Үсен
. Әрине адамгершілік принциптерінсіз мораль алысқа бара алмайды. Қазір біз ұзақ
жылдар бойы дамымай жоғалуға айналған әрбір ұлттың, әсіресе қазақ халқының әдет-
ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін, тағы басқа ерекшеліктерін қайтадан жандандыруға
кірістік. Өйткені қазіргі жастар өзінің ұлтын, оның даму ерекшелігін, оның бойындағы
адамгершілік қасиеттерін түсіне алмай жүр. Бұл жағынан алғанда мораль адамгершілікке
көмектесуі қажет. Сонда ғана мораль адамгершіліктен келіп шығады. Сонау көне грек
заманындағы Сократ әуелі адамгершілікті қарапайым, адамдар арасындағы қатынастардан
шығатынын терең ойлармен түсіндіре келіп, моральға тіреледі. Одан соң ол мораль
адамның бойындағы негізгі байлық екенін көрсете отырып, қайтадан оны
адамгершілікпен ұштастырды.
Кейде мораль дегеніміз сыртқы көрініс, этикаға, формаға қалай жүріп тұрудың, адамның
өзін-өзі қалай ұстаудың ережелеріне айналып, ал адамгершілік деген ешбір түсініксіз
абстрактылы нәрсеге ұқсайды. Сондықтан да моральды жеке адамға, адамдарға тән десек,
адамгершілік бүкіл адамзаттың, қоғамның бойындағы асыл қасиет деп есептеп, екеуінің
арасындағы органикалық, гармониялық үйлесімділігін көре білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |