Байланысты: И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түз-emirsaba.org
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар Оқу әрекеттерін талдауда олардың операциялар деңгейіне өтуі маңызды болып табылады. А.Н. Леонтьев бойынша, операциялар – бұл өз мақсаты көрсетілген белгілі бір шарттарға жауап беретін әрекеттер тәсілі. Оқытудағы саналы мақсатқа бағытталған әрекет көп рет қайталана отырып, басқа неғұрлым күрделі әрекеттерге қосыла отырып, біртіндеп оқушының саналы бақылау объекті болудан қалады да, неғұрлым күрделі әрекеттерді орындау тәсіліне айналады. Бұлар операцияға айналған бұрынғы саналы әрекеттер, аталмыш саналы операциялар. Мысалы, шет тілін меңгеруде ана тіліне үйреншікті емес дыбысты ауызша айту (артикуляциялау) әрекеті (мысалы, орыс тілі үшін таңдаймен, мұрынмен шығаратын дыбыстар) жеткілікті түрде қиын болып табылады. Ол мақсатты, саналы түрде тәсілі мен іске асыру орны бойынша қадағаланады, оқушының ерік-жігер күшін талап етеді. Осы әрекетті өңдеу мөлшеріне байланысты айтылған дыбыс буынға, сөзге, сөз орамына енеді. Оны айту әрекеті автоматтандырылып, санамен қадағаланбайды, сана іс-әрекеттің басқа одан да жоғары деңгейлеріне бағытталады және басқа әрекеттерді орындау тәсіліне айнала отырып, «фондық автоматизм» деңгейіне өтеді (Н.А. Бернштейн).
Қарапайымдалған әрекет басқа, неғұрлым күрделі әрекеттерді орындау шартына айналады және операциялар деңгейіне, яғни сөздік іс-әрекетті орындау техникасына өтеді. Бұл жерде операцияларды басқару оның фондық деңгейімен жүзеге асады. Н.А. Бернштейн бойынша қозғалыстың техникалық компоненттерінің төменгі, фондық шарттарға ауысу процесі әдетте, жаңа қозғалыстық дағдылардың өндірілуі үрдісінде қозғалыстардың автоматтандырылуы болып табылады және басқа афферентацияға ауысу мен белсенді зейіннің жеңілдетуімен тығыз байланысты. Әрекет деңгейінен операцияларға өту, оқытуды технологизациялаудың негізі екенін айта кету керек.
«Саналы» операциялармен қатар, іс-әрекетте бұрын мақсатқа бағытталған әрекетер ретінде саналанбаған операциялар да бар. Олар өмірлік іс-әрекеттің белгілі бір шарттарына бейімдену нәтижесінде пайда болған. А.Н.Леонтьев бұл операцияларды баланың тілдік дамуы үлгісі ретінде көрсетеді – оның айтудың грамматикалық өңдеу тәсілдерін үлкендердің сөздік қарым-қатынас нормаларына интуитивті бейімделуі. Бала бұл әрекеттерді саналамайды, соның салдарынан олар тиісті түрде анықталмайды. Сондықтан, оның өзінің ішкі түйсікпен еліктеуі нәтижесінде қалыптасушы операцияларының мәні - ішкі, интеллектуалдық әрекеттері. Олар дамыту немесе оқытуда пайда болатын сыртқы заттық саналы әрекеттердің (Ж. Пиаже, П.Я. Гальперин) интериоризациясының нәтижесі болуы мүмкін немесе психикалық үрдістердің операциялық жақтарын көрсетуі мүмкін: ойлау, ес, қабылдау. С.Л. Рубинштейн бойынша, «ойлау іс-әрекетінің құрылысын анықтайтын және оның ағымын шарттайтын операциялар жүйесі осы іс-әрекет үрдісінде өзі қалыптасады, түрленеді және бекітіледі» және ары қарай «...алдында тұрған міндетті орындауда ойлау түрлі операциялар көмегімен жүреді. Бұл операциялар ой үрдісінің әртүрлі өзара байланысты және бір-біріне өтетін жақтарын құрастырады». Мұндай операцияларға С.Л. Рубинштейн салыстыруды, талдау, синтез, абстракция, жалпылау-ды жатқызады. Айта кетейік, сәйкес ішкі ақыл-ой операциялары қабылдаудың (В.П. Зинченко), естің (П.П. Блонский, А.А. Смирнов, В.Я. Ляудис) және басқа психикалық процестердің құрылысын анықтайды.