І алгебра ұғымы туралы түсінік



бет3/5
Дата31.03.2020
өлшемі311,5 Kb.
#61157
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дип.-Алгебралық-материалды-оқыту
1548772699, English test 1-123

Бірінші есепке толық талдау жасап, мұғалім оның шешуін таблицаға қалай жазу керектігін көрсетеді. Таблицаның соңғы жолын толтырғанда есептің шешуі өрнек түрінде жазылады да, ал жауаптары ауызша аталады.

Содан соң есептерді, одан кейін олардың шешуін салыстыра отырып, оқушылар мәселе есептің сюжетінде ғана емес, сондай – ақ барлық есептердің бір амалмен – қосу амалымен шығарылатындығы жалы қорытындыға келеді. Олар мұндай есепті өте көп етіп құрастыруға болатынын, ал сандарды түрліше етіп алуға болады деген қорытынды жасайды.

Сандық айнымалыны белгілеу үшін ( екінші кезең) әріпті символиканы енгізгенде жаттығулар жүйесінде индуктивтік және дедуктивтік методтарды дұрыс аралас пайдаланудың ролі маңызды болады. Осыған сәйкес жаттығулар сандық өрнектерден әріпті өрнектерге және керісінше, әріпті өрнектерден сандық өрнектерге өту жағын қарастырады. Мысалы, тақтаға <>, <>, <<Қосынды>> деген жазуы бар үш қалталы плакат ілініп қойылады. Оқушылармен әңгіме өткізу процесінде мұғалім плакат қалталарды, бетіне сандар және математикалық өрнектер жазылған, карточкалармен толтырады:




Бұдан әрі тағы да өрнек құрастыруға болатын-болмайтындығы, осындай қанша өрнек құрастыруға болатындығы түсіндіріледі. Балалар басқа өрнектер құрастырып, олардың ортақ қасиетерін табады: бірдей амал-қосу амалы және әр түрлі сандарды жазудың орнына, бірінші қосылғыш бола алатын кез келген санды, қандай да бір әріппен, мысалы а әрпімен, ал екінші қосылғыш қандай да бір әріппен, мысал а әрпімен, ал екінші қосылғыш бола алатын кез келген санды, мысалы б әрпімен, белгілеуге болатынын (сәйкес карточкаларды плакаттың қалтасына салады) түсіндіреді:




Мұғалім жазуы да математикалық өрнек екендігін, тек онда қосылғыштар әріптермен белгіленгендігін (әріптердің әрқайсысы кез келген санды білдіреді) түсіндіреді. Бұл сандар әріптердің мәндері деп аталады.



Осылайша сандардың айырмасы санды өрнектердің жалпыланған жазуы ретінде енгізіледі.

Өрнекке, мысалы b+a өрнегіне, енген әріптер сан мәндерінің жиынын қабылдай алатындығын, ал әріпті өрнектің өзі санды өрнектердің жалпыланған жазуы екендігін оқушылар түсінулері үшін, әріпті өрнектен сандық өрнекке көшу жаттығулары қарастырылады. Мұғалім плакаттың қалтасына b+a өрнегі мен b мен с қосылғыштары жазылған карточкаларды салады. Бұл b мен әріптері кез келген сандық мәндері қабылдай алатындығы түсіндіріледі. Содан кейін b+с әріпті өрнектің мәнін есептеп шығару (егер b және с әріптеріне сан мәндер берілсе) ұсынылады (сәйкес карточкалар плакаттың қалтасына қыстырылады):

Оқушылар, әріптерге әр түрлі сан мәндер бере отырып, көп, яғни қанша болса да санды өрнектер алуға болатынына көз жеткізеді.

Әріпті өрнекті - сандардың айырмасын айқындай түсуі жұмысы да осындай тұрғыда жүргізіледі.

Әріпті өрнектің меңгеруіне мына жаттығулар көмектеседі:



  1. Әріптердің берілген мәндерінде әріпті өрнектердің сан мәндерін табу, мысалы: «b+a өрнегін оқыңдар. Егер a=5, d=20; a=13, d=8; болса қосындының мәні неге тең болатынын есептеп шығарыңдар.

  2. Өрнекке енетін әріптердің сан мәндерін оқушылардың өздері таңдап алады және осы өрнектердің сан мәндерін табады. Мысалы, мына таблицаны толтырыңдар:

M













N










m-n












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет