195
бейнелейтін тектік ұғымға айналады. Алла тағала адамды табиғаттан жаратқан және оған
өзіндік мағына мен рух берген.
Жақсы адам - рухани бай адам. Осындай мұрат тұтатын адам туралы қазақтанушы Қ.
Жарықбаев ойларын былай түйіндейді: "Ақылды адам өзіндік ойы,
өзіндік мақсаты,
өзіндік бағыты бар, кез келгеннің жетегіне еріп кетпейді. Салқынқандылық, тұрақтылық,
мінезділік - адамға ауадай қажет. "Қайда жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста", "Адам болу
үшін ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек", "Байсалдылық - ізгі қасиет". Адамның
осындай жақсы қасиеттерін тізбектей келе, жұртты жаман мінез, жат қылықтан
жирендіреді. ("Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жетпейді", "Топасқа қылығы да
қырсық болып жабысады", "Ұятсыздан үйдей пәле шығады"). Адамға төмендегідей
қылықтар, атап айтқанда - өтірік айтып, дандайсу,
ішкілікке салыну, нәпсіге құмарту,
іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, босқа күйіп-пісіп, ашушаң болу,
адамның өзін-өзі ұстай алмауы және тағы басқалары еш уақытта опа бермейді. Ақылды
адам бұларды бойына дарытпау үшін ылғи қам жеп, сақ жүреді. Жақсы адам ылғи да жеке
басымен қоса, отбасының да берекесін ойлап жүреді. Бақытты болу, асыл мұратқа жету
жақсы қасиеттерсіз жүзеге аспайды. ("Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бак та, бақыт та
қонбайды"). Ал бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Кісі - өз бақытының қожасы.
Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, оз бойына адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс.
Адам өзінің ақыл-парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі керек, яғни өз көңіл-
күйінің де қожасы болсын, солғын, қораш сезімді адам - бұл әлде де болса тәрбиесі
жетіспеген адам. ("Жан ұшырушылық - топас адамның белгісі", "Ашу шақыру - ақылға
нұқсан келтіреді", "Ақылдылық ашумен бірге жүрмейді".
Этиканың зерттеу нысаны "әдеп" ұғымы арнаулы
әдебиетте бірнеше мағынада
қолданылады. Әдеп - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды
білдіретін ұғым. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік
талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байланысты. Бүл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі
бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық
белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы
арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары
емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Қазіргі заманғы
ғылым әдептің қалыптасуына эсер еткен үш басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық
қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тыйым
салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүрлік әдеп
құрастырады. Егер соқыр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де
алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді.
Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары
алмастырды. Алайда бұдан көне әдеп жоғалып кетті деген ой тумайды.
Себебі көне
мәдениет казіргі ұлттық мәдениеттің архетипі кызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық
әдеп жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына
сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.
Қазақ философиясындағы әдеп мәселесіне қатысты әлі де мағынасы терең ашылмаған,
зерттеуді қажет ететін ұғымға "кісі" жағады. Бұл ұғым туралы сан алуан түсіндірмелер
бар. "Қазақ даласының ойшылдары (XIII-XV ғасырлар)" кітабының авторлары
ортағасырлық түркі ойшылдары мен хакім Абай да адамның теріс қылықтарына сай "кісі"
деген ұғым қолданды дейді де, мынадай қорытындыға келеді: "...әдетте, хакім де пендені
адамнан бөліп алады да, оны адам қатарына жатқызбай, ол туралы тек "кісі" деген ғана
ұғымды қолданады" . Алайда "кісі" ұғымы жақсы адамды бейнелеуге де қолданылады.
Қазақтың "кісі болар баланың кісілерде ісі бар, кісі болмас баланың кісілерде несі бар"
196
деген мақалын еске алайық. Немесе халық: "Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі" дейді.
Семантикалық жағынан алғанда "адам" мен "кісі" синонимдер
іспеттес және қазақ
дүниетанымына тән сннкретизмнің көрінісі (Тәңірі, Құдай, Алла сияқты). "Адам" -
мұсылмандық мәдениеттен келсе, "кісі" - түркілік атау. Абай бойынша, жақсы кісіде үш
қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек болу керек делінеді. Адамгершілік
құндылықтары қашанда кісілік қасиеттерде көрініс табады. "Кішілік пен кісілік -
ұлылықтың белгісі", - деген Махмұт Қашқари.
"Кісілік қасиеттер" ұғымы Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Т. Ғабитовтардың "Әдеп
негіздері" атты кітабында арнаулы талқыланған: Қазақ тілінде "кісі" - адам деген ұғымның
мәнді бір атауы, ал "кісілік", "адамгершілік" дегендер ауқымы кең ұғымды білдіреді.
Халықтық атауда кісі атауы кез келген адамға берілмейді. Мәселен, тілі шықпаған баланы,
жан дүниесі күйзеліске ұшыраған кем ақылды, өзіндік бағыт-бағдары жоқ адамдарды да
"кісі" деп айту қиын. Кісілік өзіндік іс-әрекеті, мінез-құлқы орнықты, өзге адамдармен
қалыпты қатынас жасауды білдіретін адамға тән атау. Кісілігі бар адамның мінезінде
ұнамды қасиеттер аз болмайды. Ол
ақыл тоқтатып, жұртқа өнегелі сөз айтып, өзгені де
тыңдай білетін адам. Кісілігі бар адам бір істі бастаса, оны аяғына дейін жеткізіп,
тындыруы тиіс. Оның әрбір қимыл-қозғалысы, әрекеті діттеген мақсатына бағытталып
отырады.
31
Байқап отырғанымыздай, жоғарыдағы мәтінде "адам" мен "кісі" синонимдер сипатында
қолданылады. Жүсіп Баласағұн "кісі - адам" мен "кісі - киікті" ажыратқан.
Бұл қисын
бойынша, тек әдепті кісі ғана адам бола алады.
Кісіні көрсең, есікке,
Жүгіре шық кешікпе.
Қарсы алмасаң мейманды,
Кесір болар нәсіпке," -
депті, Үмбетай жырау.
32
Біздің пайымдауымызша, "адам", "тұлға" тәрізді ұғымдармен салыстырғанда "кісі" қазақ
мәдениеті өрісінде экзистенциалдық мазмұны айқын түсінікке жатады. Кісінің басты
кісілігі оның басқалармен қарым-қатынастың субъектісі деңгейіне көтерілуімен көрініс
табады, көпшіліктің назарын өзіне қарата алады. Бұл үшін ол "жарқын жүзді, көңілді,
ыждаһатшыл, жылы, шуақ және жүзі арайлы, игі мақсатты, иманды" болуы қажет.
Керісінше, кісілігі жоқ адам "қара бет, суық, көк бет, қалың бет, т.т." болып келеді . Ондай
кісіге қарап көңілің толмайды, көншімейді.
Кісілік қасиеттер әл-Фарабидің "Қайырымды қала" ілімінде арнаулы қарастырылады.
Оның пікірінше, кісілік белгілер, әсіресе, елбасыға тән болуы қажет.
Осындай кісіге
қойылатын талаптар: "Біріншіден, бұл кісінің мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс:
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес
ұғып алатын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және
ойына түйгеннің бәрін айдан анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт; өнер-білімге
құштар болуы, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен
қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болуы керек; тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат
31
Достарыңызбен бөлісу: