И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б



бет102/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М., 1990.
Маркова А.К., Орлов А.Б., Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. М., 1983.
Нюттен Ж. Мотивация // Экспериментальная психология / Ред.-сост. П. Фресс, Ж. Пиаже / Пер. с франц. М., 1986. Гл. XV.
Орлов Ю.М., Творогова Н.Д., Шкуркин В.И. Стимулирование побуждения к учению. М., 1988.
3 тарау. Меңгеру – үйренуші
іс-әрекетінің орталық буыны


§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы


Меңгеруді анықтаудағы келістер

Меңгеру оқытудың (оқу, оқу іс-әрекеті) барлық теорияларының, тіпті ол жеке процесс ретінде ажыратылғанына немесе оқумен теңестірілгеніне қарамастан, негізгі түсінігі болып табылады. Меңгеру өз тарапынан күрделі, көп мәнді түсінік бола отырып, түрлі позициялар, түрлі бағыттар көзқарасы тарапынан түсіндірілуі мүмкін.


Біріншіден, меңгеру – «өзіне телу» арқылы адамның даралық тәжірибені тауып алуы, А.Н. Леонтьев терминдерінде әлеуметтік-мәдени қоғамдық-тарихи тәжірибені білімдердің, мағыналардың, әрекеттің (сондай-ақ іскерліктер мен дағдылардың) жалпыланған тәсілдерінің, адамгершілік нормалардың, мінез-құлықтың этикалық ережелерінің жиынтығы ретінде қалыптастыру жолдары, механизмі. Осындай меңгеру адамның бүкіл өмір сүру барысында бақылауы, жалпылауы, шешім қабылдауы және өз әрекеттері нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жерде өз әрекеттері қалай жүргені – өздігінен бе, әлде білім беру жүйелерінің арнайы жағдайларында ма, ол маңызды емес.
Екіншіден, меңгеру – адамның күрделі интеллектуалдық іс-әрекеті, оған материалды қабылдауды, мағыналық өңдеуді, сақтау мен қайта өңдеуді қамтамасыз ететін барлық таным процестері (сенсорлық-перцептивтік, мнемологиялық) жатады.
Үшіншіден, меңгеру – бұл оқудың, оқу іс-әрекетінің нәтижесі. Оқу материалының меңгерілуінің беріктігі, жүйелігі, сапалығы туралы айтқан кезде зерттеушілер көбінесе дәл нәтижелік жақты есепке алады. Оқу іс-әрекетіне қатысты С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру, оның мазмұны, «оқыту процесінің орталық бөлігі» ретінде болады. Онымен қоса, В.В. Давыдов бойынша, «ғылыми білімдерді және оған сәйкес іскерліктерді меңгеру іс-әрекеттің негізгі мақсаты және басты нәтижесі ретінде болады» [43, 76 б.].
Ең жалпы түрде меңгеру алынған білімдерді қабылдау, мағыналық өңдеу, сақтау және оларды практикалық және теоретикалық міндеттерді орындаудың жаңа жағдайларында пайдалану, яғни осы білімдерді, олардың негізінде жаңа міндеттерді орындай алу іскерлігі формасында пайдалану ретінде анықталады. С.Л. Рубинштейн анықтамасы бойынша, «білімдерді берік меңгеру процесі – оқыту процесінің орталық бөлігі. Бұл психологиялық өте күрделі процесс. Оның еске және есте сақтау беріктігіне ешқандай қатысы жоқ. Оған материалды қабылдау, оның мәнділігі, оны есте сақтау және игеру қосылады, яғни мұнда оны кез-келген жағдайда еркін пайдалануға, түрліше қолдануға мүмкіндік беретін игеру болып табылады» [194, 2 т., 84 б.].
Меңгерудің осы анықтамасына Дж. Брунердің түсіндірмесі жақынырақ. Ол игеруді бір үш мезгілде жүретін процестер ретінде қарастырады: жаңа ақпаратты алу; қайта құрастыру; ақпаратты міндетті орындауға бейімдеу және тексеру, бақылау [34, 370-371б.]. Дж. Брунер елеулі мөлшерде меңгеру мен оқу іс-әрекетін теңестірсе де, осы процестің күрделігі мен фазалығын атап көрсеткені айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет