Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы. Мен өндірістік тәжірибеден Алматы қаласындағы «Асқарова»



Дата14.12.2021
өлшемі14,33 Kb.
#126724
Байланысты:
кәсіпорын
кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, Ет консервілері, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс., 8 сем

  1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы.

Мен өндірістік тәжірибеден Алматы қаласындағы «Асқарова» сән ательесінде өттім. «Асқарова» сән ательесінің негізгі айналысатын жұмысы ұлттық киімдер тігумен қатар арнайы тапсырыс бойынша киім тігу, халық қолданысындағы тауарларды шығару және жобалап іске асыру болып табылады. Яғни толықтыра айтатын болсақ, бұл ателье киім тігу, жөндеу, киімді қысқарту, костюмдерді прокаттау, лекалдарды дайындау және жетілдіру, киімдердің эскизін жобалау, ұлттық киімдер, кештік салтанатты көйлектер, үй кездемесін тігуді жүзеге асырады.

«Асқарова» сән ательесі 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр.Осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері өте көп. Көптеген тендрлерді жеңіп алды. Айта кететін болсақ 2009 жылы Алматы өткен «Алматы әуендері», «Қазақ әуендері», «Бишілер ансамбльі» атты тендрлерін жеңіп алды.

«Асқарова» ательесінде тапсырыс бойынша киім тігілетін болса, онда әрбір тапсырыс берушіге жеке қызмет көрсетіледі. Әрбір жеке тапсырыс берушінің дене бітімінің ерекшеліктеріне байланысты дербес конструкциялар құрылады және жекеленген лекалалар дайындалады. Себебі дайын лекалдарға қарағанда, жеке тапсырыс берушінің өлшемдерінің дәлдігін, қозғалу әдебін, әдеттерін ескере отырып, ателье қызметкерлері киімнің мінсіз тұруын, артық бүкпелердің болмауын, киім өлшемінің сай келуін, кең қозғалыстың болуын қамтамасыз ету арқылы сізге жақсы сыртқы сипат пен сізді қоршайтын адамдардың таң қаларлық көзкарасына бөлей аламыз. Лекалды тұрғызудың әрбір кезеңінде сіздің қалауыңыз бойынша және өлшемдердің өзгерістеріне түзетулер жасалып отырады.

Бұйымның сапасы мен тігістің сапасы тек жаңа құрал-жабдыққа байланысты емес, сонымен қатар жоғары біліктілікті мамандарға да байланысты. Білікті дизайнерлер, конструкторлар мен тігінші мамандардардың арқасында «Асқарова» сән ательесінде ұлттық киімдер, ұлттық қалыңдық көйлектері, кеш көйлектері, билеу костюмдері, сахналық және концерттік костюмдер, смокинг, фрак, скатерттер, корпоративтік және офистік киімдер, тапсырыс бойынша дайындалады.

Дайындау цехында негізгі мақсаты келген тапсырысқа керекті жабдықтарды әзірлеу, оған сәйкес мата турін анықтау өте маңызды рөл атқарады.Әрбір таңдалған мата сапалы жане тапсырысқа сәйкес болу керек, бұйымға байланысты материалдарды жіктеп, сол материалдарға шаблондар дайындайды. Төсемдерді, жаймаларды дайындаумен және атқарылатын жұмыстың есебін әзірлеумен айналысады. Лекалдың көлемін, олардың төселуін, сызбалардың түсірілуіне, сызбаның өлшемдерінің нақты түсуіне, шеттік сызықтардың және шартты белгілерінің белгілейді.



Пішу цехында дайындау цехынан келген маталарды стол бетіне қалай орналастыру керектігін, лекалдарды дайындап, материалды жайып, жайманы таңбалап, киім бөлшектеріне бақылау кертпелерін белгілеп, нөмірленген пішім бөлшектерін матаға ретімен түсіріп, матаны үнемдеп пішуді уйрендім.

Өндірістік тәжірибе кезінде өз мамандығыма деген қызығушылығым артып, алған тәжірибемді ары қарай толықтыра түскім келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет