И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет106/189
Дата05.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#156681
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   189
Байланысты:
È. À. Çèìíÿÿ ïåäàãîãèêàëû? ïñèõîëîãèÿ åê³íø³, òîëû?òûðûë?àí, ò?ç

§ 2. Меңгеру процесіндегі дағды


Дағды анықтамасы, оның қалыптасуы

Көптеген зерттеушілердің көрсетуіндей, сәйкес дағдыларды игерумен бірігетін білімдер жүйесін игеру «оқытудың негізгі мазмұны және маңызды міндеті» ретінде қарастырылады (С.Л. Рубинштейн). Алайда, дағды проблемасы өзі әлі күнге дейін бір жақты түсіндірілмейді – оның фетишизациясынан бастап (бихевиоризм, необихевиоризм) іс-жүзіндегі елемеуге дейін (когнитивті психология). Сонымен бірге, дағды меңгеру процесінде орталық орынның бірін алатыны айқын.


Дағдыны анықтауға түрлі тұрғыдан келеді: қабілетке, ептілік синонимына, автоматтандырылған әрекетке. Неғұрлым кең таралғаны- дағдыны көп рет қайталанған, мақсатты жаттығулар нәтижесінде нығайтылған, мүлтіксіздікке жеткізілген әрекетті атқару ретіндегі анықтамасы. Ол сананың бағытталған бақылауының болмауымен, орындаудың қолайлы уақытымен, сапасымен сипатталады. Дағдының күрделі, көпдеңгейлі қозғалыстық жүйе ретіндегі неғұрлым толық және сәйкес түсіндірмесін Н.А. Бернштейн ұсынған: «бұл сыртқы рәсімдеуді де, қоғалыстық жаттығудың мәнін де құрастырушы белсенді психомоторлық іс-әрекет... Қозғалыстық дағдыны өндіру мәндік қатарлық әрекет, онда жекеленген мағыналық буындарды жіберіп алмау, олардың тәртібін шатастырмау керек. ...Қозғалыстық дағдының өзі – өте күрделі құрылым: оның ішінде әрқашанда жетекші және фондық деңгейлер, жетекші қосымша буындар, сөздің тура мағынасындағы фондар, автоматизмдер мен түрлі рангілердің қайта шифрленуі және т.б. болады. Кем емес мөлшерде сапалы құрылымдық күрделілікпен оның қалыптасу үрдісі де қаныққан» [24, 174 б.].
Дағдының қалыптасуы, Н.А. Бернштейн бойынша – бұл оның жасалуының күрделі процесі, ол барлық сенсомоторлық деңгейлік жүйелерді қамтиды. Еске сала кетейік, олардың барлығы (А, В, С, Д, Е тағы ары қарай) кез-келген дағдыны үйлестірушілік басқарудың күрделенуші жүйесі болып табылады (жүру, шапшаң жазу, сөйлеу, велосипед тебу т.б.). Мысалы, А деңгейі жазу кезінде жазып отырған қолдың және жұмыс кейібінің жалпы тоникалық фонын; В деңгейі – қозғалыстың баяу қимылы мен уақыттық өрнекті; С деңгейі – сызылған жақты, жазуды; Д және Е деңгейлері жазудың мағыналық жағын қамтамасыз етеді.
Н.А. Бернштейн кез-келген дағдының жасалуының екі кезеңін бөледі. Бірінші кезең – дағдыны меңгеру – төрт фазаны қамтиды: 1) жетекші деңгейді анықтау; 2) қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылау мен талдау деңгейінде болуы мүмкін; 3) «осы қимылдарды іштей– өзіндік түйсіну» ретінде сәйкес түзетулерді айқындау. Бұл фаза бірден, секіріс түрінде келеді және көбінесе өмір бойы сақталып қалады (егер жүзуді үйренсең онда мәңгілікке үйренесің), алайда бұл бардық дағдыларға қатысты емес; 4) фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі. Дағды өндіру уақытты талап ететіні маңызды, ол барлық қоғалыстардың нақтылығын мен стандарттылығын қамтамасыз ету керек.
Екінші кезең – дағдылардың тұрақтануы – ол да фазаларға таралады: бірінші – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі (синергетикалық); екінші – стандарттау және үшінші – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі. Кез-келген дағдының қалыптасуы үшін маңыздысы деңгейлердің ауысуы, жетекші деңгейден автоматизмге, фондық автоматизмге өтуі болып табылады, сондай-ақ түсініктерді бекіту: сыртқы (басқа іс-әрекетте жаттығудың болмауы т.б.), не ішкі (шаршау, ауыру т.б.) әсер етулердің нәтижесінде дағдылардың босаңсуы және босаңсыған дағдыны қайта қалыпқа келтіру. Осы түсініктердің барлығы оқу іс-әрекеті мен оны ұйымдастыру үшін аса маңызды, себебі кез-келген дағдыға қатысты – жазу, есептеу, компьютермен жұмыс істеу, тапсырманы орындау, аудару және т.б.
Н.А. Бернштейн айтуынша, «дағдының даму диалектикасы келесіде: даму бар жерде әр келесі орындау алдыңғыдан жақсы болады, яғни оны қайталамайды. Сондықтан да, жаттығу дегеніміз іс жүзінде қайталаусыз қайталау. Мұндай бір қарағанда парадокс болып көрінетін көріністің шешімі жаттығу қайталау емес және қозғалысты қайталау емес, ал оның жасалу жолы. Дұрыс жүргізілген жаттығу бірте-бірте берілген қозғалыстық тапсырманың орындалуы үшін пайдаланатын құралды емес, ал осы тапсырманы орындау үрдісін қайталай отырып, біртіндеп құралды өзгертіп, жақсартады [24, 175 б.].
Егер Н.А. Бернштейн ұсынған дағды қалыптасуының кезеңдерін Л.Б. Ительсон бойынша дағды дамуының сатыларымен салыстырса, онда дағды қалыптасуына күрделі қозғалыстық жүйенің құрылуы ретіндегі тәсілдің ортақтығы назар аудартады, алайда Ительсон осы құрылудың тек психологиялық жағын (мақсат, әрекет, тәсіл, бақылау терминінде, және де осы іс-әрекеттің ішкі жағы тұрғысынан, яғни өзі жүзеге асатын ойды талдаулық-синтетикалық операциялар) қарастырған. Дағдының Л.Б. Ительсон бойынша даму сатылары меңгерудің жалпы схемасы кескінінің мәні екені маңызды [86, 113 б.]. Бұл білімді игеру процесі мен әрекетті өңдеудің бірлігін суреттейді [тағы да 158 қараңыз].

