279
Алайда бұл салалардың даму бағыттары әртүрлі болды. Олардың тек кейбір түрлері XIX
ғасырға дейін сақталып, қазақтың классикалық аспаптық стилінің іргетасын қалап, оның
эстетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
Белгілі этнограф, ғалым Болат Сарыбаевтың зерттеулері бойынша,
43
көне замандағы
әскери - аңшылық музыканың болмысы мен дамуында сан алуан аспаптар қолданылатын.
Оларды қазақ хандарының дәуірінде әскери дайындық жүргізетін тәсілдердің бірі ретінде
пайдаланатын. Уақыт өте келе қазақ хандықтары ыдыраған кезде, әскери - аңшылық
ғұрыптар жоғала бастағанда күнделікті өмірде солармен байланысты аспаптық музыка да
қолданбай кетті. Сонда да әскери - аңшылық музыканың белгілері аспаптық өнердің
аздаған нұсқаларында сақталған, мысалы, қобыз күйлерінің кейбір әуендері ("Қамбар
батыр", "Кер толғау") немесе Құрманғазының "Балбырауын" күйіндегі "си до ре"
интонациясы сол дәуірдің көрінісі болып саналады.
XIX ғасырда музыкаға қосылып би билеудің көне заманда пайда болған формасы аз
кездесетін болды. Егер көптеген халықтардың (өзбек, әзірбайжан, гуцул және т.б.) аспап
мәдениетінің дамуы би өнерімен тығыз байланыста болса, қазақ тұрмысында бидің орны
басым болған жоқ. Аздаған би элементтері бар бақсы өнерінің өзі XIX ғасырда қазақ
өмірінде ыдырап, азайды.
Сонымен, XIX ғасырда қазақтың аспаптық өнерінің жоғарыда аталған бағыттары
жойылуға жақын қалды. Тек эпосты орындаумен байланысты аспаптық өнер өзінің тарихи
даму кезеңдерінен өтіп, аталған дәуірде кең қолданыста болады. Әртүрлі тарихи
себептердің салдарынан қазақтың аспапты өнерінің өркендеу кезеңі осы бағытпен
байланысты болды. Аспаптық өнердің түп тамыры негізінде эпикалық жырлардың кейбір
үзінділерін музыкамен суреттеуден бастау алған. Уақыт өте келе бұл өнер даму
барысында сөзбен түсіндіруді қажет етпейтін "таза", жеке шебер орындаушылықтың
деңгейіне жетті. Дегенмен, бұл аспаптық өнердің генезисі мен дамуы сөзбен, ауызекі
орындаушылықпен, эпикалық поэзиямен тығыз байланыста болған. Сол байланыстың
көрінісі аспаптық музыканың типтес белгілерінің қалыптасуына үлкен эсер еткен.
Музыканың эпикалық поэзиямен өзара қарым-қатынасы аспаптық музыканың
мазмұнында да сақталған. Онда адамның рухани дүниетанымы, өмірінің мәнін жеткізетін
белгілерді ойлану, көзге елестету жүйесі тәрізді психологиялық сезімдер арқылы
суреттелетін болды. Қазақ аспаптық өнерінің осындай жоғары эмоционалдық
сезімталдығын Б. Асафьев "этикалық жоғары көңіл күй", "байыптылық, қатаңдық,
анықтылық", "эмоционалдық жоғары жалпылаудың эмоционалдық қайырымдылық және
дана философиялық аңдаумен үйлесімділігі" деп белгілеген . Осы себептердің салдарынан
қазақтың аспаптық музыкасында көптеген басқа халықтардың дәстүрлі аспаптық өнерінде
жоғары деңгейде дамыған би, қимылдар, адамның жүрісін суреттейтін белгілердің әсері аз
орын алатын болғандығы түсінікті.
Қазақтың халық музыкасы ауызекі түрде дамып, өзінің көркемдік - қолданбалы би
функционалдық сипатымен фольклорлық құбылыс ретінде танылады . Оның тұрмыспен
тығыз байланыста қалыптасқан қоғами функциясы байырғы дәуірдің қолданбалы
шеңберіне бағынбайтын болды. XIX ғасыр - домбыра музыкасының өркендеу кезеңі
болып саналады, өйткені бұл кезде ол жеке кәсіби өнер ретінде қалыптасып, ұлттық және
тарихи көрсеткіштерден тәуелсіз өзіне тән құралдарына ие болды. Домбыра музыкасының
кәсіби белгілері қалыптасып, күйшілік өнер өмірлік кәсіпке айналатындай мүмкіндікке
43
Достарыңызбен бөлісу: