I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет12/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
БІЛІМДІК АЙТЫС 
 
Ғылым мен Надандық 
Ғ ы л ы м: 
Әй, малғұн, мен келгенде көтер басты, 
Болдың ғой түпке жетіп сен албасты. 
Қалғыздың кейбіреудің құр сүлдесін, 
Тынышына қоймаймысың қалған жасты. 
Н а д а н д ы қ: 
Шайқама тәтті ұйқымды тентіреген, 
"Келсін" деп сені мұнда кім тілеген? 
Күшпенен кімді жеңіп алғандайсың, 
Нәп-нәзік түрің мынау үлбіреген. 


15 
Ғ ы л ы м: 
Көгілдір ғой, сенің мені қомсынғаның, 
Көріп пе ең құтылғанын құл сынғаным. 
Қиылып бір нұқысам қалатұғын, 
Желкең бе, күжірейген молсынғаның?! 
Н а д а н д ы қ: 
Сен кімсің, түрің нашар, сөзің жуан, 
Бар еді күш берерлік қанша дуаң? 
Қолыңнан келмейтұғын жұмыс жоқтай, 
Жыландай жылмаңдайсың сумаң-сумаң. 
Ғ ы л ы м: 
Танырсың асықпай тұр, жуан мойным, 
Қар менен мұзға толар жылы қойның. 
Жоқ қылмақ сендейлерді бұл жаһаннан, 
Бұл күнде істеп тұрған менің ойым. 
Н а д а н д ы қ: 
Мен сенің шошымаймын пошымыңнан, 
Достасып сеніменен қосыла алман. 
Қақпамды ашып қойып сендейлерге, 
Батыр-ай, келе ғой деп ұсына алман. 
Ғ ы л ы м: 
Қызғаншақ сорлы екенсің, ішің тар - ақ, 
Сөз айтсам тыржиясың әрмен қарап. 
Жіңішкелеп қазағың да сөз салып тұр, 
Шаруаға жайлы екен деп біздің тарап. 
Н а д а н д ы қ: 
Ол жұртым, ақылы кем, азған еді, 
Тілге ерме дәйегі жоқ жазған еді. 
Саны да көп болғанда қырық миллион, 
Есептеусіз шетте жатқан аз ғана еді. 
Ғ ы л ы м: 
Бұл күнде қытайың да сөз салып тұр, 
Қызығып біздің түрге көз салып тұр 
Азырақ арасынан жанжал шығып, 
Ол сауал кемді күнге тоқталып тұр. 
Н а д а н д ы қ: 
Қой, жаным, алаң болма, қазағыма, 
Ол сенің ереді деп мазағыңа. 
Жұмысың тұрғанымен шимай - сызбай, 
Көндігер олар неғып азабыңа. 
Ғ ы л ы м: 
Түрің жоқ, надандық - ау ақыл шығар, 


16 
Мен білсем, өлімің де жақын шығар?! 
Арада соғыс шықса, қан төгілер, 
Бергенің татулықпен мақұл шығар. 
* * * 
Надандық қысылғаннан кетті терлеп, 
Не шара күшті тұрса, нәубет бер деп. 
Бар еді қазақтарда көп аласым, 
Алғанша жалыныпты мәулет бер деп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет