I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет111/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

В.М.Жирмунский. 
Тюркский героический эпос. Наука. Л. 1974. 633-6.


319 
жайттарды анықтай түскен жөн. Егер ауыз әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары 
интеллектуалдық бейнелілік құралдардан бөлек алып қарастырылса, оның жоғарыда 
көрсетілген кәсіби жазба әдебиетінен айырмасы салыстыра талдау жасағанда өзіндік мәні 
бар сипат - белгі болып шығады. Ал шынында жазба әдебиетінде, сондай-ақ қазақтың 
жыраулық - ақындық поэзиясында әр шығарманың нақтылы авторы болады. Және әр 
шығарманың өн бойынан айқын көрінетін автордың тұлғасы ("Мен") уақиғаның 
баяндалуына, кейіпкерлердің сипатталуына қалайда өзгеше рең беріп, әсер етеді. Алайда 
шығармадағы кейіпкердің тағдыры оның мінез - бітіміне, қоғамдық өмірдегі қарым-
қатынастардың заңдылықтарына лайық көрініс табады. Тұтастай алғанда, жыраулық 
ақындық поэзияда тұлғаның дараланып көріну дәстүрі жазба әдебиетіндегідей толық 
болмаса да, оның өзіндік қолтаңбасы, көркемдік стилі қалайда анық байқалады. Ал 
фольклорда болса, жырды шығарушының жеке тұлғасы дараланып бой көрсетпей, онан 
гөрі белгілі тарихи ортада қалыптасқан дәстүрлі қоғамдық сана айқынырақ көрініс береді, 
кейіпкерлердің бейнесі де соған лайық жасалады. Көбінесе, олар ересен күш-қуаты бар 
батырлар, мифтік образдар, әділеттілік, адалдық үшін аянбай күресетін аңыздық бейнелер 
кейпінде көрінеді. 
Алайда ауыз әдебиетінде жеке адамның ой-санасына, сезім дүниесіне мүлде мән берілмей, 
үнемі тасада қалады деу дұрыс емес. Мәселе тек жеке адамның автор ретінде өз 
тұлғасының дербестігін сезінуі әр тарихи кезеңде, сөз өнерінің әртүрлі даму сатысында 
бір қалыпта болмай, өзгеріп дамып отырғанын ескеру қажеттігінде. Ал ауызша 
шығарылып айтылып келген көркем туындылардың авторы жоқ болуы солардың алғашқы 
нұсқасы біреуден - біреуге ауысып, өзгеріске ұшырап, түпкі авторы ығыстырылып немесе 
ұмытылып қалуына да байланысты екені түсінікті. Мұның өзі әр шығармаға байланысты 
нақтылы айқындауды қажет етеді. Ауызша және әртүрлі термелі әуен, мақаммен 
айтылатын жырлардың адамның жан дүниесіне күшті ықпал ететіні орындаушылық 
шеберлігінің, сонымен қатар тыңдаушының қабылдауына тән сезім әсерлеріне бой 
алдырушылықтың қуаттылығының нәтижесі. Жырды айтушы қаумалаған тыңдаушылар 
ортасында отырғандықтан, солардың баяндалып жатқан оқиғаны қызықтап, қыздырмалап, 
көтермелегенін сезініп, оның шабыты әбден тасқындап, шарықтап, шығармашылық қуаты 
арта түсетіні анық. 
"Поэты Казахстана" атты кітаптағы кіріспе мақаласында М.Мағауин қазақ жырауларының 
өнеріне, бір топ ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, жинақты, тиянақты сипаттама 
берген. Ол жырау қазақ поэзиясындағы көне дәуірде қалыптасқан ақындық тұлға деп атап 
көрсетеді. "Жырау" деген сөздің түбірі - жыр, яғни ол - терме, толғау, эпостық жыр секілді 
поэзиялық шығармаларды тудырушы. Сонымен бірге XV-XVIII ғасырлар поэзиясының 
негізгі өкілдері саналған жыраулар қол бастаған батыр, өз ортасының дана, ақылгөй 
абызы, алдағыны болжай алатын сәуегейі болған. 
Түркі тілдес халықтардың поэзиясында, соның ішінде әсіресе қазақ поэзиясында өлең 
құрылысы ежелден силлабикалық (силлабо - латынша буын) жүйеге жататыны, өлең 
тармақтарында, оның бөлшектері - бунақтарда да буын саны тұрақты, белгілі мөлшерде 
сақталатыны әдебиет теориясы мамандарының (В.М. Жирмунский, З.А.Ахметов) 
еңбектерінде тиянақты дәлелденіп көрсетілген. Қазақ өлеңінің ертеден қалыптасқан 
құрылыс - жүйесі түркі тілдерінің, қазақ тілінің оз фонетикалық құрылысына сәйкес, яғни 
орыс, Еуропа поэзиясындағыдай екпінге, екпінді буындарды алдымен реттеуге 
негізделмейді. Қазақ өлеңінде буындардың жалпы саны есепке алынады және буын 
мөлшері өлең тармақтарында, оның ішкі бунақтарында тұрақты болады. 


320 
Осыған сәйкес қазақ жыраулары ең көп қолданған жыр өлшемі жеті-сегіз буынды болып 
келеді және әр тармағы екі не үш бунақтан тұрады. Жеті буынды болса, өрнегі 4 буын + 3 
буын болады, ал сегіз буынды тармақ 3 буын + 2 буын + 3 буынды болып келеді. Жырдың 
өлшемі, ырғақ өрнегі де, тармақтардың ор мөлшерде еркін топтасып түйдек-түйдек болып 
(тирада түрінде) келуі де термелі әуенмен, домбыра, қобыз сүйемелімен айтуға және 
жырды табан астында суырып салып, ауызша импровизация жасап үздіксіз төге беруге 
бірден-бір лайық екені ерекше көңіл қоярлық. Сондай - ақ жыр - толғауларда сөзді ауызша 
айтуға, есте сақтауға да қолайлы, ой жүйесін өрнектеп бірізге түсіретін психологиялық 
параллелизм секілді тәсілдер де жиі қолданылған. 
Жыраулардың айтқыштық шеберлігі олардың ойының тереңдігінен, сезімінің 
қуаттылығынан, импровизаторлық өнерінің күштілігінен де жақсы аңғарылады. 
Көшпелі елдің мәдениетінде, поэзиясында кеңістікті сезіну, қабылдау таныммен, танып-
білу үдерісімен тығыз байланысты. Еуропа философиясында, мәдениетінде таным, ұғым 
түсініктер ғылыми қағида сипатына ие болып, қоғамдық тәжірибеге, эксперимент 
теориясына ықпал жасайды және сонымен шектеледі. Ал қазақ мәдениетінде, поэзиясында 
таным логикалық ұғымдардың шеңберінен шығып, қоғамдық өмір құбылыстары, қарым-
қатынас, мінез-құлық туралы түсініктермен жалғасып, байланысты болып келеді. 
Сондықтан оны тәжірибелік (технологиялық) кеңістік емес, алдымен адамның мінез-
құлқына, адамгершілік түсінігіне қатысты дүние деуге келеді және мұнда көркем өнер, соз 
өнері даналықтың, ақыл-парасаттың әлеміне, жарқын көрінісіне айналады. Дүние 
болмыстың, ғарыштың және адам рухының бірлігін, біртұтастығын танып-түсінуге 
ұмтылыс та бар. Мұның өзі дүниені бөлшектемей, тұтастай танып, мазмұн мен формаға 
(түрге) бөлмей қараудың нәтижесі. Осылай тұтастай алынатын кеңістікте жеке адамның 
субъективтік, ішкі жан дүниесі, сезімдері мен қоғамдық тәжірибе қосылып, бірлестік 
табады. Еуропалық логикада жетпей тұрған бір ұғым, яғни "алғашқы ұғым" ("первое 
понятие"), басқа ұғымдардың бәрін бүтіннің бөлшегі ретінде қамтитын ұғым қазақ 
поэзиясында дүние - болмысты жаратушыға - бір Аллаға сену арқылы туады. 
Жыраулар шығармашылығына, міне, осындай биік рух ерекше пафос, қуат-күш дарытады. 
Әрбір көркем образдан, символдан осындай рухтың лебі еседі. 
Жыраулар поэзиясының ең басты, әйгілі өкілі - Асанқайғы аталып кеткен Асан Сәбитұлы. 
Бұл заманда не ғаріп? 
Ақ қалалы боз ғаріп, 
Жақсыларға айтылған 
Асыл шырын сөз ғаріп, 
Замандасы болмаса, 
Қариялар болар тез ғаріп; 
Қадірін жеңге білмесе, 
Бойға жеткен қыз ғаріп. 
Ата жұрты бұқара 
Өз қолында болмаса, 
Қанша жақсы болса да, 
Қайратты туған ер ғаріп. 
Бұл - ойды сұраққа жауап ретінде бір желіге келтіре тізбектеп келтіруі және шешендік 
нақыл түрінде айтылуы жағынан да жыраулық поэзияда кеңінен өркен жайған лирикалық 
толғаудың тамаша үлгісі. 


321 
Сонымен бірге мұндағы ақынның ойлау, сөйлеу ерекшелігінен оның дербестік сипаты да 
байқалады. Жырау "кім ғаріп?" деп сауал қойып, өзі соған жауап қайтарғанда нақтылы 
біреулердің атын атап, түсін түстемей-ақ тұспалдап айтса да, сол замандағы әртүрлі 
адамдардың мінезін, тағдырын, хал-жағдайын өз түсінігінше жинақтап, типтік деңгейге 
көтере сипаттап берген. 
И. Канттың айтуынша "...сезім - түсініктердің (кеңістіктегі фигуралар секілді) нобайы 
сұлбасы долбарлап ойша елестету қабілетінің нәтижесі, образдар сондай долбарлаудан 
туады"
55

Бұл жерде ойдың мәнін ашып көрсететін мағыналы образдар туралы сөз болып отыр. 
Сонда сұлбасы - нобайы деген адамның - субъектінің танымдық қабілеті немесе танымдық 
тәсіл деген ұғымдарға қатысты айтылып отыр. Егер адам уақыттың нақтылығын көзге 
елестетіп немесе ойша зерделеп түсінгісі келсе, ол сол уақыттың (кеңістіктің) мөлшерін 
нақтылы ұзындық өлшемі арқылы ма, әйтеуір сезім арқылы (ұғым арқылы емес) 
жорамалдауға мәжбүр болады. 
Уақыт пен кеңістікті осылай қамтығанда субъектінің өзі - "Мен" сол сұлбадан сырт
шеттеу тұрады. Ал көркем образдар туралы айтсақ, онда субъект - "Мен" - сол образ 
сұлбасының, синтездің ішкі өрімімен астасып жатады. 
Ал мұның өзі нақтылы, көрнектілік сипаты бар образды қабылдау, мүлде өзгеше түрдегі 
ойша елестету синтезі - рефлексия деп емес, көркемдік түйсіну, қабылдау деп аталады. 
Әрекет категориясы дегенде субъектінің осындай өзгеше түйсінуінің, қабылдауының және 
тікелей соның әрекеті болып табылатын таза сырттай қарау, сырттай аңдаудың 
(созерцание) қуаттылығын меңзейді. Сезіну, сезіммен қабылдау арқылы себеп-
салдарлардың логикалық байланысын айқындау қандай да бір тәжірибеге сүйеніп 
жасалмайды, интеллект мен сезімнің өзгеше жалғастық тауып, долбарлауының 
нәтижесінде мүмкін болады. Бұл - сезімнің нақтылы объектінің құбылыстық тәжірибемен 
шектелетін шегінен шығу тәсілі. 
Сөйтіп, әрекет дегеннің өзі уақыт пен кеңістіктің іштей байланысының, өзара үйлесім 
сәйкестілік табуының сәті. Әрекет - объекті - нақтылы нәрселердің ерекше сезінушілігі 
арқылы, белгілі бір мақсатқа сәйкес кеңістіктегі байланысы. Субъект сол кеңістікте 
мақсатын жүзеге асырады, бірақ өзі уақытқа тәуелді болғандықтан кеңістіктен тысқары 
тұрады. 
Әрекет субъектінің ішкі сезімінің бір түрі болып табылатындықтан, ол сезім мен сананы 
және интеллект мен ойлауды жалғастырып, қабыстырады. Бұл – бір мезгілділік (уақыт пен 
кеңістік арасындағы бір мезгілділік сәйкестік) пен уақыттың үздіксіз алға жылжуын 
түйістіріп мөлшерлеудің күрделі тәсілі. 
Көркемдік (творчестволық) әрекет автордың субъективтік санасы ("Мен"), кейіпкердің 
бейнесі арқылы жаңа сипат - қасиеттермен толығады. Ақын-жыраулардың поэзиясындағы 
көркемдік кеңістік оның ақыл, парасат, ойшылдық мағынасындағы рухани дәрежесін 
("Менің") ғана емес, адамның жан дүниесіне эсер беретін нәзік сезім - түсініктерді, 
жүректен шығатын әділеттілік, мейірбандылық, рақымдылық секілді адамгершілік 
55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет