I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет73/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

 
Үсен
. Өз ұлтымыздың ана тілін, дәстүрін, өнері мен салт-санасын білмеген соң басқа 
ұлттың модаға айналған жөн-жобасын қабылдау әдетке айналып барады. Біздің құрбы 
жастарымыз жаман тәрбиеден тыс нәрселерді көп үйренеді. Еліктеушілік - жігерлі еріктен 
айырушылықтың бір түрі емес пе?! 
 
Омар
ақсақал
. Ғасырлар бойы қалыптасып келген ата-бабамыздың әдет-ғұрпын, салт-
санасын жаңаша жаңа өмірге сәйкес неге жандандырмасқа. Әрине, ондай салт-саналардың 
озығы да, тозығы да бар. Бізге керегі сол озығы, күні бүгінге дейін сақталып келген 
қажетті жақтары емес пе? 
Алдымен, меніңше, барлық халықтарға тән адамгершіліктің жалпы өрнектері - адамды 
сыйлау, ең алдымен үлкенді, қарияны, елге еңбегі сіңген қадірлі адамдарды сый-құрметке 
бөлеу. "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" демей ме халқымыз. Сонда ол адамдар өзінің 
қызметінің жемісін көріп, өмірге риза болып, болашақ ұрпаққа сенім арта қарар еді ғой. 
Ал қазір шетелдерден бе, әлде өзіміздегі басқа халықтардан үйрендік пе оны құдай білсін, 
ана тілімізде сөйлеуге тілі келмей түр, "қарттар үйі" деген сұмдық сөз шықты. Әрине, 
үлкен-үлкен қалаларда жетім-жесір, панасыз, ешбір ағайын туысқаны жоқ (қазақта ағайын 
туысқаны, жамағайыны жоқ дегенге кім сенсін, қарға тамырлы қазақ емес пе?!) қарттарды 
мүмкін осында әкеліп, орналастыруға болатын шығар? Әй, қайдам? Ал бала-шағасы бар, 
немерелері жүгіріп жүрген қария әжелер мен ақсақалдарды әкеліп, осы үйге тастап кету 
қандай қиямет! Ондай қатыгез адамдарға болашақ ұрпақ қарғыс жаудырудан басқа не 
айтар дейсің?! Әлгі айналып кетейін Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір", "Қара шал", 
"Қара бала" деген әндері іші-бауырыңызды елжірете езгілеп, не түрлі сұмдық, 
адамгершіліктен безген жанның бейнесін көз алдымызға әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет