I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет76/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Омар ақсақал.
Мәселе үлкенді сыйлау, ештемені білмей жатталған көрсоқырлық емес
қайта ол адамдардың ақыл-өсиетін, сөздерін еске сақтап, тәлім-тәрбие алу, олардың өмір 
жолын әрі қарай жалғастыру. 
Ал енді балаларды, жастарды қай халық болмасын ерекше сүйіп, құрметтеп, мәпелеп 
өсіруге тырысады. Мұнда да адамгершілікке байланысты көптеген жайлар бар. Алдымен 
жастарды, балаларды еркелетіп, мәпелеп "құлыным", "шыбыным", "ботам" дей отырып, 
оларға қатал да болып, тәртіпке шақырып, жаман әдет-ғұрыптардан жирендіріп отыру 
керек. Баяғыда "ұры" деген сөз өте қорқынышты, өте ауыр сөз болатын. Ұрлығы ашылып 
қалған адам не өте қатты жазаланып, не ауыр ар таразысынан өтетін. Ал қазір ұрлық деген 
көбейіп кетті. Жолда жатқан нәрсені іле кету былай тұрсын, үйлерді, мекемелерді тонау, 
әсіресе, жастар жағынан, әдетке айналып бара ма деймін? Кейде осы мәселені "Бізде 
дүние әлі жетіспейді, адамдардың еңбекақысы әлі аз" деп түсіндірмекші болғанына қайран 
қаласың. Сонда немене бұл тонай беруге рұқсат деген сөз бе? 
Баяғыда ананың ақ сүтіне аузы тиген балаға "ешкімнің ала жібін аттап басушы болма!" 
деп үйретпеуші ме еді, құдайым-ау. Айтайық Әз Тәукенің жеті жарғысында осы ұрлыққа 
қарсы, адамгершілікті тәрбиелеу туралы мәселелер көп айтылды емес пе? Соның бір-
екеуін еске түсіре кетейік: 
3-жарғы "Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын!" 
4-жарғы "Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы 
бұйырылсын!" 
5-жарғы "Өреде тұрған тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы 
бұйырылсын!" 
Міне, аса қатал болса да бірақ әділ заңның өткен заманындағы бейнесі осындай. Яғни "Ар 
жанға, жан тәнге батады" деген осы! 
Адамгершіліктің тағы бір көрінісі біздің тарапымыздан жастарға деген қатынасымыздың 
қате қалыптасуынан болып отыр-ау деймін. Біз балаларды, жастарды тым өбектеп, асыра 
бағалап, нақты түрде олардың өзіндік даму ерекшелігін бағдарлай алмаймыз. Осындай 
тәрбие алған жастар кейін келе ата-анасының мойнынан қартайғанша түспейді. Ондай 
балалар ата-анасын сыйламайды да, келешекте күтпейді, тіпті бара-бара өзімізге масыл 
болмасын деп олардан құтылуға тырысады. 
Әрине, балаға жөнсіз қатал болып, ұрсу-жеку, олардың жер-жебірлеріне жете кемсіту де 
жақсылыққа әкеле бермейді. Ондай орынсыз жәбір көрген жастар, қауіпті жолға түсіп 
кетуі де мүмкін. 
Дегенмен жастарға әдет-ғүрып сақтау керек-ақ. Олар ғасырлар бойы халқымыз қадірлеп 
келген асыл қазынасы - адамгершілікті игеру қажет. Мәселен, сый-құрметті көрсету ғана 
емес, ізеттілік те кейде әрбір жастың киім-киісіне, өне бойын ұқыпты ұстап, әрбір істе 
ізгілікті болуына қарап отырып, оның ішкі дүниесіне де көз жүгіртуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет