Е. Дүйсенбайұлы
СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ
Түркістандық ақын, лақап аты - Хакім ата. Ол Қожа Ахмет Иасауидің жолын қуған
мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітабын жазған (".Бақырғани
кітабы " немесе "Ақырзаман кітабы"). Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі,
адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар.
Діни аңыздардың желісімен сюжетті өлеңдер де жазған. Сөйтіп, түркі әдебиетінде
XIII-XIV ғасырларда кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының
шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық (бұрыннан белгілі сюжеттерді
жаңғыртып жазу) үдерістің алғашқы бастауларына жол салған.
Достарыңызбен бөлісу: |