140
Асан
. Ең алдымен отбасында! Өйткені тәлім-тәрбиенің ананың ақ сүтімен қоса берілетіні
бәрімізге белгілі ғой.
Ғалымжан
. Әрине, тәрбие әсіресе адамгершілік, оның алғашқы нәрі отбасында берілуге
тиіс. "Адам тәрбиесі ол туысымен басталады" деді француз философы Ж. Ж. Руссо.
Шынында да адамгершілік ананың ақ сүтімен келіп, адамның әрі қарай жетілуіне үлкен
негіз болады. Бірақ осы ананың ақ сүтімен келген адамгершілік ақиқатын көп жерде көре
алмай жүрміз-ау. Менің есіме атақты жазушы В. Распутиннің көрнекті ойы түсті. Ол
өзінің сөзінде, егер біздің заманымызда жас Пушкин өмір сүріп, бірақ ол ардақты күтушісі
- Арина
Радионовнаның өлең-жырларынан, ертегілері
мен әндерінен нәр алып
тәрбиеленбесе, керісінше ол сахнадағы күні-түні ән
айтатын жалба-жұлба киімді
актрисаның барылдаған даусын естісе,
онда ол Пушкин емес, Дантес болып өсер еді депті.
Жазушының бүл сөзінде терең шындық жатыр. Қазіргі
жастардың көбі дерлік шетел
эстрадасы, музыкасы, ансамбльдері, тағы басқаларымен тым әуестеніп, өзінің халқының,
ұлтының, елінің музыкасын, өнерін, мәдениетін білмей, оларды білейінші деп ұмтылмай-
ақ өсіп келеді. Міне, қорқынышты нәрсе осы!
Достарыңызбен бөлісу: