I-апта Студенттің өзіндік жұмысы Тапсырмалар Гимнастиканың сауықтыру түрлерінің негізгі мақсаты?
Гимнастик– арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.
САУЫҚТЫРУ-ШЫНЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ: -жаз мезгіліндегі балалардың денсаулығын нығайтуда эмоциональдық, тұлғалық,танымдық дағдысын қалыптастыруда үлкендердің/ата-ана,қызметкерлер/ өзара әріптестігін, сабақтастығын біріктіру; -бала денсаулығын сақтау мен нығайту; -табиғи факторды пайдалана отырып шынықтыру; -жеке тұлғаны қалыптастыру,эстетикалық тәрбиені жетілдіру МІНДЕТТЕРІ: -балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың алдын –алу,жарақаттануды болдырмау; -сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру; -әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру; -педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда ата-аналарды сауықтыру,шынықтыру шараларымен сауаттандыру; -балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш сыйлау.
Сауықтыру гимнастикасы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында беріледі. Сондықтан нәтижесінде мектепке дейінгі мекемедегі оқушылардың дені сау болып қалыптасуы. Дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі.