1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс,оның себептері,қозғаушы күштері,басталуы,барысы және негізгі кезеңдері.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы
Ұлт-Азаттық Қозғалыс - ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес.
Көтеріліс барысы:
Басталу себебі:1916 ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жөмысқа алу туралы”жарлығының шығуы.Ұлт-азаттық революцияның негізгі қозғаушы күші-қазақ жұмысшылары,шаруалар,қолөнершілер.Жетекші күші-халықпен тығыз байланысты ел басшылары,негізінен үстем тап өкілдері.
Сипаты:империализмге және отаршылдыққа қарсы болды.
Көтерілістер:
1.Жетісудағы көтеріліс
Көтеріліс басшылары:Б.Әшекеев,Т.Бокин,Ж.Мәмбетов,Ұ.Саурықов,А.Қосақов
Шу мен ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды.10 мыңнан астам қырғыз,қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде көтерілісшілер Теврия,Владислав,Мащеры,Краснояр,Новокиев қоныстарын басып алды.Революцияның ірі ошағы-Қарқара аймағы.5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап,Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады.Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.Жетісудағы көтеріліске қарсы патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді:14 батальон,33жүздік,42 зеңбірек,97 пулемет командасы.
Жетісу көтерілісшілері патша әскерлеріне аса табандылықпен өарсылық көрсетті,бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.Көтеріліс жетекшелерінің бірі-Б.Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан,көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді.
Салдары:
1916 жылы 9 қыркүйек-жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.
Мал азайып,1/3 бөлігі ғана қалды.
Жетісу губерниясы53 мың шаруашылыққа кеміді.
1916ж қазан-Жетісу көтерілісі талқандылынды.
2.Торғайдағы көтеріліс.
Көтеріліс басшысы-сардарбек Амангелді Иманов.
Көтеріліс ерекшелігі:
1.Табанды болып,ұзаққа созылды.
2.Билік көтерілісшілердің қолына көшіп,бір орталықтан жүргізілді.
3.Басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.
Амангелді Торғай,Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездірінің,ішінара Сырдария,Ақмола,Семей болыстарының көтерілісшілерін бастарын біріктірді.1916 ж қыркүйекте көтерілісшілер саны-20 мыңға,26 қарашада-50 мыңға жетті.1917 жылы-Торғай көтерілісі талқандалынды.
Салдары:
3000 адам жауапқа тартылды
Оның 201-і өлім жазасына кесілді
162-сі каторгаға айдалды
Жүздеген ауылдар тоналып,өртелді,жазықсық адамдар атылды.
Көтерілістердің жеңілу себептері:
Бытыраңқылығы
Әскери қарудың жетіспеуі
Руаралық тартылыстар
Тарихи маңызы:
Қазақ халқының революциялық таптық санасы өтті
Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды
Достарыңызбен бөлісу: |