И. Алтынсарина инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұҒалімдердің КӘсіби қҰзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау



бет5/10
Дата31.10.2022
өлшемі489 Kb.
#155822
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әкімшілік:




  • инклюзивті мәдениет пен құндылық, философия мен идеология, ұйымдастырудың ерекше тәртібін қалыптастыру;




  • инклюзивті білім беру саласында педагогикалық ұжым әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтау (нақты қадамдарды жоспарлау, жүзеге асыру және талдау – ұйымдастырушылық компонент), барлық балаларға бірдей көңіл бөлуді қамтамасыз ету және сол мақсатта қолдағы ресурстарды нәтижелі қолдану;




  • инклюзивті практиканы қолдау (әріптестерге кәсіби қолдау мен ынталандыру, әсіресе, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс істеу үлгілерін таратуда, түзете-дамыту жұмысының, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтарды шешуде пәнаралық, «командалық» ыңғай жасауды қамтамасыз ету).

  • даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктерін, баланы дамытуда ұзақмерзімді мақсаттарды талдау, бала мен оның отбасын қолдау стратегиясы.




      1. Білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум маманының (жетекшісі) қызметтері:

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мамандарымен өзара әрекеттесу;




  • білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мүшелерінің әрекетін координациялау;




  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум отырыстарын жаспарлау және жүргізу;




  • жеке білім беру жоспарын (баланың жеке даму бағдарламасы) жасауға және жүзеге асыруға қатысу;




  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның шешімдерін ата-аналар мен әкімшілікке жеткізу.

Консилиумның мүшесі ретінде координатордың міндеттерінің ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ендіру үдерісінреттеу және тиімді ету бойынша нақты шараларды бөлуге болады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке және топтық түзету сабақтарының кестесі, оқушыларды (тәрбиеленушілерді) қосымша құрылғылармен қамтамасыз ету сұрақтары; баланың мектепте болу тәртібін ата-аналармен келісу және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.





    1. «Сыртқы» серіктестермен өзара әрекеттестік:




  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен,

  • психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен,




  • түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерімен,

18


  • оңалту орталықтарымен,




  • ата-аналарға арналған кеңестік пункттермен

  • инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі коммерциялық және коммерциялық емес, басқа да қоғамдық ұйымдармен.

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектеп мұғаліміне кейбір кездері жалпы білім беру үдерісіне баланы нәтижелі енгізу үшін қосымша кеңес пен қолдау керек болуы мүмкін. Кеңесті әр түрлі дереккөздерден алуға болады:





  • Консультативті-әдістемелік орталықтар, педагогтарды қолдау орталықтары немесе ресурстық орталықтарда балаға бағдарланған нәтижелі, инклюзивті білімберу әдістері, материалдар мен сабақтағы әрекеттер бойынша кеңестер алуға болады.

  • Әлеуметтік педагог немесе бала психологы психологиялық жарақат алған немесе оқудағы қиындықтар туындаған жағдайда, баланың әлеуметтік немесе мінез-құлық проблемалары оның отбасымен немесе/және құрдастарымен байланысты үзуге әкелген жағдайларда көмек көрсете алады.




  • Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтары мен логопедтер нақты әрбір балада негізгі дағдыларының (күнделікті өмір, ойын, араласу, оқыту) даму ерекшеліктерін практикалық түсінуді қалыптастыруға, бұл балалармен жұмыс жоспарын жасау мен бағалауда көмектесе алады.

  • Медициналық қызметкерлер, әр түрлі маманданған дәрігерлер,

диетологтар әр түрлі органикалық немесе қызметтік себептерден болған бой өсуінің тежелуі, көруі немесе естуі нашарлаған, оқуы мен мінез-құлқында проблемалар туындаған жағдайда елеулі көмек көрсете алады.

Қазақстандық зерттеуші Оралканова И.А. [15] өзінің бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыруға арналған диссертациялық зерттеуінде мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың келесі компоненттерін, критерий мен деңгейлерін бөліп көрсетіп, сипаттайды:





  • адаптивті




  • репродуктивті

  • оптималды.

Адаптивті деңгейге, автор инклюзивті білім берудің идеологиясы мен философиясын толыққанды қабылдамау және жеткіліксіз түсінуді, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге құлықтың болмауын, балаларға нәтижелі инклюзивті білім берудің формалары, әдістері мен құралдары туралы түсініктің фрагменттілігін жатқызды.
Репродуктивті деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлеріне шартты түрде сәйкес келумен сипатталады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласында білімін жетілдіруге мотивацияның әлсіз болуы, инклюзивті білім

19
беру ұйымы туралы дифференциалды теориялық түсініктерінің болмауы, инклюзивті білім беру үдерісінде кәсіби міндеттерді шешу жолдарын нашар меңгеру.




Оптималды деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтып көрсетеді: оқу-кәсіби міндеттерді шешуде саналылық, өз беттілік, рефлективтілік байқалады, инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіну мен қабылдау, балаларға инклюзивті білім беруге сананың бағыттылығы мен тұлғалық бағдарлығы. Бұл деңгейдегі мұғалімнің мотивациясының дәрежесі едәуір жоғары, олар эмпатия мен толеранттылық танытады, инклюзивті білім беру мен балалардың мүмкіндіктеріне қарамастан олардың құндылығын мойындайды, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттері өзінше ерекше және шексіз екендігіне сенеді, олармен жұмыстың ерекшеліктері туралы білімдері терең, толық, тұтас және жүйелі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту нәтижесін бағалау, сипаттау, болжау, құрастыру қабілеттері бар, ата-аналармен және басқа мамандармен «топта» жұмыс істеуге дайын болып келеді [15] (Кесте 1).

Кесте 1 – Мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының компоненттері, көрсеткіштері, критерийлері мен деңгейлері (Оралканова И.А. бойынша)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет