Құзыреттілік (competenctia – лат.) – бұл өнімді іс-әрекет үшін белгілі бір заттар және процестер аясына қатысты қажетті білім мен әдістер жиынтығы; бұл – білім беру даярлығына қойылатын алдын ала берілетін талаптар (норма).
Түйінді құзыреттер – жағдайды адекватты түсінуге, адамның жеке өмірінде және кәсіби әрекетінде жоспарланған нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін әрекеттің жалпы (әмбебап) мәдени жасалған әдістері.
Құзыреттілік – бұл өнімді және сапалы іс-әрекет үшін қажетті белгілі бір заттар және процестер аясына қатысты тұлғаның өзара байланысты қасиеттердің жиынтығы.
Шеберлік, тұлғаның кәсіби әрекетінде ішінара және толық жүзеге асыру
– кәсіби әрекетті сапалы, шығармашыл орындау, жеке әрекет стилінде тұлғаның қалыптасқан кәсіби маңызды сапаларының интеграциясы.
Принцип (лат. principium – бастама, негіз) – қандай да бір теория, оқудың, ғылымның негізгі, бастапқы ережесі.
Кәсібилендіру немесе кәсіби бейімділік – кәсіби әрекетті білікті орындауға қажетті мамандыққа кіріспе және оны игеру, кәсіби өзін өзі анықтау, кәсіби тәжірибе жинау, тұлғаның қасиеттері мен сапаларын дамыту.
Кәсіби құзыреттілік – мамандықты жоғарғы деңгейде меңгеруді қарастыратын және кәсіби әрекетпен байланысты әр түрлі жағдайларда еркін бағдарлауға негіз болатын тұлғаның жеке әрекетінің, кәсібиліктің құрылымында интегралды сипаттамасы.
Кәсіби даярлық немесе оқыту – кәсіби білім, іскерлік және дағдылар жүйесін меңгеру, тұлғаның кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру, болашақ мамандыққа қызығушылығы мен икемділігі.
Кәсіби ұмтылыстарын қалыптастыру – өзінің индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып тұлғаның мамандықты саналы түрде таңдау.
31
Достарыңызбен бөлісу: |