Л. Б. Ительсон бойынша дағды дамуы





Дағды дамуының кезеңдері

Дағды сипаты

Дағды мақсаты

Әрекетті орындау ерекшелігі

Танысу

Әрекеттерді елестету және мағыналау

Әрекетті орын-дау амалдары-мен танысу

Мақсатты айқын бірақ оған жету тәсілдерін айқын емес түсіну; әрекет кезіндегі біршама дөрекі қателер

Дайындық
(талдаулық)

Саналы, бірақ епсіз орындау

Әрекеттің жеке-ленген эле-менттерін иге-ру; оларды орындау тәсіл-дерін талдау

Әрекетті орындау тәсілін анық түсіну, бірақ тура емес және босаң орын-дау: артық қимылдар көп, зейін өте қатты қысылу үстінде; өз әре-кетіне жұмылу; бақылау-дың нашар болуы

Стандарттаушы
(синтетикалық)

Әрекет элемент-терінің авто-маттандырылуы

Қарапайым қи-
мылдардың бір тұтас әрекетке үйлесуі мен бірігуі

Қозғалыс сапасының жо-ғарлауы, олардың қосы-луы, артықтарын жою, зейінді нәтижеге аудару, бақылаудың жақсаруы, бұлшық еттік бақылауға көшу.

Вариацияланушы
(ситуативті)

Жағдайға икемді бейімделу

Әрекет сипатын ырықты реттеу-ді игеру

Әрекеттерді нәзік мақ-сатты орындалуы; ар-найы сенсорлық синтез-дер негізінде қадағалау; интеллектуалдық синтез-дер (ішкі түйсік)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет