94
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен,
тек кетпен,
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең,
Өзекті жанға бір өлім,
Ордаңды талқан ғып шабармын!
IX
Беркініп садақ асынған,
Біртіндеп жауын қашырған,
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық-жалын шарт түйген,
Мен - кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысым қашырман.
Сүйегім
тұтам қалғанша,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр,
Бойың жетпес биікпін,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Айта
келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман.
Шамдансам - шығар асаумын,
Шамырқансам - сынар болатпын,
Кәр
қылады деп, тақсыр-ау,
Аяғыңа бас ұрман!
Байеке сұлтан ақсүйек,
Қыларың болса - қылып қал!
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін, жасырман.
Достарыңызбен бөлісу: