I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет36/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

ҮМБЕТЕЙ 
Қабырғасы сөгіліп, 
Шапқанда батыр төгіліп: 
Қаракерей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай, 
Сары, Баян мен Сағынбай 
Қырмап па еді жауыңды, 
Қуантпап па еді қауымды, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! 
Дүние кезек, Абылай! 
Қаласың әлі-ақ сен былай! 
Артыңдағы балаңа 
Табылар батыр тағы да-ай! 
Сондай ерлер көп тусын 
Деп тілей бер, а Құдай!
Орта жүзде қатын көп, 
Туатын кейін батыр көп, 
Сол мұқатар жауды деп
Елестер көзге сағымдай. 
Ей, Абылай, Абылай, 
Сөзімді тыңда тағы да-ай! 
Өзіңнен біраз жасы үлкен, 
Дөмпеш таудай басы үлкен, 
Жасында болған сырласың, 
Үлкен де болса құрдасың, 
Сексеннен аса бергенде, 
Қайырылмас қаза келгенде
Батырың өлді - Бөгенбай! 


83 
Иманын айтып өлерде, 
Иекке жаны келгенде, 
Сәлем айтты үш қайта, 
Кеттім деп сізді көре алмай. 
Батырды қолдан өткіздім
Сәлемін міне жеткіздім. 
Жыламай тыңда, Абылай, 
Жараға жақсы қасқарар, 
Ойбайлап жаман бас салар, 
Көріспей айтты демеңіз, 
Осы еді біздің келген жай. 
Көзіңнің жасын тыя көр, 
Жақсылық бата қыла көр. 
Тағы да талай бақ берсін
Балаңа алтын тақ берсін, 
Бөгенбайдай жас берсін, 
Өлшеусіз мал мен бас берсін! 
Бөгенбай сынды батырдың 
Береке берсін артына-ай, 
Сабыр берсін халқына-ай. 
Жасаған ие жар болып, 
Бейіште нұры шалқығай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет