Үсен
. Иә, солай болды ғой. Мұның барлығын біз өмірде біле тұрып, білмеген боламыз.
Сөйтіп біз адамгершілік принциптерінде аяққа таптадық. Адамгершілікке тәрбиелейтін
отбасы өз міндетін балалар бақшасы мен мектепке жүктеп, ал олар болса керісінше
барлық мәселені отбасына қарай артып, екі ортада жастарымыз далада қалды. Сонау
ананың ақ сүтімен басталатын адамгершілік ұстындары қазір көптеген отбасында балалар
бақшасы мен мектептерде әлі де толық қалыптаспаған.
Ғалымжан
. Мұның барлығы дұрыс, бүл жерде ешбір дау жоқ. Бірақ мәселе тек сынап-
мінеуде ғана емес, қазіргі қоғамды ең алдымен адамгершілікке бай етіп қайта құру болып
отыр ғой. Осы мәселенің түйіні қайда жатыр?
Асан
. Ол үшін моральды Кант айтқандай өте маңызды фактор деп, адамның ішкі
дүниесінің шешуші түйіні деп терең түсінуіміз керек. Үйде де, түзде де, балалар
бақшасында да, мектепте де, - барлық жерлерде жаттап алған моральдық қағидаларды
қақсап айта бермей, сөзден іске көшіп, өмірдің өз дамуынан шыққан үдерістерді
моральдық негізде бағалауымыз керек. Өйткені сан ғасырлар бойы қалыптасқан
адамзаттың мәдениеті бойынша моральдық қасиеттерді де кеңінен сақтаған. Соларды
ұғынып, түсініп қана қоймай, оларды өмірдің өзіне пайдалану қажет. Әрине ғасырлар
бойы жинақтаған моральдық ережелер бар. Оларды да адамдардың арасындағы
қатынастар арқылы қарап, бағалап, негізгі мәнге айналдырған дұрыс. Сонда ғана адам мен
адамзаттың біртүтас рухани мұрагерлігі қалыптасып, қоғамның шын моральдық негізде
дамуына жол ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |