I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет107/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

О своеобразии традиционной музыки казахов // 
Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным 
казахским искусством. Алматы: Ғылым, 1993. - С. 188-207. 
 
 
Әлия ӘЛІМЖАНОВА 
 
XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ЭСТЕТИКАСЫНДАҒЫ ҮДЕРІСТЕР 
XX ғасырда қазақ көркемөнер мәдениеті өз өрістеуінде номадтық негізде дамыған өнер 
түрлерінен қазіргі постмодерндік көркемдік тәсілдің көптеген түрлеріне ауыса алды. 
Соңғы жылдары бүкіл әлемді қамтып алған жаһанданудың "тегістеуші" үдерістеріне 
қарамай, қазақ көркемөнері өзінің дәстүрлі әсемдік формаларынан ажырап қалмады. 
Осының бір себебі көшпелілік өмір салтында қалыптасқан дәстүрлі қазақ өнерінің 
эстетикалық қуаттылығында тұр. 
Еуразияның ең орталығын мекендеген көшпелілер, сол уақытта Шығыс пен Батыстың 
мәдени формаларының синтезі болып табылатын, айрықша өмір салты мен дүниені 
игерудің көркем тәсілдерін қалыптастырды. Қазақ халқының ұлттық ділі мен дүние 
түйсінуі адам және әлем тұтастығымен, қоршаған ортаға үйлесімді болумен және сол 
мезгілде оған рационалды қатынаста басқа мәдениеттер мен этностарға төзімділік 
танытуымен ерекшеленеді. 
Нағыз көшпелінің ұрпағы, О. Сүлейменов үшін "Шығыс та жоқ, Батыс та жоқ, тек Күннің 
атуы мен батуы бар" жер бетінде көшпелі өзін тәуелсіз және шексіз құдіретті сезінді: 
Бұлт болған айды ашқан 
Мұнар болған күнді ашқан 
Мұсылман мен кәуірдің 
Арасын бұзып дінді ашқан 
Сүйініш ұлы Қазтуған!
44
Қазақ көркем мәдениетінің бастауларын және құндылық негіздерін мыңжылдықтар 
қойнауынан іздеу керек. Басқа да алғашқы мәдениеттердегі сияқты көшпелілердің 
эстетикалық сезімдері табиғат аясында қалыптасты және өздерінің өмір салтына тәуелді 
құндылық бағдарларымен синкреттік бірлікте болды. Философ С. Ақатай атап өткендей, 
көшпелінің еңбекке эстетикалық қатынасы оның әрекет өнімдерінде жасалған нәрселердің 
әсемдігінде бекітіліп отырды, осының күшімен олар тек материалды мұқтаждықтарды 
44
Озера степные. Алматы, 1999. - С. 69.


296 
өтеп коймай, адамға қуаныш, эстетикалық сүйсіну әкелді. Заттардың әдемілігі оның 
адамдық өлшеміне айналып, еңбектің өзінде ләззат табуға болатын еді. 
Сол немесе басқа құбылыстың, нәрсенің, заттың эстетикалық кұндылығы олардың 
утилитарлық - практикалық маңыздылығымен тарихи себептелген. Көшпелі сарайларды 
салған жоқ, бірақ ол киіз үйді ойлап тапты. Ол сәулетімен де, инженерлік құрастырылуы, 
тұтынушылық қасиеттері жағынан да әбден жетілген. Өз кезегінде киіз үйді пайдалану 
қой жүнінен жасалған сырмақ, алаша сияқты бұйымдарды дүниеге әкелді. Олар терең 
эстетикалық сезімдерді туындатты. 
Қазақ адамы отбасымен, румен, тайпамен тығыз байланыста болды. Бүкіл мейрамдар 
ортақ болды және барлық адамдардың көз алдында өтті. Осындай бірлесудің айшықты 
көріністеріне "Наурыз", "Шілдехана", "Той", "Тұсау кесу", "Ас" және т.б. жатады. 
"Жалғыздың шаңы шықпас" деген мақалдағыдай, бірліктің маңыздылығы ерекше аталып 
өтті. Қазақ эстетикасы казак этикасымен тұтасып келеді. 
Қазақ ауыз әдебиетіндегі әлемдік рәміздер дәстүрлі дүниетанымдағы құндылықтарға иек 
артады. Қазақтың ауызекі көркем мәдениеті түрлі көркем формаларға және өзінің бай 
тарихына ие. О. Сүлейменов осы жөнінде мынадай ойын ұсынады: "Өткен және болашақ 
қарсы айна тәрізді бір-бірінен тәуелді. Тамырсыз ағаш - оған қатты сөйлегіштер не жарық 
таратушылар іліп қоюға ғана болатын, кепкен діңгек пен ондағы жемістер сияқты. Оны 
отынға кесе салуға да болады. Ешқандай өкінішсіз, кез келген халықты өткенің жоқ деп 
сендіре сал, сосын отынға жібер. Қаншама тамырлары кеуіп қалған ағаштарды біз 
өзіміздің сиреген орманымызда көре аламыз". 
Қазақтың көркем мәдениеті құндылықтары сөз өнерінде сақталады және өркендейді. 
Дәстүрлі мәдениеттегі қазақ үшін ең құндысы - бұл сөз әсемдігі. Сөз мағынасы қашанда 
қазақтарды баурап алады, олар оның күшіне сенеді, оның айқын дәлеліне мынадай 
мақалдар жатады: "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді", "Сай сүйегімді сырқыратып, сөз 
айттың". Өйткені сөз адам жанының ең тылсым қабаттарына жетеді, оның барлық 
пернелерін тербелтеді. "Мен барған сайын, - дейді О. Сүлейменов, - егер тірі материяда 
өлмейтін бірдеме бар болса, онда оның адам сөзі екендігіне сенімді бола беремін. Ол 
шаңырақ сияқты түсіп қалмайды және қайта жаңғырмайды. Ол жай ғана өмір сүреді, 
қартаяды, ескіленеді, біз тірі болғанша, мәңгі өмір сүреді". 
Өмір салты ерекшелігімен сол ауызекі халық поэзиясында қалыптасқан қоршаған дүниені 
қабылдау және түсіндіру дәстүрінде табиғат құбылыстарын, адамның жай-күйін, өмірлік 
коллизияларын суреттеудің айрықша көрсеткіштері әрекет етеді. Бұл - түстің, дыбыстың, 
өсімдіктер мен жануарлардың, адамдардың белгілі бір рәміздік әлемі, яғни ол тек бұл 
халыққа тән, оның "сәбилік шағынан" ілесіп келе жатқан көркем шығармалыққа келе 
туындаған "поэтикалық әлем". Мысалы, "дарқан дала", "кең дала", "сарыарқа" сияқты 
эпитеттер тек шектелмеген, мұхит сияқты көкжиексіз кеңістікте өмір сүретін халықтарда 
пайда бола алады. Қазақ поэзиясында даланың кеңдігі, таулардың биіктігі, өзендердің 
шуы, күн сәулесі, арғымақтардың шабысы, қойшының әні, яғни бүкіл ата мекені 
суреттеледі. Тіпті адамның өзін бейнелеуде табиғаттан алынған суреттемелер 
қолданылады: "аққудай, айдын-шалқар көлдей, тал шыбықтай, сүйріктей, нар бурадай, 
жібектей, еліктің лағындай, ботадай" және т.б. 
Егер орыстың "ақ қайыңдайы" - пәктікті, нәзікті т.т. бейнелесе, онда қазақтарда осындай 
функцияны "тал шыбықтайы" атқарады. Тіпті қалада тұратын қазақ "нар жігіт" дегенде 


297 
тек дене күшін емес, ол бірінші кезекте рухтың қуаттылығы, батырлық, кез келген 
жағдайда арқа сүйеуге болатын адам туралы айтылып тұрғанын сезеді. 
Қазақтардың түсінігінде "ботакөз" - сұлулықтың, тазалықтың, мейірімділіктің рәмізі. 
Отырықшы кейбір халықтар бүл метафораның мәнісін түсінбей, өзіне тек үлкен, дөңгелек, 
қара, бірақ әдемі емес көзді елестетеді. Егер "қасқыр жігіт" дегенде әлдекімдер 
қанішерлік, зұлымдық, қатыгездік сияқты теріс бағалауларға барса, онда қазақта - бұл 
ерліктің, тәуекелшіліктің, жанқиярлықтың, табандылықтың рәмізі. 
Оған биік ақыл, ізгі жүрек, пәк тазалық, қайтпайтын қайрат, ел жандылық тән адам 
бейнесі "намыс" ұғымының төңірегінде түйінделеді, адамға абырой әкеледі және қазақ 
эстетикасында орталық орын алады. Мұны мына мақалдар дәлелдей түседі: "екі жақсы 
қосылса, айырылуға қиыспайды, екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды", 
"Жақсының жүрген жері кент, жаманның жүрген жері өрт", "Жорға жүрісімен пұл болады, 
жаман жүрісімен құл болады". 
Көшпелі қазақтың санасында "күн" атқа табынумен бірегейленеді, оның басты белгілеріне 
"сәуледей тез таралу" және "ұшқыр жылдамдық" жатады. 
Күн - тұлға, оның үстіне қатардағы емес тұлға. Оның қызуы мол және жылдам қозғалады. 
Ең жүйрік тұлпар аяғын көтергенше, сол сәтте күн айлық жолдан өтіп кетеді. Қазақ 
жазушысы О. Бөкеев жазғандай: "Таңертең күлімсіреп келген күн, кешке таман ұяла 
қызарып кетеді. Ол өз жарығын кім жақсы, кім жаманға қарамай, дарқан төгеді. Оның 
жанының мырзалығы тап осындай еді" . Ал Мағжан Жұмабаевтың бақытсыз кейіпкері - 
Шолпанның соңғы сәттері күнмен бірге кетеді. "Күнмен таласа Шолпан да өмірмен 
қоштасты". 
Қазақтың арғы тегі, көшпелінің эстетикалық құндылықтары адам аттарын да жиі 
білдіреді. Олардың арасында "ай" және "гүл" тіркестері жиі кездеседі. Ай көшпелінің 
тұрақты серігі, оның түнгі қозғалыстарындағы бағдары болды, эстетикалық 
мағыналылықты иеленді. Ай әсемдіктің, сұлулықтың, пәктіктің, нәзіктіктің рәмізі болып 
табылады. "Жалғыз қызы Гүлбаршын - он бес күндік айдай", делінеді "Алпамыс" 
эпосында. "Жаңа туған айдай, сымбатымен теңселіп келеді" деп "Қыз Жібекте" айтылады. 
Ай басқа халықтарда да эстетикалық объектіге айналады. 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде негізгі эстетикалық нысандар мал шаруашылығынан 
алынғаны түсінікті. Өйткені мал әрі байлық, әрі қорек, әрі киім, қысқаша айтқанда, бүкіл 
көшпелі әлемнің орталық діңгегі. 
Қазақтар тек үй жануарларын ғана емес, сонымен бірге барыс, жолбарыс, арыстан, лашын, 
бүркіт сияқты тағы жануарларды да эстетикалық құндылықтар тұрғысынан бағалады. 
Тіпті қазірдің өзінде елтаңбадағы пырақ, жалаудағы бүркіт немесе ұлттық идеядағы барыс 
рәміздері осының айғағына жатады... 
Қазақтың көркемөнер мәдениеті, жалпы түркілік мәдениеттен бөлініп шыға отырып, сол 
ортақ тамырға өзінше нәр бере білді. Оның өкілдері халық даналығын ғылыми 
гипотезалар, теориялар мен қатаң анықтамалар тілінде емес, поэтикалық толғаулар, нақыл 
сөздер, шешендік үлгілер, сазды күйлер мен ою-өрнектер тілінде білдіре алды. Бұл жалаң 
пайымдаулар мен тым абстрактылы қалыптардан аулақ болуға жеткізеді, бүл ежелгі грек 
калокагатиясындағы сияқты әсемдік пен ізгіліктің айрықша үйлесуіне мүмкіндік берді. 
Басқаша айтқанда, казак көркем мәдениетінде эстетикалық пен этикалық ажырамас 
бірлікте болды. 


298 
Фольклорда толғаулар, нақылдық сентенциялар, әдептілік, отбасы, әйелге қатынас, 
балалар мәселелері басымдық танытады. Әділеттік пен әділетсіздік, жақсылық пен 
жамандық, намыс, абырой және т.б. кісілік қасиеттер көркем суреттелген типтік бейнеде 
беріледі. Қазақ эстетикасында уақыт өзінің тұтастығымен, адам мен қазіргінің синтезімен 
түйінделеді. Аруақтар, бұрын өмір сүрген тарихи тұлғалар мен мифтік кейіпкерлер бүгінгі 
тіршілікке араласып кетеді, 
XX ғасырдан бастап қазақ мәдениетінде, соның ішінде көркемсөз саласында түбегейлі 
өзгерістердің болғаны белгілі. Бір ғасырдың ішінде соншама эстетикалық құндылықтар 
жүйесінің түбегейлі өзгеруін басынан өткізген этномәдениет тым көп кездеспейді. Өмір 
салтының бірнеше рет өзгеруі (көшпеліліктен социалистік ұжымшылдыққа, одан нарық 
қоғамына) халықтың дүниені көркем түйсінуі үшін үлкен сын болды, эстетикалық 
құндылықтар сыни қайта қаралуға ұшырай берді. 
Қазақ көркемөнер мәдениетіндегі осындай өзгерістер туралы, М.Әуезов қазақ 
әдебиетіндегі инновациялық үдерістер мысалында, мынадай ойларын алға тартады. "Бүгін 
- жаңа дәуір, жаңа үлгінің туатын кезі жеткендей. Жазба әдебиеттің жаңадан түбір тауып, 
ауданын кеңейтіп, келесі өрнекті дәуірге қарай аяқ басуы осы белгілерден басталса керек" 
- дейді. 
Қазақ әдебиетінің бұл дәуірі буыны бекіп, қатарға кірерлік әдебиет болғандығын 
көрсететін сыршылдық романтизм дәуірі болады. 
Бұл арада біздің әдебиеттің өткен күні туралы айтылатын бір соз: Абайдан бергі дәуірді 
орыстың реализм дәуіріндей толық реализм дәуірі деп айтпаймыз. Ол уақыт қазақ 
әдебиетінің аяғын апыл-тапыл басып келе жатқан кезі болғандықтан, толық реализм 
шартын көрсеткен жоқ. 
Бұл мақалада ол дәуірде реализм болды деген соз болса, ол өзге күйдің ішіндегі күштірек 
болған сарын, сол деп айтылған. Әйтпесе әр нәрсеге арналып айтқан ұсақ өлеңдерден 
белгілі бір дәуірді туғызатын ұзақ күй шығады деуге болмайды. 
Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы сияқты азын-аулақ мағлұматқа 
қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда, айтатын 
сөз: біздің әдебиет әлі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор 
десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын талай тұғырларының біреуіне ғана жаңа-жаңа 
тырмысып келеді. Біздің ескі әдебиеттен қалған көп сарын, кең аясының бәрі де жазба 
әдебиетке келіп тарылып, азайып отыр. Жазба әдебиет бір беткейліктен арылса жаңа 
арылайын деп, жаңа ғана қайтадан тарауланып аясын кеңейтейін деп отыр. 
Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру - әдебиеттің ендігі міндеті. 
Бұл күнге дейін біз саяз жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті қазақ өмірінің бетіндегі қаймағын 
жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала мен жалшы, сақау қатын да кірген 
болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға 
шейін кіруге тиіс. Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкін". 
Қазақ көркемөнер мәдениетін тұтас алғанда, XX ғасырда тек эстетикалық құндылықтар 
ғана өзгеріп қоймай, эстетикалық стильдер мен тәсілдер де түбегейлі өзгеріп кетті. Белгілі 
мәдениеттанушы Ю. Лотманның пікірінше, жазбасыз естің әлемі рәміздерге мейілінше 
қанық. "Жазудың пайда болуы мәдениеттің семиотикалық құрылымын күрделендірмей, 


299 
керісінше қарапайым күйге түсіруі одағай көрінуі әбден мүмкін. Алайда материалдық 
заттарға негізделген мнемоникалық киелі рәміздер жазба тектің емес, салттық мәтіннің 
құрамдас бөлігі болып қалады. Оның үстіне, олар өздерінің байланыссыз белгілі 
дербестігін сақтайды, яғни олар өздерінің материалдық заттар ретіндегі қасиеттерін әдет-
ғүрыптан тыс жағдайда да толық сақтайды, бірақ осы заттардың әртүрлі әдет-ғүрыптар, 
киелі орындармен біртұтастық күйде болуы оларға сан алуан мән береді. 
Ою-өрнектің дамуы, мүсін мен сәулет өнерлері ескерткіштерінде жазудың болмауы 
ауызша мәдениеттің өзіндік сипаттары болып табылады. Иероглиф, жазылған сөз, әріп 
және белгілі бір мағына жағынан пұт, қорған, киелі орындар сияқты мнемоникалық 
рәміздерге қайшы кереғар құбылыстар. Алғашқылары мән-мағынаның белгілері болса, 
соңғылары осы мән-мағынаның куәгер естелігі іспеттес. Алғашқылары мәтін болуы, 
немесе, осы мәтіннің құрамдас бөлігі, мәтін болғанда бірыңғай семиотикалық сипаттағы 
мәтіннің бөлігі болуы мүмкін. Соңғылары салттың синкреттік мәтіннің құрамдас бөлігі әрі 
белгілі бір киелі орындармен және белгілі бір уақытқа бағышталған ауызша мәтіндермен 
мнемоникалық байланыста болады". 
Ю. Лотманның ойын ары қарай жалғастырсақ, эстетикалық жағынан жазба мәдениет 
ауызшадан жоғары тұрады. Жазба мәдениет Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені Мәтін 
ретінде қарастыруға, әрі ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім. Сондықтан басты 
мән-мағына Мәтіннен (киеленген немесе ғылыми) ізделінеді және алынған модель табиғи-
тарихи ландшафты зерделеудің логикалық қалыбына айналады. Осы тұрғыдан келгенде 
Табиғаттың мәнін тек "жазба" адамы ғана таниды. Ол адам Табиғаттан мәнді белгілердің 
рәміздері ырымдарды емес, заңдылықтарды іздейді. Ырымдарға жүгінушілік соқыр сенім 
ретінде қарастырылып, болашақты көріпкелдік пен болжампаздықтан емес, өткендегілер 
арқылы анықтауға тырысады.
45
Бірақ осыдан келіп, жазусыз мәдениет құнсызданады деген пікір тумауы керек. Оған 
мәдени мұра ретінде қараған дұрыс. Орыс ақыны Е. Баратынский осы жөнінде мынадай 
жолдарын қалдырған: 
Байырғы сенім 
Асылдан қалған сынықтай 
Күйреді-ау зәулім 
Шындықтан көне сол сарай 
Амал не, 
Қалдықтың тілін 
Сөйлетер ұрпақ жоқ бүгін.
46
XX ғасырдағы қазақ эстетикасы негізінен тоталитарлық коғам ұстындары қысымында 
әрекет етті. Соған дейін басымдылық танытып келген романтикалық стиль "социалистік 
реализм" 
деп 
аталғанмен 
ауыстырыла 
бастады. 
Қазақ 
мәдениеті 
қатты 
идеологияландыруға ұшырады (мазмұны бойынша социалистік, формасы бойынша 
ұлттық). Бірақ ұлттық форманың өзі де орыс кеңестік мәдениетпен ассимиляцияға 
ұшырай бастады, ұлттық архетиптер шайқалып кетті. 
Алайда көркемөнер құралдарымен бұрынғы эпикалық ұстанымдарды жалғастыру тіпті 
тоталитарлық мәдениеттің үстемдік еткен жағдайының өзінде этникалық бірегейлік пен 
тұтастықты сақтап қалуға қызмет етті. Осы сипатта қазақ ақын-жазушыларымен өздерінің 
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет