Спорттық жаттығу әдістерінің түрлері



Дата28.04.2020
өлшемі15,07 Kb.
#65081
Байланысты:
коньки


Спорттық жаттығу әдістерінің түрлері

Конькимен жүгіру-бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды. Белсенді демалу, денсаулықты күшейту мақсатындағы аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойын-сауығы жәй сырғанау деп аталады. Жәй сырғанаудың ішіне- жеке, жұптық және топтық жылжу, сонымен қатар мұз үстіндегі ойындар кіреді. Сонымен конькидің әр түрлі үлгілері қолданылады. Жәй сырғанау ереже бойынша конькимен спорттық жаттығудың барлық түрлерінің мамандандырылған сабақтарының алдында тұрады: конькимен жаттығулар, шапшаң сырғанау, мәнерлеп сырғанау (жеке және жүппен), мұз үстіндегі спорттық би, хоккей, шайба және доппен ойындар. Сол себеп бойынша оны конькимен косымша жаттығуларға жатқызады. Конькимен шапшаң сырғанау (Коньки спорты)- бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады.



Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтанған дұрыс. Коньки тебуді енді бастап жүрген фигуристтер үшін роликті тебуге арналған экипировка да жарай береді. Сонымен қатар, мұздағы ауа температурасы төмен болғандықтан, мейілінше жылы киінген дұрыс. Ал аяқ киімге өте мұқият қараған жөн! Егер аяғыңызға коньки бәтіңкесін дұрыстап кимесеңіз, тобығыңызды шығарып, аяғыңызды жарақаттап алуыңыз мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет