жалғауларды екі топқа бөліп, атау, ілік, табысты грамматикалық
септік, барыс, жатыс, шығысты (және кемектесті) көлемдік
септіктер деп жіктеу дәстүрі бар (Д. - СТЯ, 153). Э. В. Севортян
түркі тілдеріндегі септік жалғауларын грамматикалық септік
(негізгі, ілік, барыс-бағыттық, табыс) және көлемдік септік
(барыс-бағыттық, жатыс, шығыс) тобына бөлу, бір жағынан,
шартты болып, олай бөлуден бас тартуға да болатынын айта
келіп, ол екі топтағы септік жалғау түрлері кейде сәйкес келе
берсе де, мысалы, барыс-бағыттық (дательно-направительный)
септік әрі грамматикалық әрі көлемдік септік қатарында бірдей
жүрсе де, сондай-ақ басқа септік түрлерінде де мүндай қасиет
байқалып отырса да, әсіресе негізгі (основной) септік сөйлеу
тілде барлық септік түлғаларының орнына жүре берсе де,
септік категориясын бүндай екі топқа грамматикалық және
көлемдік септік деп бөлудің ғылыми негізі бар екенін көрсетеді
(ИСГТЯ, 45). Айта кету керек, ғалым негізгі септік деген үғымға
атау септіктен басқа, жоғарыда көрсетілгендей, зат есімнің түбір
түлғасын да, басқа септік түлғаларының түсіп қалып, жасырын
түрған қолданыстарының бәрін де енгізген. Бірақ олардың бәрін
бір септік түлғасының шеңберіне зорлап сыйғызуға болмай-
ды. Атау септігі арнайы грамматикалық түлғалық көрсеткіші
болмаса да, өзіндік мәні мен мағынасына, сөилемде атқаратын
қызметіне байланысты зат есімнің түбір түлғасынан да, басқа
септік жалғаулардың тасаланып, түсіп қалған түлғасынан да
өзгеше, басқа септік түрлерімен тепе-тең грамматикалық түлға,
септіктің бір түрі жоғарыда аитылып талданды.
Достарыңызбен бөлісу: