Сұрақ. Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық
комплекс жағы арасында байланыс бар ма?
Байланыс болса,
оның сипаты қандай?
Жауап.
Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық
комплекс жағы арасында, әрине, байланыс бар.
Егер олардың
арасында ешбір байланыс болмаса,
кез-келген дыбыстар
жиынтығы сөз бола берер еді ғой, жаңағы бала, келмеген деген
сөздер белгілі дыбыстар жиынтығынан және ол дыбыстардың
белгілі бір тәртіппен орналасуынан жасалып тұр.
Ондағы ды-
быстарды абла немесе лаба немесе лбаа, т. б.
етіп қосқаннан
сөз жасалмайды. Бұның өзі лексикалық единица ретіндегі сөз,
оның білдіретін мағынасы мен сыртқы дыбыстық қабыршағы
арасында белгілі бір байланыс бар екенін көрсетеді.
Бірақ ол
байланыс - табиғи байланыс емес. Өйткені дыбыстар жеке
түрғанда, ешбір мәнге ие бола алмайды б, а, л, а, дегеннің
әрқайсысынан ең бір мән туып түрған жоқ.
Сондықтан да
белгілі жастағы адам мәніндегі бала сөзінің магынасы сол төрт
дыбыс білдіретін мәннен қүралып түрған жоқ (жеке дыбыста
мән жоқ). Тілімізде біркелкі дыбыстар жиынтығынан түратын,
тіпті бірдей дыбысталатын сөздердің
мағыналары әр уақытта
бірдей бола бермеуі, лексикалық омонимдер - осының дәлелі.
Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: