2.4. Агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру
Машина-трактор паркін қазіргі кездегі жағдайы.
Республикада 137,2 мың шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:
тракторлар -1117 дана;
астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;
тұқым сепкіштер - 819 дана;
егіс кешендері - 394 дана;
дестелегіштер - 308 дана.
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:
тракторлар -586 дана;
астық жинайтын комбайндар - 656 дана;
тұқым сепкіштер - 303 дана;
дестелегіштер - 140 дана.
Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;
- қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.
Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы 120 кәсіпорын білдіреді. Оның ішінде 50 кәсіпорын мынадай ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады: дестелегіштер, тұқым сепкіштер, жер өңдеу құралдары (сыдыра жыртқыш, сыдыра қопсытқыш, соқалар, тырмалар), мал азығын дайындау құралдары, өсімдік қорғау машиналары (дәрі сепкіштер, тұқым улағыштар) және қосалқы бөлшектер, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешендері үшін жабдықтар. Қалған 70 кәсіпорындар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тапсырысымен қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады.
Шамамен 20 кәсіпорын соңғы өнім шығарушы болып табылады.
Көп кәсіпорындардың қуаттылығының 10-15% ғана жүктелген. Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының тозуы 43-80%, ал машиналар мен жабдықтардың тозуы 40% дейін құрайды.
Технологиялық процесстер мен жабдықтар тозып, озық технологиялар қатарынан қалып қойды. Кәсіпорындар ескірген конструкциядағы ауыл шаруашылығы машиналарын шығарады, тракторлар мен комбайндарды шығару өндірісі жоқ.
Сонымен қатар, осы заманға сай маркетингті, сату, делдалдық және басқада қызмет көрсетулер кәсіпорындарда жоқ.
Ауыл шаруашылығы машиналарын, тораптарын, агрегаттарын және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау қазіргі уақытта ішкі өндіріске қарағанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде.
Қазақстан Республикасы аймағында импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында өндірісте жоқ техникаларды біріккен жинау кәсіпорындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы айналым өте төмен деңгейде тұр және соңғы бес жылда 17,6 млрд. теңге көлемінде бағаланған. Оның ішінде елімізде 15,9 млрд. теңге, экспорт – 1,7 млрд. шамасында.
2007 жылы ауыл шаруашылығы техникаларын және қосалқы бөлшектерді шығару көлемі 6,7 млрд. теңгені құрады.
ауыл шаруашылығы машиналарын және қосалқы бөлшектерін ішкі нарықта сату – 6,0 млрд. теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда 3,3 млрд. теңгеге көп);
экспорт – 0,7 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағар маймен (ЖЖМ) қамтамасыз ету.
Маусымды жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ЖЖМ үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында:
- Ауыл шаруашылығы министрлігімен дизел отынына қажеттілігі анықталған;
- Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен республиканың мұнай өндіруші зауыттарын қажетті мөлшерде шикі мұнаймен қамтамасыз ету және дизель отынының жеткілікті көлемін өндіру туралы шаралар жасалды;
- облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту жүргізілді;
- ай сайынғы дизель отынын тиеу кестесі, МӨЗ жөндеу жұмыстары жүргізу, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жылжымалы құрамын мұнай өнімдерін құюға жіберу келісілді.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу.
2007 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін республикамыздағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) ЖЖМ қажеттілігі:
дизель отыны - 328,0 мың тонна;
бензин - 56,7 мың тонна;
дизель майы - 19,4 мың тонна;
Республикамызда ЖЖМ қамтамасыз етілуі 100 % құрады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да, облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да алды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен еркін нарықтан 64000 тонна дизель отыны көтерме және жеке бағамен 57000-61000 теңге/тонна (460-510$/тонна) көлемінде сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеуші зауыттармен 264,0 мың тонна дизель отыны тоннасын 398 – 460$ бағасымен жөнелтілді, соның ішінде:
«Атырау МӨЗ» ЖШС – 77100 тоннаны бағасы 53475 теңге/тонна (430-445$/тонна);
- «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ («Меркурий» ЗК» «МанғыстауМұнайГаз» АҚ көлемінен – 100900 тоннаны бағасы 53600 және 54600 теңге/тонна ($ 432-455/тонна);
«Петро Қазақстан Ойл Продакте» ЖШС (Шымкент МӨЗ») 86000 тоннаны бағасы 49000 – 55000 тонна ($ 390-460/тонна).
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу.
Егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармаймен үздіксіз уақытылы қамтамасыз ету мақсатында қол жетімді бағамен сатылатын дизель отынының қажетті көлемін негізгі мұнай ресурстарын ұстаушылармен келісім жасалды (1тоннаның бағасы 460$ аспайтын еркін нарықта ҚР МӨЗ сатылатын дизель отынының бағасы 510-520$ болған жағдайда).
Технологиялық карталарға сәйкес 2007 жылғы егін егу жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағармай қажеттілігі:
дизель отыны - 366,0 мың тонна;
бензин - 67,1 мың тонна;
дизель майы - 21,4 мың тонна;
Жалпы республика бойынша ЖЖМ қамтамсыз етілуі 100 % құрады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынын еркін нарықтан да облыстарды ҚР МӨЗ шартты бекіту Кестесі бойынша мұнай өңдеуші зауыттардан да сатып алды.
Мұнай өңдеу зауыттарымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 344,0 мың тонна дизель отыны 1 тоннаның бағасы 443 – 460$ жөнелтілді, соның ішінде:
АМӨЗ («Атырау МӨЗ» ЖШС) - 102 938 тонна;
ПМХЗ («Павлодар МХЗ» АҚ) - 115 785 тонна;
ПҚОП «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, Шымкент - 125 841 тонна.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен еркін нарықтан шамамен 21000 тонна дизель отыны сатып алынды.
ҚР МӨЗ дизель отынын төмендегідей бағамен жеткізуді жүзеге асырды:
АМӨЗ – 54 000 теңге/тонна;
ПМХЗ – 56100 теңге/тонна;
ПКОП – 56100 теңге/тонна.
Осы уақыт аралығында еркін нарықта орташа көтерме бағасы 63000 теңге/тонна құрады