Л.С. Выготский), нәтижесінде қиын тәрбиеленбеу, үлгермеу әсерлері пайда болады, олардың себептерінің бірі бала қалыптасуының динамикасында болуы мүмкін.
Ж. Пиаже [173] түрлі жастағы субъекттердің типтік ерекшеліктерін анықтауға оның интеллектінің дамуы позициясынан келді. Ол өз теориясының бастапқы ахуалдарына негізделді: а) функциялар арасындағы (бейімделу, ассимиляция, аккомодация) арасындағы ара қатынасты қамтамасыз ететін, интеллектуалды даму ұмтылатын бөлшектер мен тұтас арасындағы тұрақты қатынастар ретіндегі тепе-теңдік принципіне және б) құрылымдыққа, мұнда құрылым дегеніміз «ақыл-ой жүйесі немесе тұтастық, олардың белсенділік принциптері осы құрылымды құрайтын бөлшектердің белсенділік принциптерінен өзгеше» [150, 22-23 б.]. Ж. Пиаже, интеллект дамуының төр негізгі кезеңдерін бөледі, олар сенсомоторлық интеллект құрылуынан және тілдің пайда болуынан кейін жүреді, немесе тілді меңгеруді мүмкін қылатын «символдық функциялар» пайда болғаннан кейін, ал бұл 1,5-нан 2 жасқа дейінгі аралықта болады. Осыған сәйкес:



  • 1,5-нан 2 жасқа дейін «4 жасқа дейін созылатын кезең басталады және бұл ол символдық және түсініктерге дейінгі ойлаудың дамуымен сипатталады;


  • 4-тен 7-8 жасқа дейінгі кезеңде алдыңғыға сүйене отырып интуитивті (көрнекі) ойлау құрылады, оның прогрессивті буындасуы тікелей операцияларға әкеледі;


  • 7-8 ден 11-12 жасқа дейін нақты операциялар қалыптасады, яғни манипуляциялауға болатын және интуицияда қамтуға болатын обьекттерге жататын ойлаудың операционалдық топтасулары;


  • 11-12 жастан және бүкіл жастық шақ кезеңінде формалды ойлау өндіріледі, олардың топтасуларын кемелді рефлексивті интеллект сипаттайды» [173, 177 б.].

Ж. Пиаже мен Л.С. Выготский схемаларында түрлі негіздерде жүргізілген кезеңдер шекарасын салыстырса, мысалы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасын, онда олар сәйкес келуі ықтимал.


4-тен 7-8 жасқа дейін


Мектеп жасы


3-тен 7 жасқа дейін


7-8-ден 11-12 жасқа дейін


Мектеп, немесе кіші мектеп жасы


8-ден 12 жасқа дейін


Көріп отырғандай, бұл шекаралар ең алдымен, балаларға білім беру мен олардың әр сатыға ішкі психологиялық дайындығын теңестірудің, өркениеттің генетикалық санасында тарихи қалыптасқан, әлеуметтік мәдени тәжірибесімен анықталады. Л.С. Выготский әділ белгілегендей, педагогикалық схема немесе, басқаша айтқанда, жас ерекшелік дамуды кезеңдерге бөлудің әлеуметтік мәдени және тарихи негізі зерттеушілердің барлығы дерлік формалды бөлетін, негізгі болып табылады, әсіресе кезеңдерге бөлудің көпсимтоматикалық негізін ұстанғандар тарапынан.


Бүкіл дүние жүзінде үйренушілерді, олар оқитын (оқушылар, гимназистер, реалистер, студенттер) білім беру жүйесінің сипатына сәйкес атайды. Осы атаулардың ішінде оқытудың жасы мен сатысына сәйкес одан да бөлшекті белгілеулерді ажыратады. Бұл бір, үйренушінің субъекттік болмысын әлеуметтік мәдени және жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлудің негізінде жатқан, мәдени-тарихи дифференциация. Ол баланың мемлекеттің қоғамдық институттардағы (мекемелердегі) іс-әрекет сипатымен байланысты. Осыдан білім беру сатыларындағы кезеңдердің атауы да шығады – мектепке дейінгі, мектеп жасы (кіші, орта, жоғары), студенттік. Бұл субъекттік болмыстың 6-дан 22-23 жасқа дейінгі жас сатысындағы кезеңдерге бөлудің педагогикалық өлшемдері жайлы куәландырады. Келесі кезеңдерге бөлу жалпы қабылданған болып есептеледі [96, 39 б.]: мектепке дейінгінің алдындағы жас (3-5 жас), мектепке дейінгі (5-7 жас), кіші мектеп жасы (7-11 жас), жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас), ерте жастық шақ, немесе жоғары мектеп жасы (15-18 жас) және студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас) –17–18 – 22–23 жастар (Б.Г. Ананьев бойынша).
Осыған сәйкес, әр білім беру кезеңдерінің типтік субъекттері мектепке дейінгі, кіші мектеп оқушысы, жеткіншек, жоғары сынып оқушысы, студент болады. Бұл жерде, адам өміріндегі әр жас кезеңі оның көрсеткіштері ретінде болатын көптеген факторлардың жиынтығымен анықталады. Д.Б. Эльконин дамудың өзін де, және оның кезеңдерін де шарттаушы негізгі үш факторларды, көрсеткіштерді атайды. «Бала өміріндегі белгілі бір жасы, немесе оның дамуының сәйкес кезеңі, – бұл өте бір тұйықталған кезең, оның мәні ең алдымен осы кезеңнің бала дамуының жалпы көрсеткішіндегі орнымен және функционалды мағынасымен анықталады. Әр жас, немесе кезең, келесі көрсеткіштермен сипатталады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет